Дж.Буш Ирақта орын алған кейбір қателіктерге қарамастан, 2003 жылы наурыз айында АҚШ пен Британияның Ираққа соғыс ашып, басып кірген қадамдары өте дұрыс болды деп атап көрсетті. Ал қателіктер дейтін болсақ, президент Дж.Буш Абу-Ғрайб түрмесінде тұтқындарға азаптау мен қинау көрсетілгені жайында туған дау-жанжал ғана Америка тарапынан әзірге болған қателік деді.
- Біздің еліміз Ираққа кіргеннен бергі уақытта орын алған ең үлкен қателік ол - Абу-Ғрайб. Біз ол үшін көп уақыттан бері жауап беріп келеміз. Бұның Саддам Хусейіннің билігі кезіндегі Ирақтан, онда адамдар азаптауларға душар болатын, ол болса заңды деп табылатын, айырмашылығы - кінәлілер сотқа тартылып, айыптары үшін жазасын өтеуде, - деген Буш өзі жасаған кейбір қатаң мәлімдемелері үшін де өкінетіндігін жасырған жоқ.
Өз кезегінде Британия үкіметбасы Тони Блэр Ирақты Саддамның жақтастарынан тазартуды мүмкін басқаша жүзеге асыру керек пе еді деген ойын ортаға салды:
- Ирақ билігін Баас партиясынан арылтуды біздің жасағанымыздан басқаша да дифференциалдық жолмен атқаруға болар еді. Дегенмен де ең үлкен қиын деген нәрсе, Ирақ адамдарын демократияға қарсы жолдан, бастапқы сәтте қарсыластардың демократиялық процесті тоқтату турасында анық та айқын көзқарастары болды, біздің ойлағанымыздай жолға көздерін жеткізіп, сол бағытқа түсіру болды.
Тони Блэр сондай-ақ алдағы айда жұмысқа кірісетін жаңадан жаттығудан өткізілген Ирақ полициясынан көп үміт күтетіндігін айтты. Дж.Буш пен Тони Блэр Ирақтың жаңа үкіметі елдің қауіпсіздігін толық өз қолдарына алғанға шейін Ирақтағы АҚШ пен Британия жасақтарын осында қалдырамыз деп уәде етті. Олар шетелдік жасақтардың Ирақтан қашан шығарылатыны турасында нақты мерзім белгілеген жоқ. Бұл ретте Буш былай деді:
- Мен де біздің әскерлерді ол жерден шығарғым келеді, мені дұрыс түсініңіздер. Мен түсінемін, бұл біздің жасақтарға көп зиян шектіруде. Америкадағы көптеген отбасылар жақындарын жоғалтты. Мен алдағы дүйсенбіде құрбан болғандарды еске алу күніне қатысамын. Онда қаралы отбасыларды көремін. Мен олардың қысымдарын түсінемін. Сондай-ақ мен мұндағы қызметімізді аяғына жеткізу арқылы өмірлік маңызды істі атқаратындығымызды түсінемін. Бұл, әрине, өте қиын.
Иран мәселесіне назар аудара келіп, Буш егер Иран алдымен уранды байытуды тоқтатуға келісетін болса, АҚШ оны ынталандыру мәселелерін қарастырар еді деп атап көрсетті. Өзінің ядролық бағдарламасына қатысты әлемде оқшауланған ел бола ма, жоқ әлде басқаша жолды таңдай ма, мұның бәрі де Иранның өзіне байланысты деген АҚШ президенті, бұл мәселенің дипломатиялық жолмен шешімін табуынан үмітті екендігін білдірді. Буш бұл пікірлерді АҚШ, Британия, Қытай, Франция және Германия Иран уранды байытудан бас тартса, оған ынталандыру жолдарын ұсыну тұрғысындағы келісімдерді талқылап жатқан қарсаңда айтты.