Accessibility links

Әлем Әндіжан мәселесіне көп араласпаған соң Орталық Азияда жағдай қиындай түсті


"Амнести интернешнл" адам құқықтарын қорғау ұйымы бүгін Лондонда жылдық баяндамасын жариялап, Әндіжан қантөгісі Орталық Азияда адам құқықтары мүшкіл екенін айқындады дейді. Орталық Азия үкіметтері қуғын-сүргін саясатын күшейте түсті, демократиялық ұйымдарға қарсы қудалау былтыр күшейе түсті. Мұндай жағдай Қазақстанда да кең етек жайды. Ал халықаралық қауымдастық мұндай жағдайға жөнімен реакция білдірмейді, халықарылық қауымдастықтың қоятын талаптары толық емес, бір бірімен үйлеспеген.

Орталық Азияда адам құқықтарын аяққа таптау үрдісі дегеніміз не? Бұл дегеніміз – диссиденттерді қудалау, қамау орындарында азаматтарды азаптау және қорлау, әділетсіз соттау не болмаса тиісті азаматтарды жауапқа тартпау, сайлауды бұрмалау және адамдарды құлдыққа салу. Міне, Орталық Азия шеңберінде осы мәселелер бұрыннан орын алып, қатты сыналып келеді. Ал енді "Амнести интернешнл" ұйымының бүгін Лондонда жарияланған жылдық баяндамасында Орталық Азиядағы жағдай дәл Әндіжан қырғынынан соң қиындай түсті, халықаралық қауымдастық бұған жөнімен араласпады делінеді. Өзбек үкіметі былтыр мамыр айында Әндіжанда үкіметке қарсы араңдатылған көтеріліс орын алды, 187 азамат өлді қақтығыста, олардың көпшілігі шетелден жалданып келген жауынгерлер дейді. "Амнести интернешнл" ұйымының бас хатшысы Айрени Хан Әндіжан қантөгісі, керісінше, өзбек үкіметінің қолымен жасалған және Әндіжаннан соң Орталық Азия үкіметтері ескі сарында қуғын-сүргінді күшейтті дейді:

- Өзбекстан сияқты елдерде ескі сарында қуғын-сүргін жаңғыра түсті, осыған күә болдық. Жақында қана Әндіжан қырғынының бір жылдығын атадық. Ал қырғын құрбандары үшін әлі ешқандай әділдік жасалмай отыр.

"Амнести интернешнл" ұйымы Әндіжандағы қантөгістен кейінгі жағдайға халықаралық қауымдастық тым аз және тым кеш араласты дейді. Ұйым өкілі Джюдит Аренас Өзбекстан батыс әлемінің стратегиялық одақтасы болып көптеген жыл қаралды дейді:

- 11 қыркүйек шабуылдарынан соң батыс үкіметтері, әсіресе Америка Құрама Штаттары Өзбекстанда әуе базаларын ашу жайында стратегиялық шешім қабылдады. Бұдан Өзбекстанда адам құқықтарының жылдар бойы жантүгершілік жағдайда болғанына қалай көз жұмылғанын көрдік.

Джюдит Аренас Өзбекстан америкалық жасақты елден шығарып жібергеннен кейін қана АҚШ үкіметі Әндіжан қырғынына сөгіс айтты, қатаң талап қойды дейді. АҚШ пен Еуропа Одағы Әндіжандағы адам өлтіру оқиғалары тәуелсіз жолмен тергелсін деп талап қойды, Өзбекстан бұл үндеулерді қабылдамады. Джюдит Аренас Ресей мен Қытай Әндіжан қырғыны мәселесінде өзбек үкіметін қолдап отыр деп көрсетеді. Ресей мен Қытайдың бұл ұстанымы барша Орталық Азия үкіметтеріне нақты белгі беріп отыр. Әндіжан қырғынынан кейін жүздеген ереуілшіні қорқыту, күшпен тойтарыс беру жағдайы Орталық Азияда өсе түсті. Журналистер мен оппозиция белсенділерін ұрып соғу, қорқыту барша аймақта Әндіжан оқиғасынан кейін үдейе түсті. Бұған нақты бір себеп – Орталық Азия авторитарлық үкіметтеріне халықаралық қауымдастық тым аз назар аударады, авторитарлық басшылар болса билікке жабысқан қолдарын одан сайын жұма түсті, - дейді "Амнести интернешнл" ұйымы.

Ұйымның 2005 жылдағы жағдайға арналған баяндамасы бүгін Лондонда жарияланды. Қазақстанда былтыр желтоқсанда өткен президенттік сайлау бұрмаланды делінеді. Былтыр қаңтар айында ҚДТ оппозициялық партиясы сот арқылы жабылды делінеді. Қазақстанға жан сауғалап келген бірнеше өзбек босқыны Өзбекстанға қайтарылды, бұл халықаралық тәртіпке қайшы деп көрсетілді.
XS
SM
MD
LG