Ехуд Олмерт Конгрестің сәрсенбідегі біріккен мәжілісінде сөйлеген сөзінде Израилдың бейбіт келіссөздерге әзір екендігін айтты. Израил үкіметінің жетекшісі сондай-ақ дәл қазір осы жылдың бас кезінде сайлауда жеңіске жету арқылы билік басына келген радикалды Хамас тобының лаңкестіктен бас тартып, Израилды мойындайтын, осы ел үкіметімен бірлесіп жұмыс істейтін уақыты келді деді.
- Біз палестиндіктерді мәңгі күте алмаймыз. Біздің түпкілікті мақсатымыз палестиндік әріптестермен қолтықтаса отырып, аймағымыздың жарқын болашағын құру, егер олай болмаған жағдайда біз алға жылжимыз, бірақ жалғыз емес, біз бөліну жоспарын ешқашан да Американың көмегінсіз жүзеге асыра алмаған болар едік.
Олмерт дәл осындай сөзді соның алдында ғана Ақ үйде президент Бушпен бірлесіп өткізілген баспасөз-мәслихатында да айтқан еді, оған АҚШ президенті өзінің қолдау танытатындығын бірден білдірді.
- Кез келген қорытынды келісім мәртебесі екіжақты уағдаластық жағдайында жасалса, тараптардың ешқайсысы оның түпкілікті нәтижесіне зақым келтірмеуі тиіс, Олмерттің ойлары бейбіт жолдағы маңызды қадам болуы керек, біз оған қолдау танытамыз, - деді АҚШ президенті.
Джордж Вашингтон университетіндегі Таяу шығыс зерттеулерінің директоры Мураф Жойатидің сөзіне қарағанда, Буш бұны қанша сақтықпен айтса да, оның тек жартысы ғана дұрыс. Жойати Буш Олмерттің біржақты жоспарын қаншалықты ұзақ қолдарын білмеймін, бірақ Буш әдетте өз пікрілерін өзгертіп отырады деген «Азаттық» радиосына берген сұхбатында ол.
- Израилдың шекараны біржақты белгілейміз деген шешімі ешқандай да бейбіт жол емес, ол қақтығыстарды мәңгі жалғастыру деген сөз. Президент Буш пен оның әкімшілігі бұл мәселенің төңірегінде қалағанынша билей берсін. Бұл арада Израилдың Палестина мемлекетін мойындамаса және Палестина үкіметінің Израилды мойындамай тұрып ешбір бейбітшілік болмайтындығы белгілі. Және бұл Израилдың ғана немесе Палестиннің, тіпті Буш әкімшілігінің ғана мүддесі емес,- дей келе талдаушы Жойати қазіргі таңда Хамастың икемділік танытатын кезі деп атап көрсетеді.
Сарапшы сондай-ақ мұндай икемділік Палестиннің байсалды-қалыпты президенті Махмұд Аббасқа тән, ол Израилмен келіссөздерді жалғастыра алады дейді. Дегенмен де Хамастың икемді болуы тұрғысында Карнеги қорындағы Таяу шығыс зерттеулері бойынша сарапшы Натан Браун өзгешелеу пікір-көзқараста. Ол Хамас үкімет басына келгеннен бері бұл топ өз жұмысының келісімдер жүргізу емес, билік құру екендігін көрсетті дейді. Натан Браун
Хамастың көзқарасында келісімдер жүргізу- Аббастың Фатх партиясының еншісінде деп біледі дейді ол. Сондықтан да келісімдер жасасуды Аббасқа қалдыру керек деп атап көрсеткен талдаушы Браун, Олмерттің жоспарына Буштың қаншалықты қолдау көрсеткісі келетініне өзінің нақты сенімді емес екендігін айтады.
- Менің ойымша, бұл ретте АҚШ саясаты қандай екендігі анық емес және ондай саясат Хамас сайланғаннан бері басталды, Хамасты не істеп жатыр деп айыптасақ, американдықтар да тура соны істеп жатыр. Алайда сейсенбі күнгі сөзінде Буш Олмертке қолдау көрсете отырып, мәселені екі мемлекетпен бірдей шешуді қайталады. Мен американдықтардың қай бағытта ұстануды анық білетіндігіне сенімім жоқ, - дейді талдаушы.
Браун Таяу шығыстағы бейбіт процестегі жетекшілік ролде, мәселен келісімдер бойынша Хамастың немесе Израилдың көзқарасы емес, Буштың оны қалай жасайтыны маңызды деп атап көресетеді.