Бұл күнде Вашингтонда Иранның ядролық бағдарламасы төңірегінде айтылып жатқан пікір-көзқарастардың соңы АҚШ-тың Иранның ол бағдарламасын тоқтату керек деген қатаң шешіміне келіп тіреліп тұрғаны аян.
Әзірбайжан елінің 300 шақырымдай шекарасы Иранмен шектесіп жатыр және Әзірбайжанның қазіргі таңда АҚШ-пен одақтас екендігі белгілі. Сол себепті де сәрсенбі күні кешкісін АҚШ астанасында Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дағдарыста Бакудың атқарар ролі қандай болмақ деген мәселе көтерілді.
Әлиев Әзірбайжан АҚШ-пен Ираққа шабуыл басталған уақыттан бері одақтас болып келеді деп атап көрсетіп, өз үкіметінің коалиция жасақтары қатарына әскер жібергенін айтты. Бірақ олар тек жүргізушілер ғана емес еді деген әзілді де қосып қойды. Осылай дегенімен де, Әлиев АҚШ-ң Иранға қарсы қандай да бір жаулық әрекетіне көмектесе алмаймын деп айтты.
- Біздің Иранмен екіжақты келісімдеріміз бар, онда екі тараптың да жері осы екі елдің қайсы біріне бағытталған қатерлі шабуылдар үшін пайдаланылмайды деп анық жазылған. Міне, бұл айқын және біздің қарым-қатынастарымыз халықаралық келісімдермен реттеледі, - деген ол.
Вашингтонды Әзірбайжандағы демократиялық реформалар жағдайы да алаңдатып отырғандай. Жоғарыда айтылғандай, адам хұқтары ұйымдары Әзірбайжанда демократия деңгейі өте төмен деп, АҚШ президентінің Әлиевпен кездесуінде осыған қатты назар аударып, әріптесіне бұл ретте қысым жасауын сұраған болатын. Олар екінші мерзімге президент болып сайланарда Дж.Буштың әлемдегі демократияның дамуына үлес қосамын деген сөздерін есіне салды.
Демократия турасында сұрақ қойылған кезде Әлиев өз елінде бұл тұрғыда жағдайдың жақсы екендігін алға тартып, адамдардың еркіндігі сақталған деп жауап берді. Ол Әзірбайжан өзінің демократиялық инстиуттарын құру бағытында жұмыс жасап жатыр дей келе, мынандай жайтқа назар аударды:
- Сіздер біздің көршілерге қараңыздар. Мен Әзірбайжандағы демократия деңгейі басқа елдерге қарағанда төмен деп ойламаймын. Бұл арада шындық, оны қабылдау. Егер сіз тек қана қабылдауға ғана сенсеңіз, кейбір ақпараттар барлық шындықты көрсетпейді. Егер сіз нақты қай ел және ол қалай дамып жатыр, адамдардың ойы қандай деп қарасаңыз, қабылдауыңыз да өзгеруі мүмкін.
Вашингтонда Әзірбайжан президенті Әлиевке Армениямен арадағы Таулы-Қарабақ төңірегінде жалғасып жатқан дау-дамай туралы да сауалдар қойылды. Бұл ретте Әзірбайжан президенті Таулы-Қарабақ бойынша келіссөздердің "Минск тобы" деп аталатын топқа кіретін Ресей, Франция және АҚШ-тың арағайындық жасаушы өкілдерімен жүргізіліп жатқандығын, ол келіссөздер бірде табысты болса, бірде оның үзіліп қалатындығын айта келіп, бұл дау тұрғысында Армения оны жөнсіз соза береді деп айыптады. Ол Армения үкіметінің қазір саясатшылдықты қойып, іс пен әрекетке көшетін уақыты келді дейді. Европа мен Азия Ресейдің Газпром компаниясының газ саласында кеңеюіне тікелей байланысты. Жылдың басында газдың бағасына байланысты дау-дамай барысында Ресей Украинаға газ жөнелтуді тоқтатпақ болып, тіпті тоқтатып та, бірқатар мәселелердің туындағаны белгілі.
Міне, осы ретте сәрсенбі күні кешкілік Вашингтонда Илхам Әлиевке қойылған қорытынды сұрақ - осы қуат көздері туралы болды. Сауал да «сіз өзіңізді энергия көздеріне бай ұлттың басшысымын деп есептейсіз бе» деген мазмұнда шыққан еді, Әлиев мұндай сөзді бұрын естімегенін айта келіп, күле отырып, былай деп жауап қатты:
- Бізде, Әзірбайжанда, энергиялық интернационализм бар десе болады. Бізде көп елдің өкілдері жұмыс істейді, АҚШ-тан, Британиядан, Европа елдерінен, олардың бәрі де бізбен 1994 жылдан бері өте жақсы, достық жағдайында жұмыс істеп келеді.
Мұнан соң егер президент Буш Әзірбайжандағы демократия мен адам хұқтары туралы есебін қабылдамай, оны қаншалықты уақыт назарға алмаса, сонша уақыт Әзірбайжан да Батысқа қуат көздерін тасымалдаушы болып қала береді деді ол.