«Егемен Қазақстан» газетінің пікірінше, Парламент депутаттарының «өмірдің барлық саласын қамтып, біле беруі мүмкін емес. Мәселен, мүгедек жандар қоғамына арналған заң жобасы түссе, олардың арасында болып көрмеген, проблемасымен жете таныс емес депутаттар біліктілік таныта алмауы мүмкін. Ал сондай заң жобасына үкіметтік емес ұйымдардың мамандары қатысса, олар заң жобасын жетілдіруге өз үлестерін қосар еді», дейді «Егемен Қазақстан» тілшісі Қоғамдық сарапшылар палатасының маңызына тоқтала отырып.
Алайда, «Айқын» газетінің тілшісі «Үшінші палата» үмітті ақтай ала ма?» атты мақалада жаңа құрылымның жұмысына қатысты өзінің бірнеше күдігі бар екендігін жасырмайды. «Біріншіден, «үшінші палата» қарап, тиісті сараптамалар жасайтын заң жобалары тек әлеуметтік саламен ғана шектеліп отыр. Екіншіден, «Үшінші палата» Парламент мәжілісі бюросының «ашса, алақанында, жұмса, жұдырығында» болады екен, дейді журналист. Себебі, «оны құру, қайта ұйымдастыру, тарату – бәрі де бюроның құзырында. Палатаны басқаратын төрағаны да сол бюро тағайындайды. Ал төраға өз кезегінде Мәжіліс бюросының алдында есеп беріп тұруы тиіс», деп жазады газет тілшісі. Сонымен бірге, оның айтуынша, «қоғамдық палатаның шешімдері жай ғана нұсқамалық сипатта болады екен. Яғни, болжамдар есебінде қабылданады». Сондықтан, «оның өкілеттігін біршама кеңейтпей, ол күткен үмітті ақтай қояр ма екен? Ол Мәжілістің әлеуметтік мәселелер жөніндегі көмекшілер бөлімі ғана болып қалмай ма?» деген сауалдар тастайды «Айқын» газетінің тілшісі.
Заң қабылдауда бұл палатаның таза, кеңес беру сипатында ғана қалатындығын «Литер» газеті де жазады. Дегенмен, оны бәрібір мемлекеттік органға айналдыру мүмкін емес, себебі, бұл Конституцияға қайшы келеді дейді газет тілшісі. Ал оны дербес, ең алдымен парламенттен тәуелсіз ету керек екені рас, бірақ іс жүзінде керісінше шыққандығын, айталық, қоғамдық сарашылар құрылымын депутат басқаратындығын жазады «Литер» басылымы.
Ал «Қоғамдық ой палатасы» деген мақалада «Экспресс К» газеті бұл ретте бірнеше депутаттың пікірін келтіреді. Мысалы, депутат Амангелді Таспихов «жалпы алғанда, үкіметтің алдына жата қалмауы үшін депутаттарға да осындай қоғамдық бақылау керек» дейді. Депутат Болат Әбішов болса, үшінші палатаның тәуелсіз болатындығына күмән келтірген. «Пікір алуандылығы билікке жақын өкілдер деңгейіне дейін тарылады. Сол арқылы түрлі көзқарастағы адамдар жұмыс істейтін, жалпы халық сайлаған парламентке бір пікірлі палата қарсы қойылатын болады», деген депутат Әбішевтің пікірі келтіріледі «Экспресс К» газетінде. Мәжіліс спикері Орал Мұхамеджанов болашақта бұл палатаның құзыры кеңейтіліп, тіпті «Қоғамдық палата туралы» заңның қабылдануы мүмкін екендігін айтқан.
Сонымен бірге газет Өскемен қаласында түрлі партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық қозғалыстар, ақсақалдар кеңесі және кәсіподақ ұйым өкілдерінен құралған Қоғамдық Кеңес құрылғанын хабарлайды. «Олардың бәрі бір ғана игі мақсатты көздейді - демократияны дамыту, Қазақстанның саяси жүйесін президент жолдауы аясында модернизациялау», дейді газет тілшісі. Олар кеңесте Шығыс Қазақстан облысы әкіміне ұсыныстар әзірлейді. «Мысалы, түнде Ресей телеарналарынан түрлі ұятсыз көріністерді көрсетпеу үшін Ресей президентіне өтініш білдіру туралы ұсыныс айтылды. Сонымен бірге, кім және неліктен әнші Борис Моисеевті Өскеменге шақырды деген сауал да моральдық жағынан мығым қоғам өкілдеріне маза бермей отыр», деп жазады «Экспресс К» газеті.
Азаматтық қоғам өкілдерінің сот ісіне де араласа бастағанын, дәлірек айтқанда, Ақсуда өткен төралқа сотының жаттығу жұмысына қатысқандығы жөнінде жазады «Казахстанская правда» газеті. Газеттің хабарлауына қарағанда, «төреші, процеске қатысушылар мен куәгерлер ролін прокурор қызметкерлері ойнапты. Ал процесс шынайы шығуы үшін төралқа сот мүшелері ретінде Ақсудың азаматтары шақырылған». Мұндай ойын алда Павлодар қаласында да өткізілмек. Оның мақсаты – келесі жылы Қазақстанда алғаш енгізілетін төралқа соты бойынша алдын-ала тәжірибе жинақтау екендігін жазады «Казахстанская правда» газеті.