"Журналистерді қорғау комитеті" Қазақстандағы "Айна-плюс" тәуелсіз газетінің тілшісі Кенжеғали Айтбақиев соққыға екінші рет жығылып отырғанына зейін қояды. Кенжеғали Айтбақиевты наурыз айында белгісіз азаматтар соққыға жығып кеткен еді, полиция олардың ізін таба алмады. Енді міне, 23 сәуір күні Кенжеғали Айтбақиевты оншақты белгісіз азамат тағы тепкіледі.
Кенжеғали Айтбақиев қазір ауруханада, оның жағдайы ауыр деп хабарланды. "Журналистерді қорғау комитеті" 26 сәуір күні жасаған мәлімдемесінде Кенжеғали Айтбақиевке жасалған шабуылды аса зұлым шабуыл деп сипаттады, шабуылды журналистің кәсіби қызметімен тікелей байланыстырды.
Париж қаласында орналасқан "Шекарасыз репортерлар" ұйымы да осындай мазмұнда мәлімдеме жасағалы отыр. Бұл жайында сәуірдің 27-де "Азаттық" радиосына ұйым өкілі Энабел Арки айтып берді:
- Кенжеғали Айтбақиев жұмыс істейтін "Айна-плюс" газеті оппозициялық газет боп табылады. Қазақстанда шығып жатқан оппозициялық газеттерге өте қиын жағдай жасалғанын білеміз. Назарбаевтың үкіметі тарапынан оппозициялық газеттер үнемі тәркіленіп жатады.
"Шекарасыз репортерлар" ұйымы да, "Журналистерді қорғау комитеті" ұйымы да Кенжеғали Айтбақиев жұмыс істейтін "Айна-плюс" газеті Қазақстан билігі жайында балама ақпарат таратын баспасөз құралы дейді. "Айна-плюс" газетінің өзі бірнеше рет жарыққа шығарылмай тастаған. Алматыда тұратын қарт журналист Мадат Аққозин Қазақстанда сөз бостандығы онсыз да аз еді, тәуелсіз журналистер тіпті қорғаусыз қалды, оларға не заң көмегі, не әлеуметтік көмек жөнімен жасалмайды дейді:
- Кенжеғали Айтбақиев деген азамат екінші рет соққыға жығылып отыр. Ол өзі момын жігіт, адам баласына жамандығы жоқ. Оны не үшін ұрып жүр? Кенжеғалиды соғу – "Айна плюс" газетінің барша ұжымына сес көрсету боп табылады.
"Айна-плюс" газетінің тілшісі екінші рет соққыға жығылып жатқан тұста Алматыда "Еуразиялық медиа-форум" деген халықаралық конференция аяқталған болатын. Қазақстан үкіметі бұл конференцияны бесінші жыл қатарынан өткізді, Қазақстан ресми өкілдері елде сөз бостандығы нақты қамтылған деп келеді. "Азаттық" радиосына конференция барсында берген сұхбатында Қазақстан парламентінің депутаты, журналист Ғадылбек Шалахметов та осылай дейді:
- Үкіметтің де бізде ақпараттары шығады. Сосын бизнестің де өз газеттері бар. Тіпті, оппозиция да, керек болса, қарсы шығатындай радиохабарларды, газеттерді басады. Бәріне түгел. Үш жерден, үш жерге қарап, адамдардың өз еркі болады, түсінеді оны.
Дегенмен, 26 сәуір күні Алматыда тағы бір демократиялық демонстрацияға шыққан адамдар қамауға алынды. Отыз шақты адам Қазақстан қатаң заңын бұзды деп айыпталмау үшін Алматының орталық алаңында үнсіз тұрмақ болды. Оларға полиция тиісіп, арада қақтығыс орын алды. 27 сәуір күні бұл адамдар сотқа тартылды, заңсыз демонстрацияға шықты деп айыпталды. Қазақстан біріккен оппозициясы Шетел бюросының белсендісі Серік Медетбеков "Азаттық" радиосына бейсенбі күні берген сұхбатында бұл екі оқиға президент Назарбаев құрған демократиялық реформа жайындағы жаңа мемлекеттік комиссия жұмыс істеп жатқанда орын алды, демек президент Назарбаев оппозицияны одан ары қорқытқысы келеді дейді:
- Қазақстан үкіметі бүгін қуғын-сүргінді кез-келген жерде, кез-келген уақытта жасап, ұяттан қалды. Алтынбек Сәрсенбайұлын еске аламыз деп алаңда үнсіз тұруға келген 21 адам дереу тұтқынға алынды. Бұл ең үлкен қорлаушылық боп табылады. Бүгінгі күні бұдан асқан масқара жоқ.
Міне, Қазақстанда соңғы күндері демократиялық дамуға қарсы жасалған екі шабуыл жайында "Азаттық" радиосына білдірілген кейбір ой-пікірлер осындай.