Түркіменстан халқының көпшілігі Құрбанбүбі Атажанованы ең қатал басшы деп қабылдайтын. Теледидарға шықса болды бас прокурор Құрбанбүбі Атажанова тағы да бір ресми өкілді әшкерелеп, бұл кісі пәлен нәрсені жеді-алды-ұрлады деп жерден алып жерге салатын. Мәселен, тамыз айында теледидарға бір шыққан Құрбанбүбі Атажанова "Түркіменнефть" мұнай компаниясының бұрынғы басшысы Сапармұрат Валиевтің қылмыстарын былай тізіп шыққан еді:
- Бүгінгі күнге шейін Валиевке тиесілі 21 үй мен 20 шетел мәшинесін тәркіледік. Үйіндегі сегіз сейфтен барлығы тоғыз жарым миллион доллар жеке ақшасын алдық. Мұның сыртында бір миллион доллар, 560 миллион манат және алты заңсыз сақталған қару таптық.
Араға тоғыз ай салып Құрбанбүбі Атажанова халық алдына мүлдем басқаша күйде шықты. Дүйсенбі күні кешке теледидардан көрінген Құрбанбүбі Атажанова екі көзінен жасы көлдей ағып, дүниедегі барлық қылмысын мойындап, тіпті жер жыртайын, мені түрмеге салмаңдаршы деп зар иледі:
- Мен көп нәрсеге айыптымын. Мұнда айтылғанның барлығымен келісемін. Мен ештеңе айта алмаймын. Биік сердарым, халқыңыздан, біздің халқымыздан, барлық еңбек адамдарынан өтінемін. Кешіріңіздер мені! Менім үш қызым бар, бірақ бірде бір ұлым жоқ. Аяңыздар мені! Бас бостандығымнан айырмаңыздаршы. Өмірімнің соңына шейін саясатыңызбен өмір сүретін боламын, сіздің жолыңызбен жүремін, жұмысымды адал атқаратын боламын.
Құрбанбүбі Атажанова доллармен миллиондап, мал басымен мыңдап пара алған едім деп міне мойындап отыр. Үкімет жиналысында президент Сапармұрад Ниязовтың алдына жығылған Құрбанбүбі Атажанова өзі тасын қаласқан жүйенің құрбанына айналды. Осыдан бірнеше апта бұрын ғана Құрбанбүбі Атажанова 58 жасында "денсаулығына байланысты" деп зейнетке шығарылған еді, үкімет жиналысында оған рахмет айтылған. Ал осы жолы президент Ниязов кешегі бас прокурорға мүлдем басқа сөз айтты:
- Бас прокурордың қызметі жайында күдік алты ай бұрын пайда болған еді. Бірнеше іс сергелдеңге салынған сияқты. Ол өзі заңды талай рет бұзған. Өзінің арнайы тергеушілері болған, төрт не бес адам. Олар дұрыстап таңдап алынған, ойға келмейтін шаруаларды атқаруға оларға бұйрық беріліп тұрған. Олар параны ашықтан ашық ала бастаған.
Құрбанбүбі Атажанова осылайша миллиондаған доллармен пара алды, ресми өкілдерден тәркіленген ақшаны ұрлады деп айыпталды. Құрбанбүбі Атажанованың бір өз басында 25 мәшине, 36 үй, мыңдаған қара және ұсақ мал бар деп жарияланды. Президент Ниязов Құрбанбүбі Атажанова тіпті прокуроратура қызметін ертерек кезде енді бастағанда пара алған деп айптады. Президент Ниязов Құрбанбүбі Атажанованың сыртында заң жүйесінде істеп, пара алып жүрген басқа адамдар туралы мәлімет бар деп айтты.