Алғашқы толқу 23 мамыр күні Тебриз қаласында орын алды. Келесі күні Иран соты карикатура жариялаған газет жабылады, кінәлі қызметкерлер жазасын алады деді. Алайда, текетірес басылмады. Ирандағы әзірбайжандар құқықтарымыз жылдар бойы шектеліп келеді, Иран конституциясы кепілдеме берген құқықтарымыз қалпына келтірілсін деп талап қоя бастады. Әзірбайжандар Иран мектептерінде әзірбайжан тілі оқытылсын, әзірбайжан тілінде телевизиялық канал ашылсын деп талап қояды, ИСНА агенттігінің мәліметіне қарағанда.
Дегенмен, Ирандағы әзірбайжандар арасында болған толқулар жайында нақты мәлімет тапшы. Иран билік өкілдері наразылық шаралары Тебриз қаласында өтті, бір адам жарақат алды, 54 адам қамауға алынды деді. Бұдан кейінгі мәліметтер толқу шеңбері әлде қайда кең болғанын көрсетеді. Солтүстік Әзірбайжан провинциясы қауіпсіздік ұйымының бастығы Нақадех қаласында төрт адам өлтірілді деп жариялады 28 мамыр күні. Ал Баку қаласында орналасқан "Оңтүстік Әзірбайжан ұлтық ояну" қозғалысы көтерілістер Иранның барша солтүстігінде орын алды, адам шығынына әкелген қақтығыстар болды, кемінде 20 адам қаза тапты, көптеген адам жарақат алды дейді. "Оңтүстік Әзірбайжан ұлтық ояну" қозғалысы Аракс өзенінің екі жағында қалып қалған әзірбайжан халқы мен Ирандағы әзірбайжандардың бірігуін мақсат тұтады.
"Дүниежүзілік Әзірбайжан конгресі" деп аталатын ұйым адам шығыны ең көп болған қақтығыстар Сұлдұз қаласында орын алды деп, құрбандар тізімін жариялады өткен аптада. Тәуелсіз бақылаушылар осы екі ұйымның басты мақсаттарын ескере отырып, олардың мәліметтеріне сеніңкіремеуі мүмкін. Амстердам қаласында орналасқан Әлеуметтік тарих жөніндегі Халықаралық институттың қызметкері, Ирандағы әзірбайжандар жөніндегі сарапшы Тоураж Атабаки Ираннан жақында ған оралды, ол толқын легі кеңейіп жатыр, Әзірбайжан шекарасындағы Фарсабад қаласына жетті дейді. Иран үкіметі толқуларға қатысты тиісті шара қабылдағысы келмейді, не бұл қолынан келмей тұр, дейді Тоураж Атабаки.
Иран діни жетекшісі аятолла Әли Хаменеи бүлікті АҚШ президенті Джордж Буштың әкімшілігінен көреді. Жексенбі күні Иран парламентінде сөйлеген аятолла Әли Хаменеи АҚШ әкімшілігі Иранда демократия орнатамыз деп парламенттеріне миллиардтаған доллардың заң жобасын кіргізіп отыр, мәселе осында деді:
- Осы бүлік, ұлттық және діни араздықты қоздыру – Иран Ислам республикасы жауыздарының қорамсағында қалған ең соңғы оқ. Олар ұлттық топтардың арасына, әлеуметтік топтардың арасына, жастардың арасына жік салу мақсатында ақша жұмсаймыз деп қателеседі. Олар жағдайды қате түсініп, ережелерінде қателесіп отыр. Енді міне олар Әзірбайжанға кірісті.
Иран басшығы елде болған көтерілістерді шетел үкіметтеріне бұдан бұрында жапқан. Радиомызға сұхбат берген сарапшылар Ирандағы әзірбайжандардың мәселелері көптен бері қордаланған дейді. Президент Мұхамед Хатами 1990 жылдардың соңында ұлттық азшылықтардың саяси құқықтарын кеңейту реформаларын жариялаған. Сарапшы Тоураж Атабаки Иран президенті ауысып, билікке былтыр тамыз айында Махмұд Ақмеденижат келгелі бері жағдай өзгерді, ұлттық топтардардан іріктелген әкімдер, жергілікті басшылар алынып, олардың орындарына өзге аймақтардан адамдар қойылды дейді. Реформашыл бағыттағы "Шамси- Табризи" электрондық газеттің директоры Әли Хамид-Иман "Фарда" радиосына былай деді:
- Карикатура барша Иранда түркітілдес студенттер мен адамдарға түрткі болды. Карикатура Әзірбайжан ұлттық қозғалысының оқ-дәрісін жарған ұшқынға айналды. Карикатура Әзірбайжан халқының жауырына қадалған пышақ сияқты. Басқаша айтатын болсақ, Әзірбайжан ұлттық қозғалысының жауырына қадалды.
Әли Хамид-Иман жұмыс істейтін "Шамси- Табризи" электрондық газеттің кеңсесі Шығыс Әзірбайжан провинциясының бас қаласында орналасқан.