Accessibility links

АҚШ-та баспасөз сарапшылары интернетке биліктің бақылау орнатуы мәселесін талқылауда


Көп адамдар үшін, әсіресе батыста, интернет технологиясы ақпарат алудың ең оңай және еркін жолы. 15 жыл бұрын ғана бұндай мүмкіндік жоқ еді. Десек те интернетке қол жеткізу - Қытай сияқты көптеген елдердің тұрғындары үшін арманға айналған. Кеше баспасөз бостандығын қорғаушы екі топтың Вашингтондағы басқосуында Шекарасыз репортерлер ұйымы Бейжінді ғаламдық торшар - интернетке бақылау орнатып отыр деп айыптады.

Yahoo, Google секілді екі компания бағдарламалық қамтамасыз етудегі алып Microsoft компаниясымен бірге Бейжін тарабынан қатты сынға ұшырап, Қытайдағы өз қолданушыларын қандай ақпаратпен қамтамасыз ете алады, қандай ақпаратпен қамтамасыз ете алмайтындығы жөнінде Бейжіннің қойып отырған шектеулерімен келісуге мәжбүр болды.

Қытайдың «Үлкен Брэндмауер» деген лақап атқа ие мемлекеттік цензурасы адам хұқтары және ішкі саяси жаңалықтарды қамтыған кейбір батыстық ақпарат сайттарына тосқауыл қойып отырады.

Мұндай шектеулермен ақпарат-жаңалықтар мен идеяларды еркін алмасуға болады деп сенетін адамдар келіскісі келмейді. Солардың бірі - осы талқылауда сөз алған АҚШ-ғы Time деп аталатын апталық журналдың интернеттік үлгісінің саяси редакторы Мэттью Купер. Ол дегенмен де мемлекет салып отырған шектеулерге наразылық танытып, бұл аймақтан біржолата кетіп қалмай, бұл компаниялардың осындай шектеулі түрде болса да өз тұтынушыларын ақпаратпен қамтамасыз етіп отырғаны жақсырақ дейді.

Вашингтондағы Стратегиялық және халықаралық саяси зерттеулер орталығындағы технологиялық зерттеулер директоры Джэймс Льюс Мэттью Купердің мұндай пікірмен келіседі. Ол Yahoo, Google, Microsoft компаниялары Қытайдың компанияның саясаты қандай болғанына қарамастан интернетке қосылуға шектеу қоятындығын түсінеді дейді. Сондықтан да олардың сынға ұшырағаны үшін бұл арадан мүлде кетіп қалмаған дұрыс деген ойын айтады.

- Бір жағынан алғанда мұның өзі осы компаниялардың қоғаммен байланыс мәселесі. Қытай және соған ұқсас кейбір елдер ақпаратты алуға қысым жасағанымен, бірақ олардың көмегінсіз отыра алмайды. Ол көмек біраз жеңілдер еді, алайда ол репрессивті елдер болғандықтан бар күшті соған жұмсайды. Бұл жөнінде АҚШ-тың не ойлайтынын олар ойламайды, олар режимді - жүйені сақтап қалуды ойлайды.

Сол себепті де Льюс және осы талқылауларға қатысқан басқа да сарапшылар батыстық интернет компаниялардың Қытайда болуы үшін ол елдің билігінің көзін өз саясатын өзгертетіндігіне жеткізуі жеткілікті болады деп сенбейді.

Екінші жағынан қарағанда, кейбір үкіметтердің радиохабарларының таралуына кедергі қойғаны сияқты, Қытайдың енді интернеттегі кейбір мақұлданбаған ақпараттарға тосқауыл қою үшін арнайы технологияларды пайдалануы - елдің барша азаматтарының қалаған ақпаратын алуына кедергі келтіреміз деуі уақытша тиімді болып көрінгенімен, ақыр соңында ол пайдасыз болып шығады. Міне, дәл осындай ойды Нью-Йоркте орын тепкен Журналистерді қорғау комитетінің Азия үйлестірушісі Роберт Диц айтқан.

- Менің ойымша, олар интернет мүмкіндіктерін шектейміз деп қандай шараларға барса да, ең соңында түк істей алмайды. Оларда шектейтін технология болғанымен, бірақ қашан да әркімнің қасына тұрып алып, ананы аш, мынаны ашпа дей алмайды ғой, ондай мүмкіндік мүлде жоқ. Және мен бұл арада үкіметті сынап, бір партияның орнына басқасын әкелейік дейтіндер туралы айтып отырған жоқпын, мен шағын қалалардағы адамдар туралы айтып отырмын, - дейді ол.

Freedom House директоры Арч Пэддингтон Қытай сияқты интернетті ауыздықтау шараларына басқа елдердің бармай отырғаны да осы шектеудің қиындығынан болар дейді. Пэддингтон оның бір басты мысалы Ресей деп атап көрсетеді.

- Путин интернеттің соңына түскен жоқ, міне сондықтан да сіз мұнда интернетке қатысты еркіндікті байқайсыз, алда олар мұндай қолдауды жалғастыра береді ғой деп үміттенеміз.

Дегенмен де Time.com веб-сайтының редакторы Купер интернетке тосқауыл қойғысы келетін үкіметтердің мүмкіндігі шектеулі деп, аса тоқмейілсуге болмайды дейді.

- Мен технология үнемі осылай болады деп ойламаймын. Оларда кейбір сәттері блок қою технологиясы интернетті мүлде байлап тастағаннан гөрі маңыздырақ болуы мүмкін, мәселен олар Эмнести Интернешнлға бағытталған сілтемеге кез-келген веб-сайтта тосқауыл қоя алады.

Журналистерді қорғау комитетінің өкілі Диц бір ғана ащы шындық бар, ол - ғаламдық интернет кеңістікте дезинформацияның кең етек алып бара жатқанын ешкім де естен шығармауы тиіс дейді.
XS
SM
MD
LG