«Үй бұзудың әлегі көп» деген «Айқын» газетіндегі мақалада «Алматыда көп қабатты пәтерлерді салуға байланысты үй бұзу жұмыстары қарқын ала бастағаны» баяналады. Бұл Алматы қаласының тұрғын үйлерге қатысты қабылданған Бас бағдарламасы аясында жүзеге асуда екен. «Айқын» газеті келтірген деректерге жүгінсек, 2003-2004 жылдары Алматыда 500-ге жуық үй бұзылған екен. Мұндай жағдай қала өмірінде бұрын-соңды болмаған. Ал «соңғы екі жылды сөз етсек, үй бұзу тіпті көбейіп кетті. Жоғарыда келтірілген мәлімет бірнеше есеге көбейді деген сөз», дейді газет тілшісі. Ол өз мақаласында бұл ретте түрлі дау-дамайлардың да көп екендігіне тоқталады. Мысалы, сотта үй бұзуға қатысты туындаған 600-ге жуық іс жатқан көрінеді.
Дегенмен, баспаналары құлатылатын азаматтардың сотқа жүгінуден өзге де тәсілдерді пайдаланатындықтарын хабарлайды қайтадан «Республика» атымен жарық көре бастаған оппозициялық басылым. «Берілме, Шаңырақ!» деп айғайлады пикетшілер» деген тілші репортажында «Шаңырақ» мөлтек ауданы тұрғындарының үйлерді құлатуға келген жергілікті билік өкілдеріне қалай қарсыласқандары суреттеледі. Газет тілшісінің айтуынша, ертесінде қарсылық танытқан «Шаңырақтың» 9 белсендісі әкімшілік жауапқа тартылған. «Басқа тұрғындар болса, құлатылған үйлерді қайта көтеріп алды. Ал билік қалған үйлерді қайтіп алып тастайтындығын әзірге өзі де білмейді», деп жазады «Республика» басылымының тілшісі.
«Құлатылатын үйлерге қатысты дау-адамайлардың орын алуына екі жақта кінәлі болып жатады», дейді «Айқын» газеті. «Құрылыс компаниялары жылжымайтын мүлікті дұрыс бағаламай немесе ақшаны уақытында бермей жатады. Соның салдарынан үй босатып берген адам сан соғып қалады. Себебі, қаладағы үйдің бағасы жылдан-жылға қымбаттап отыр. Сол себепті, адамдар келісім-шартта ақшаны кешіктірмей беру туралы баптың бар-жоғына мұқият болғандары абзал», дейді мақала авторы. Осы газеттегі «Тұрғын үй бағасының әлемде және Ресейде түсуі Қазақстанға әсер ете ме?» деген мақалада экономист Нұрлан Бексейіт «Қазақстанда үй бағасы жалақыдан әлдеқайда жылдам өсіп тұрғанын» айтады. «Еуропада үйдің үш бөлмелі пәтері 200 мың еуро болса, Алматыдағы баға да сол шамаға келіп қалды», дейді маман. Оның деерктеріне қарағанда, егер Еуропадағы орташа айлық мың жарым еуро болса, байырғы Еуроаймақ елдеріндегі орташа айлық шамамен 2800 еуро, ал Қазақстанда орташа жалақы 300 еуродан да аспайды. «Қысқасы, мүмкіндік пен баға арасында үлкен сәйкессіздік бар» дей келіп, сарапшы тұрғын үй нарқы түспей қоймайды дейді.
Бұл тақырыпты «Литер» газеті де жалғастырады. Мәселен, депутат Шаймерден Оразалиновтің сөзіне қарағанда, «Қазақстанда бір жарым жылдай жылжымайтын мүлік бағасы айтарлықтай жоғары болып тұрады, одан кейін ол төмендей бастайды. Себебі, бұл уақытқа дейін екінші деңгейдегі базардағы баспаналар лимиті толық таусылады. Бұл жаңа үйлерле деген сұранысты арттырады. Бәскелекстік жағдайында құрылыс компаниялары өткізу базары мен тұтынушылар іздеп, бағаны түсіруге мәжбүр болады», - дейді Парламент депутаты Оразалинов «Литер» газетінде.
Ал «Экспресс К» газеті Алматы қаласында мемлекеттік бағдарламамен көп қабатты тұрғын үйлердің қарқынды түрде салынып жатқандығын және оны үкімет басшысының өзі қадағалап отырғанын хабарлайды. Мысалы, Райымбек даңғылында ипотекалық несие жүйесі арқылы берілетін 24 қабатты үйді премьер-министрдің өзі барып көрген. Бұл жайлы үйдің жалпы құны 3 миллиард теңгеден асады екен.
Алайда, мемлекеттік тұрғын үйлердің әркез әділетті түрде бөлінбейтіндігі «Айна плюс» газетіндегі «Пара үшін ипотека» деген көкшетаулық жас маманадрдың хатында сөз болады. Онда әр шаршы метрі 180 долларлық бұл үйлер үшін берілетін жасырын пара мөлшері 500-ден 5 мың долларға дейін жеткен.
«Новое поколение» газеті ескі үйлерді жаңарту және орташа табыстағы адамдарға арналаған үйлер салу мәселесін шешудің бір жолы Астанада қолға алына бастағанын сөз етеді. Соңғы үш жылда қаладағы 6 үйге қосымша қабаттар тұрғызылған. Яғни, бұл үйлерді құлатуға, оның негізін қалап, коммуналдық желістер салуға кететін шығындарды болдырмайды, соның арқасында үй бағасын орташа деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік беріледі дейді газет тілшісі.