«Мұхит асқан мұлықтар» атты «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған Назира Байырбектің көлемді мақаласында 2005-ші жылдың алғашқы 3 айында сот шешімімен шетелдіктерге берілген балалардың саны – 204 болса, биыл осы уақыт аралығында 113 бала шетелге жіберілгендігі жазылыпты. «Жалпы есепке алына бастаған 2000-шы жылдан бері елімізден 4800-ден астам жетім бала шекара асырылып жіберіліпті. Олардың 85 пайызы – Америка Құрама Штаттарында», деп жазады мақала авторы. Оның келтірген деректеріне сүйенсек, егер Қазақстаннан бала әкету 25 мың доллар тұрса, Ресейде ол 70 мың доллардан кем түспейді екен. Мақала барысында шетелге әдетте экономикалық жағдайы төмен елдерден бала шығарылатындығы және жетімдердің ағза мүшелері тұрғысында донорлық мақсатта пайдаланылуы мүмкін екендігі туралы уәж айтылады. Әрі қарай газет тілшісі бала асырап алу шетелдерде қалай жүретіндігіне тоқталады. «Еуропа елдерінің көбі шетел азаматтарының баланы таңдап алуына емес, ата-ананы баланың өзі таңдап алуына мән береді. Ол үшін 14 жасқа дейінгі жетім балаларды шетелдіктерге беруге тиым салынған. Израильде бала тек еврей ұлтының өкіліне беріледі. Сондай-ақ Еуропа елдерінің көпшілігі жетімдерін тек қана христиандықтарға ғана береді», деп жазады Назира Байырбек.
«Айқын» газетінің сенбілік санында Парламент депутаты Ғаділбек Шалахметов Қазақстанда «баланың шетелдіктерге асырауға берілгенін дұрыс» деп есептейді. «Неге дейсіз? Балалар үйіндегі балалардың 90 пайызы – қазақ балалары. Ендеше, «жетім қозы тас бауырларды» өзіміз асырап алуға батылымыз жетпесе, тірі жетімектерді туғаны болмаса да, шаңырақ жылуы, ана алақанын сезінуіне жасанды түрде кедергі болу кімге тиімді?» дейді Парламент депутаты Шалахметов. Оның пікірінше, «Отбасы және неке туралы» заңға өзгерістер енсе, біраз жайттардың беті ашылар еді.
«Әрбір бала отбасында өсуі тиіс», дейді «Казахстанская правда» газеті. «Бұл принцип балаларды қорғау және шетелдіктердің бала асырап алуындағы ынтымақтастық туралы» халықаралық конвенциясында бар. Ал жақында ол ратификациялануы үшін Қазақстан Парламентіне келіп түсті деп жазады «Казахстанская правда» газеті. Қазір бұл заң жобасымен Парламент Мәжілісі айналысуда. Конвенцияға қол қойған мемлекеттер шетелдік асырап алушыларға талап қою ережелерін бекіткен. «Асырап алу тек өкілетті орындардың рұқсатымен ғаан жүзеге аспақ. Сондай-ақ баланың пікірі ескерілетін болады», деп жазады мемлекеттік басылым. Жаңа халықаралық құжаттың талаптары бойынша «өкімет жетімді отбасына бергенде оны басқа мақсаттарға пайдаланып кетуінен сақтау үшін барлық шараларды қолдануы ескерілген». «Казахстанская правда» газеті қазірдің өзінде 5,5 мың бала шетелдерден ата-анасын тапты десе, бүгінде Қазақстанда жалпы саны 100 мыңға жуық бала ата-ананың қамқорлығына зәру дейді «Қазақ әдебиеті». Бірақ газеттің хабарлауынша, мәселен, «АҚШ мемлекет қамқорлығындағы әрбір балаға жыл сайын 13 мың доллар бөлсе, Қазақстанда 300 мың теңге, яғни, жылына әр жетім үшін 2 жарым мың доллардай шығындалады екен.
Ал «Литер» газетінде Қазақстанда қарттар саны артып отырғандығы сөз болады. «Бұрын Қазақстанда қарттар саны 6 пайыз болса, қазір бұл 7,2 пайыздан асып кетті. Ал 7 пайыз - шектік деңгей болып есептеледі, яғни, бұл - ел қартаю алдында, қартайып бара жатқан елдер қатарына жататындығын білдіреді», дейді Қазақстанның статистика жөніндегі агенттік басшысының орынбасары Юрий Шоқаманов. Ол елдің қартаюын туудың азаюымен ғана емес, соңғы кезде байқалған демографиялық өзгерісімен байланыстырады. «Яғни, белгілі-бір кезеңде Қазақстанда адамдар көбірек өмірге келсе, кей кезеңде аз адам туылады», дейді агенттік басшысының төраға орынбасары.
«Экспресс К» газетінде екі қарт апалы-сіңілі әйелдердің Франциядан Қазақстанға көшіп келгелі отырғаны сөз болады. 78 жастағы Арлет пен 73 жастағы Надя Францияда туып-өскен, сол жақта балалары мен немерелері бар. Бірақ олар өткен ғасырдың соңында әкелері туған Қостанай қаласына қайтып келгілері келеді екен. Бұл туралы журналистерге Петропавловскіде тұратын африкандық миссионер Дзенги-Мапеси баяндап беріпті. Сонымен бірге «Экспресс К» газетінде Әділет министрлігі жанынан жақында ғана құрылған дін істері жөніндегі комитет Қазақстандағы қандай да бір діни ағымдардың қауіптілігін анықтап, миссионерлерге олардың құқығын түсіндірмек екендігі айтылады. Комитет қызметкерлері тіркеуді кешеуілдеткен ұйымдарға айыппұл салу тиімсіз көріп отыр екен. «Әсіресе экстремистерге қатысты», дейді газет тілшісі. Оның сөзіне қарағанда, «мысалы, Жоғарғы мүфти адамдарды тәуелді етеді деп сынға алған саентология тек үш облыста заңдастырлып, оккультті-дәстүрлі емес ағым» деп танылған көрінеді. Дін істері жөніндегі комитет болса, діни қызметкерлер мен діни білім беру орталықтарына лицензия беруді жолға қоймақ.