Шада, 1999-шы жылы, екінші баласына жүкті болған кезде, өз еліндегі күйреу мен ашаршылықтан қашып, күйеуі және 1 жастағы қызымен бірге 6 мемлекеттің шекарасын жаяу-жалпы кесіп өтіп, Отанынан сыртқа кетуге мәжбүр болғанын айтады. Ал 2000-шы жылы екі бірдей жас баланың анасы болып үлгерген Шада, ат басын Қазақстанға келіп тірепті.
- Ең алдымен біз Иранға келдік, содан кейін Пәкістан арқылы Ауғанстанға өтіп, одан соң Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан арқылы Қазақстанның Шымкент қаласына жеттік. Одан соң Алматыға табан тіредік. Қаланың ішінде көлікпен жүргенімізбен, шекаралардан өткенде тек жаяу жүрдік. Осы елдерде орналасқан Ирақ елшіліктерінің бір де біреуі бізді ирақтық азамат ретінде таныған жоқ. Себебі, бұл кезде Саддамның билігі жүріп тұрған еді, - дейді Шада.
Ал 2001-ші жылы күйеуі оны балаларымен тастап, кетіп қалады. Сол кезде Шаданың өмірінде келесі бір ауыр кезең басталыпты.
- Көп-көп қиын болды. Сол кезде балалар бірнеше күн бойы ашықты. Қатты ашықтық. 3 ай бойы жалға алған пәтеріміздің ақшасын төлей алмадық. Балаларға бірнеше рет Қазақстандағы балалар қоры сыйлықтар берді. Бірақ, бұл қайырымдылық ұйымдары христиандық болғандықтан, шіркеуге баруымызды талап етті. Біз мұсылман болғандықтан, ондай көмектен бас тарттық. Осыдан кейін жекелеген арабтар бізге аздап қол ұшын бере бастады, - дейді ирақтық Шада.
Бұл кезде оның жас балаларымен ауыр жағдайда өмір сүргенін Алматыдағы адам құқығын қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі бюроның қызметкері Эльфия ЗАИТОВА да растайды:
- Оның мәртебесі де, жағдайы да анықталмаған. Оның өзі де, балалары да қиын жағдайда болды. Сондықтан, біз оның ауыр жағдайын айтып, Мәскеудегі Ирақ консулдығына хабарластық. Олардан ең құрығанда құжаттар алып беруін өтіндік. Бірақ олар алдымен Шаданың туған-туыстары Ирақ Сыртқы істер министрлігіне өтініш беруі керек деп, құжат беруден бас тартты, - дейді халықаралық адам құқығын қорғайтын ұйым өкілі.
Ал Шаданың айтуынша, оның ағалары Нажаф қаласында тұрады екен. Қаладан шығып, Бағдатқа бару қазіргі Ирақтаға қиын жағдайда мүмкін емес дейді ол.
- Бір жолы Бағдатқа жолға шыққан кезде ағамның бірі - басынан, екіншісі аяғынан жарақат алды. Екінші жолы да жарылысқа тап болды. Олар Нажафтан Мәскеудегі консулдыққа телефон шалса, ол жақтағылар Бағдатқа баруларын сұрайды. Сөйтіп, жүргенде екі жыл өтті, - дейді Шада.
Бүгінде жасы 32-ге келген Шаданың Ирақта 7 апа-сіңілісі, 5 аға-інілері бар. Шада алыстағы Отанында қалған өз бауырларының тағдырына да алаңдайды.
- Егер Саддамның уақытында Ирақта тек аштық болса, қазір онда аштық пен ажал бар. Бауырларыммен телефон арқылы сөйлескенде олар айтады: «Біз бүгін ұйықтап жатырмыз, бірақ ертең тірі болатындығымызға кепілдік бере алмаймыз», деп. Бұрын Ирақ халқы Саддам кетсе екен деп армандайтын, бірақ бүгін Саддам кеткенімен, жағдай одан сайын ауырлап кетті. Соғыстың аты –соғыс, - дейді 32 жастағы ирақтық әйел.
Алайда, Шаданы бүгінде Ирақтағы бауырларынан гөрі қасындағы Алматыдағы сәбилерінің болашағы көбірек алаңдатады. Себебі, құжатсыз болғандықтан оның баласы білім алу мүмкіндігінен де айырылып отыр.
- Қазір үлкен қызымның жасы 8-де. Мен оны мектепке бергім келеді. Бірақ, құжатсыз оны қай мектеп қабылдайды? Өзімен жасты басқа балалардың мектепке барғанын көріп, ол «неге басқалар барғанда мен бармаймын?» деп, үнемі жылап, мазасызданады. Ал мен не істерімді білмеймін, - деп шарасыздық танытады Шада.
Алматыда тұрып жатқан Шада Әбду-Раззақ Хамзаның бүгінгі бар арманы – Ирақ азаматы деген төлқұжатқа қол жеткізу. Алайда, ол БҰҰ-ның босқындар жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының Қазақстандағы өкілдігінен ресми босқын мәртебесін тек 5 жыл өткеннен соң, биылғы жылдың сәуір айының 27-сінде алған болатын.