Қырғызстандағы саяси билік басы 2005 жылдың наурызында ауысқаннан кейін, АҚШ-тың бұл елдегі әуе базасы туралы талқылаулар орын ала бастады. Қырғыз елінің президенті Құрманбек Бакиев, қыркүйек айында Америка Құрама Штаттары әуе базасы орналасқан жерді пайдаланғаны үшін жалға төлейтін ақшасын көбейту керек деп айтқан.
Осыған дейін бұл жерді пайдалануды реттеп отыратын келісім туралы қоғамда ашық айтылған емес. Бірақ, ақпанның 15-і күні Ресейдің “Коммерсант” басылымына берген сұхбатында, президент Бакиев АҚШ-тың қырғыз жеріндегі әуе базасына жылына 207 млн доллар төлегенін қалайтынын айтқан. Қырғызстан президенті бұл баға Американың бұрынғы төлеп жүргенінен жүз есе көбірек екенін жеткізген.
Ганси әуе базасы Қырғызстанның Манас әуе базасында 2001 жылы орналасқан. Оның мақсат-міндеті Ауғаныстандағы АҚШ-тың әскери операцияларына көмек пен керек жарағын жеткізіп тұруға бағытталған. Оның стратегиялық маңызы, өткен жылы Пентагонның Өзбекстандағы Қанабад әуе базасынан әскерін шығаруына мәжбүр болғанда арта түскен. АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орта Азия бойынша көмекшісі Ричард Баучер сәуір айында «Азаттыққа» берген сұхбатында, Уашингтон қанша төлеу керек болса да, бұл аймақта әскерін қалдыру туралы шешімінде қалады деген.
“Ганси әуе базасы бізге де, Қырғызстан мен оның көрші елдеріне де қауіп тудыратын терроризммен күресу үшін өте маңызды. Сондықтан, база сол жерде. Сол себепті біз әуе базасы сол жерде қалса дейміз, үкімет те соған орай базаның сол жерде қалуы үшін қажетті ақшаны төлеуге дайындалып жатыр”, - деген ол.
Одан кейін, осы соңғы талқылаулардың алдында Ричард Баучер «Азаттық» радиосына екі тараптың да достық шешімге келетініне өзінің сенімді екенін білдірген.
Қырғызстанның премьер-министрі Феликс Кулов болса, қазіргі талқылаулар тек ақша мәселесінде екенін, оның басқа саяси астары жоқ деген. Алайда, Кулов американдық әуе базаның келешекте бұл жерде болуы тек Қырғызстанға ғана байланысты емес, оған құрамында Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Белорусь, және Армения елі бар Ұжымдық Қауіпсіздік келісім-шарт ұйымына да байланысты болатынын айтқан.
“Бұл әуе базаны құру жөнінде шешім қабылданғанда, оның жалға алу уақыты көрсетілмеген. Ол Ауғаныстандағы антитеррорлық операцияларға байланысты болады деп келісілген. Өкінішке қарай, Ауғаныстандағы өмір тұрақсыз болып қалуда және Ганси әуе базасының болуы сол жердегі жағдайға тікелей байланысты. Осындай келісім жасалған. Бұл уағдаластыққа Ұжымдық Қауіпсіздік келісім-шарты ұйымдарының, оның ішінде бірінші - Ресейдің мақұлдауы керек”, - деген Кулов.
2003 жылы Ресей американдық Ганси әуе базасынан 30 шақырымдай жердегі Қант әуе базасына өзінің әскерін орнатқан. Бұл тұрғыда президент Бакиев өз үкіметінің Ресейдің әуе базаны пайдаланғаны үшін ондай талап қоймайтынын, өйткені ол жағдай Ұжымдық Қауіпсіздік Келісім-шарты ұйымының шеңберінде қаралғанын айтқан.
Бакиев осыған дейін егер Құрама Штаттар Ганси әуе базасын пайдаланғаны үшін жалдық төлемді 1-ші маусымға дейін көбейтпесе, Қырғыз үкіметі жалға беру келісімін тоқтатуы мүмкін деген. Бірақ, Қырғыстан үкіметі бүгін мәлімдеме жасап, онда АҚШ пен Қырғызстанның қазіргі оң қарым-қатынастарына байланысты ақырғы мерзімді ұзартып, талқылауларды жақын болашақта тұжырымдалады деген.
Ал, бүгін АҚШ пен Қырғыз ресмилерінің өкілдері Американың әуе базасына жалдық төлемін көбейту жөнінде жабық есік жағдайында талқылап жатқанда, Қырғызстанның үкіметтік емес ұйымдары мәлімдеме жасады.
“Біздің талабымыз - Ганси әуе базасынан түсетін қаржы ел бюджетіне түсуі керек, әйтпесе оны Ақаев елдегі билігі кезінде өз отбасына жаратып келді”, - дейді үкіметтік емес ұйым белсендісі Төлейхан Исмайлова.
«Азаттық» радиосындағы Қырғыз қызметінің хабарына қарағанда, бұл келіссөздердегі Қырғыз делегациясын сыртқы істер министрі Аликбек Жексенкулов бастаса, ал, Құрама Штаттар тобын АҚШ мемлекеттік департаментінің жақында Болгарияда американдық үш әскери әуе базасын ашу келіссөздеріне қатысқан көмекшісі Роберт Лофтис бастап келген топ қатысып жатыр.