Онда ол Қытай Мемлекеттік кеңесінің премьері Вэн Цзябаомен, мемлекттік кеңес мүшесі Тан Цзясюанмен, Қытай Сыртқы естер министрі Ли Чжаосинмен кездеседі деді сейсенбі күні «Азаттық» радиосына Сыртқы істер министрілігінің өз аты-жөнін айтудан бас тартқан баспасөз қызметкері.
- Халықаралық және аймақтық кең көлемедегі мәселелер бойынша пікіралмасу, талқылаулар өтеді. Саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық жағдайы мен преспективалары және екі елдің көпжақты форматтағы байланыстары сөз болады, деді Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің өкілі.
Саясаттанушы Әзімбай ҒАЛИ Қазақстанның Қытаймен қарым-қатынасын нығайта түсуі экономикалық тарапта тиімді деген ой айтады.
- Бұл бағытта Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты өте дұрыс деп есептеймін: Қытайды Қазақстанға мұнай арқылы байлап қою, баламалы мұнай маршруттарын жасау, реті келсе газ маршруттарын жасау, яғни, Қазақстанның мүдделерін Қытайдың мүдделерімен байланыстыру. Бұл, әрине, Ресейдің де, АҚШ-тың да наразылығын тудырады. Бірақ біз қалай боғланда да, бір мемлекетке байланбауымыз керек.
Ал профессор Хасен ӘДІБАЕВ Қытаймен қарым-қатынаста абай болған жөн деп есептейді. Ол бергі экономикалық қарым-қатынастың артында үлкен геосаяси мүдделер жатуы мүмкін деген пікір білдіреді.
- Қытай саясатының бір ерекшелігі: олар экономикалық байланыс үшін ақшаны аямайды. Бірақ, тарихтың дамуы үлкен бір шындықты дәлелдеген: үлкен мемлекетпен экономикалық, саяси, мәдени байланыстар, басында екі елге де бірдей тиімді көрінгенімен, бара-бара шағын мемлекетке зиянды, ұлы мемлекетке пайдалы болып кетуі әбден мүмкін. Мысалы, Қытаймен қарым-қатынас қазір пайдалы көрінуі мүмкін. Алайда, олардың 1 миллиард 300 мың халқы бар екенін ескерсек, біз олардың шағына ауданындай ғанамыз. Сондықтан, бұл елмен қарым-қатынаста сақ, байыпты болған жөн, - дейді профессор.
Жалпы, Қытай халық республикасы - Қазақстанның сауда-саттық саласындағы басты серіктестерінің бір болып есептеледі. Былтырғы жылы екі ел арасындағы сауда айналымы бойынша екі ел басшылары алдында қойылған міндеттер мерзімінен бұрын орындалып, оның көлемі 5 миллиард АҚШ долларынан асып кеткенін айтқан Қазақстандағы Қытай елшілігінің қызметкері Айджі ЧЕН.
Қытайда туып өскен кәсіпкер Алмас АХМЕТБЕКОВ болса, екі ел арасындағы шынайы сауда айналымы ресми көрсеткіштерден әлдеқайда үлкен дейді:
- Туристік сапарларды және кеденшілердің «белгілі» жағдайын ескерсек, бұл көрсеткіш екі немесе үш есе артық болуы мүмкін. Яғни, 10-15 миллиард доллар. Ал осындай кең көлемдегі сауда байланысының кері әсерінің болу-болмауы біздің мемлекетіміздің саясатының осы жағдайға икемделе білуінде.
Ал Қазақстанның Қытайдағы бұрынғы елшісі Мұрат ӘУЕЗОВ екі елдің қарым-қатынасында, әсіресе мұнай саласындағы ортақ жобаларда күңгірт тұстар жеткілікті дейді:
- Қытай қазір күш салып, тоқтамастан Қазақстанға еніп келе жатыр. Соған көптеген әдістер тауып отыр. Мысалы, соның ішінде - мұнай мен газ. Ақтөбеден салынған мұнай құбырларын кім салғанын, онда қытай қанша, қазағы қанша, қандай тәртіппен жұмыс істейді дегенде жауап таба алмадық. Сондықтан, күдік туады. Сонан кейін үрей туады.
Қазақстан мен Қытай сауда-саттық қарым-қатынасы негізінен тауар әкелу, яғни, импортқа құрылған. Мәселен, 2005-ші жылдың алғашқы жартысында-ақ Қытайдан тауар әкелу 46 пайызға артқан. Алайда, соңғы кездері Қытай Қазақстандағы мұнай кеніштерін игеру ауқымын да кеңейте түскені мәлім.