Accessibility links

Президент Буш иммигранттарды жаппай елден шығаруға қарсы болып, АҚШ-Мексика шекарасына әскер орналастыруды ұсынып отыр


Құрама Штаттарда заңсыз иммигранттардың көбеюі саяси сенсация тудырып жатыр. Президент Буштың Республикандық партиясының АҚШ Конгресіндегі көп мүшелері де Америкаға заңсыз келгендерді американдықтардың жұмысын иеленіп, ақша тауып жатыр дей отырып миллиондаған заңсыз иммигрантты жаппай елден шығаруға шақырып отыр. Ал ішінде президент Бушта бар басқалары, отбасын асырау үшін Құрама Штаттарда жұмыс істеп жатқан бұл адамдарға қатысты реакцияның аздап байсалды болуына үндеді. Дүйсенбі күні кешкісін Ақ Үйден телеарна арқылы сөйлеген сөзінде президент Буш тағы да көбірек ұстамды болуға шақырып, бірақ сонымен қатар қаталырақ қадамдарға баратынын да байқатты.

Буштың айтуынша, ол елге ең көп заңсыз иммигранттар еніп жатқан Мексикамен шекарадағы АҚШ-тың шекара қорғаушыларына 6 мың жасақ қосуды жоспарлап отырғанын айтты. Әзірге бұл жаңа әрекеттер орындалғанша, Ұлттық Гвардия әскерінің санын 6 мыңға толықтырамыз деген Буш. Ұлттық Гвардия жасағы әскери одақ ретінде Құрама Штаттардың мемлекеттік үкіметінің бақылауы астында. Ондай одақтардың көбі қазірде Ирақ пен Ауғаныстанда қызмет етіп жатыр. Америкадағы заңсыз иммиграттар яғни босқындардың саны шамамен 12 млн-ға жеткендіктен, осындай қадамдарға баруға мәжбүрміз, деген Буш.

«Ондаған жылдар бойы Құрама Штаттар өз шекарасын толығымен бақылауға алмады. Оның салдарынан, көптеген біздің экономикамызда жұмыс жасағысы келгендер ақырындап біздің шекарамыз арқылы өтіп, миллиондаған адам қалып қойды» - дейді президент Буш.

Буштың айтуынша, Ұлттық Гвардияның әскері шекара қорғаушысы болып жұмыс істемейді, бірақ әшейін бақылау жасау сияқты қолдау көрсету қызметімен қамтамасыз етеді. Дегенмен, олар қаруланып, әскери күштер ретінде АҚШ пен Мексика шекарасын күзетеді.

Президент Буш әскерлердің бұлай орнығуы шекараны жасақтандыру дегенді білдірмейді деп айтқан. Оның сөзіне қарағанда, Құрама Штаттар мен Мексика үкіметтері иммигранттарға қайрылып шекара мәселелерінде есірткі тасымалы мен басқа да қылмыстарды қоса отырып біріге жұмыс жасайтын болады. Конгрестің қарауына берілген ұсыныстардың бірінде, бүгінде Американың өміріне өз үлестерін қосып, отбасыларымен осы жерде тұрып жатқан көптеген заңсыз көшіп келушілерге азаматтық беру мүмкіндігі де бар. Ал, Конгрестегі тағы басқалар заңсыз босқындарға қарсы көбірек қатаң шараларды қолға алуға шақырады. Дүйсенбінің кешіндегі сөзінде президент Буш,

“Елдегі кейбір адамдар мәселені шешуде әрбір заңсыз имигрантты елден шығарып, қандай да бір ұсынысқа рахымшылық жасамау керек деген дәйектерін алға тартады. Мен онымен келіспеймін. Бұл Құрама Штаттарға терең сіңіп кеткен миллиондаған адамды шекарадан асырып елден қуып жіберу саналы да салауатты шешім емес. Мұнда әрбір заңсыз иммигрантқа автоматты түрде азаматтық беруді қамтамасыз ету мен жаппай елден шығарып депортациялау арасында парасатты ортақ пікірлер бар”.

Буштың айтуынша, елге заңсыз көшіп келушілер түп-тамырымен нақтыланбаған айыппұл төлеп, өздерінің салықтарын өтеп, ағылшын тілін үйреніп, тұрақты жұмыстарын ұстап тұрса, олардың американ азаматтығына өтініш беруіне құқы бар. Бірақ, ол оның мақұлдануы тезарада бола қоймайтынын да баса айтты. АҚШ президенті сондай-ақ, көптеген американдық заңсыз иммигранттардың проблемасын шешуде елдің ішкі қайшылықтар алдында тұрғанын айтады.

Буштың Ұлттық Гвардия жасағын АҚШ пен Мексика шекарасына жіберу жоспары - мемлекеттік үкіметтегі жеке құрамның мақұлдауын қажет етеді. Кейбір үкіметтер әсіресе шекарадағы штаттардың басшылықтары Буштың бұл жоспарына қолдау танытып отыр. Ал, тағы басқалар Ұлттық Гвардияның әскерлерін Ауғаныстан мен Ираққа да көптеп жібергеніне сын айтуда. Сонымен бірге, Буштың жолдауындағы шекараға әскери күштерді орналастырамыз дегеннің өзі мәселе тудырып отыр. Бұл тұрғыда Уашингтондағы Саяси зерттеулер институтының ғаламдық экономика жобасының директоры Сара Андерсон бұл хабарды негатив деді:

“Бұл біздің оңтүстік шекарамызбен соғыс алдында тұрғандай, және жауларымыз Мексикадан келген адамдар да, ал басқа жерден келушілер экономикалық мүкіндіктерін табуға келгендей белгі береді. Менің пікірімше, біз олардың неліктен бұл жерге көшіп келген себептерін қарастырып, олардың өз елінде мүмкіндігі көбірек болуы үшін не істей аламыз деп қарауымыз керек”.

Андерсонның пікірінше, имиигранттар проблемасын Еуропалық Одақтың 1980 жылдары одақ елдеріне қарағанда кедейлеу болған төрт елмен кеңею келісімі сияқты алдын алу шаралары арқылы шешу керек.
XS
SM
MD
LG