Міне, байқалған осындай жайттарға байланысты, сот Умаровқа кесілген түрме жазасын үш жылдай мерзімге азайтты. Осы сотқа қатысқан Халықаралық адам хұқтары тобының мүшесі Андреа Берг «Азаттық» радиосына Ташкенттен берген сұхбатында былай деді:
- Оған он жарым жыл түрме жазасы кесілген-ді, содан соң автоматты түрде рақымшылық жасалып, осы мерзімінің төрттен бірі қысқартылды. Сөйтіп, ақыр соңында оған жеті жыл, сегіз ай түрме жазасы берілді.
Наурыздың алтысы күні Умаровқа экономикалық қылмыстар жасады, қаржыны талан-таражға салды, салықтан жалтарды деген сияқты айыптар тағылып, 11 жылға жуық түрме жазасы кесілген болатын. Сондай-ақ сот оған 8 миллион доллардай айыппұл төлеу туралы да үкім шығарып, абақтыдан босаған соң да үш жылға дейін Өзбекстанда кәсіпкерлікпен айналысуға тиым салған.
Умаров өзінің айыбы жоқ екенін айтып, қорғанған. Оның адвокаты Виталий Красиловский Умаровтың айыбы ешқандай деректермен дәлелденген жоқ деп айтты. Умаровтың қолдаушылары мен адам хұқтарының өкілдері оған тағылып отырған айыптардың саяси астары бар деп мәлімдейді.
Берг өзінің сөзінде Умаровтың денсаулығына байланысты қатты алаңдап отырғандарын айтып, Умаровтың мінез-құлқы өздеріне біртүрлі ерсілеу көрінгенін алға тартты. Адам хұқтарының белсенділері бұдан бұрын да Умаровқа психотроптық әсері бар дәрі егілген болуы мүмкін деп дабыл қаққан болатын.
- Соңғы рет 6-наурызда біз ол отырған камераға кіргенімізде ол бәрімізбен амандасып, туыстарымен, қорғаушысымен сөйлескен болатын. Мінез-құлқында өзгешелік байқалмаған. Ал бүгін ол біртүрлі көрінді бізге, ол жерден басын көтермей, тек төмен қарап отырды. Ол ешкіммен амандаспады, бірде күліп, бірде жылап отырды, - дейді Берг.
Ташкенттегі Адам хұқтары бастамалары орталығының жетекшісі Сурат Икрамов қаңтар айында осы сот процесі басталғаннан бері бақылап келе жатқандықтан, Умаровтың мінез-құлқында түсініксіз өзгерістердің бар екендігін айтады. Умаровтың адвокатының шағымы бойынша оның денсаулығы тексеріліп, қан қысымының жоғарылауы және жүрегі ауырғаны себепті ол ем қабылдаған деген Икрамов, сотталушыға оның ері-жігерін тежейтін екпелер салынған болуы ықтимал деп ойлайтынын да айтқан.
- Біздің көбіміз мұнда қандай да бір психотроптық дәрілер қолданылған деп ойлаймыз. Өзбекстанда ондай тәжірибе бар. Ол тым селқос, бейжай болып қалған. Оған қарап тұрып біртүрлі жаныңыз ашиды, жүрегіңіз ауырады.
Мұнай және мақта кәсіпкерлігімен айналысып жүрген 50 жастағы табысты бизнесмен Санжар Умаров 2005 жылы сәуірде «Күншуақты Өзбекстан» қозғалысы құрылған кезден бастап оған жетекшілік еткен еді. Умаровтың қозғалысы президент Ислам Кәрімовті үкіметті таратып, экономикалық реформалар жүргізетін жаңа үкімет құруға шақырған бастамалар көтерген болатын. Өткен жылдың мамыр айында Әндіжандағы халық шеруіне қарсы үкіметтік күштер қару қолданып, қантөгіспен басқан соң, «Күншуақты Өзбекстан» коалициясы биліктің мұндай әрекеттерін сынға алды. Олар АҚШ пен Европа одағынан Адам хұқтарын қорғаушылар «Әндіжан қырғыны» деп атаған оқиғаның тәуелсіз жағдайда тергеліп-тексерілуін талап етті. Өзбек үкіметі болса, бұл толқуды басу кезінде, көбі шетелдік терроршылар болған 187 адам қаза тапты деп мәлімдеп келеді.
Ал адам хұқтарын қорғаушылар Әндіжанда қаза болған бейбіт адамдар саны бірнеше жүзге жетеді дейді. Умаров Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа хат жолдап, Ресеймен қатаңырақ қарым-қатынасқа шақырып, Өзбекстанда саяси дағдарыс орын алып отырғанын және оны шешу жолдарын іздестіретіндігін жазған еді. Алайда ол мақсатын жүзеге асыра алмады. Ол АҚШ-қа барып келгеннен кейін, қазан айының аяқ кезінде экономикалық тұрғыдағы айыптармен ұсталды. Өзбек билігі «Күншуақты Өзбекстан» қозғалысының тағы бір мүшесі Нодира Қудаятованы да тұтқындап, оны да экономикалық айыптармен қаралап, 10 жылға бас бостандығынан айырды.
Санжар Умаровтың қорғаушысы енді Жоғарғы сотқа шағымданатындығын айтады.