Ташкент пен Душанбе арасындағы дипломатиялық жауласудың сыры неде жатыр? Тәжік қоғамы үшін бұл айда орын алған жаңалықтар елдің батысында шектесіп жатқан көршісіне деген жақсы көзқарас пен сүйіспеншілікті туғызбайтын еді.
Тәжік соты үш адамды Өзбекстан пайдасына тыңшылық жүргізіп, шпиондық етті деп 15 жылдан астам мерзімге түрмеге жапты. Бұның сыртында Өзбекстан Ислам қозғалысының мүшесі делінген екі адам Өзбекстанда тұтқындалды. Ал одан бұрын Тәжік билігі Өзбек билігін құлатуды мақсат тұтқан Өзбекстан Ислам қозғалысының алты мүшесін 2005 жылдан бері Тәжікстан жерінде тыныштық бермеді деп, түрмеге отырғызған болатын.
Тәжікстан шекарашылары шекарада Өзбек әскерлері қалдырып кеткен минадан тәжікстандық бейкүнә азаматтар құрбан болды деп шағымданған-ды. Олар сондай-ақ Өзбек шекарашыларын Тәжікстанға қаратып, қалай болса, солай оқ ата береді деп те айыптаған болатын. Тәжік билігі сондай-ақ Отанына сатқындық жасады деп айыпталған тәжік әскерінің полковнигі мен оның жақтастары Өзбекстанда жасырынып жүр деген сенімде.
Өткен аптада Тәжікстанның Соғд провинциясының соты 55 жасар өзбек азаматы Абдукарим Гафуровты тыңшылықпен айналысты деген айып тағып, 13 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл осындай айыппен сотталған үшінші адам. Гафуровтың қорғаушысы Татьяна Хотякина былай дейді:
- Сотта Гафуров өзінің ешқандай шпиондықпен айналыспағандығын, ол мұнда өзбек азаматтығынан бас тартып, тәжік азаматтығын алуға әрекет жасап жүргенін айтқан болатын.
Тәжікстанның ішкі істер министрлігі Гафуров сотталған күні Өзбек Ислам қозғaлысының мүшесі делінген екі адамды тұтқындап, оларға 2005 жылы Душанбедегі жарылысты жасады, осы жылдың бас кезінде тәжіктің әскери шенеунігін өлтірді деген айыптар таққан.
Тәжікстан шекарашылары өзбекстандық әріптестерін 1999 жылы шекара бойында жарылғыш заттар қалдырып кеткендіктен, олардан қаншама адамның зардап шеккені туралы тәжік шекарашыларының өкілі Хушнуд Рахматуллоев өткен аптада баспасөз конференциясында былай деп атап көрсетті:
- 2000 жылдан бері бұл жерлерде 65 рет мина жарылыстары болды. Соның салдарынан 68 адам қаза тауып, 83 адам түрлі жарақат алды.
Осылай дей келе тәжік шекарашыларына өзбектерді Оттава конвенциясының талаптарын сақтамай отыр деп айып тағады.
Міне осы соңғы айыптаулар бойынша Өзбекстан жағы жауап бере келіп, тәжіктердің өздеріне де осындай айыптаулар айтты. Олар тәжік шекарашылары мылтықтарын аспанға қаратып атудың орнына Өзбекстан жағына қаратып атып, жақын маңайдағы тұрғындарды үрейлендіріп, қорқытады дейді.
Тәжікстанның Шекара күзеті туралы мемлекеттік комитеті 13 маусымда жариялаған мәлімдемесінде, Өзбекстан терроршыларға баспана болып отыр деген айып тақты. Бұл жерде сөз болып отырған жайт, екі рет - 1990 жылы және 1998 жылы әскерін үкіметке қарсы алып шыққан полковник Махмұд Худайбердиев туралы. Жеңіліс тапқан көтерілісшілердің көпшілігі, оның ішінде Худайбердиев те, қашып кеткен болатын. Тәжікстан енді оны Өзбекстан паналатып отыр деп ойлайды.
Тәжікстандағы тәуелсіз басылымның бас редакторы Марат Маматшоев тәжік-өзбек қарым-қатынастары турасында былай дейді:
- Көп жылдардан бері Өзбекстан мен Тәжікстанның қарым-қатынасы күрделі болып келді, енді міне ол қазіргі таңда өзінің белгілі бір шарықтау шегіне жеткен тәрізді.
Маматшоев сондай-ақ Худайбердиев және сол сияқты басқа да бірнеше адам Өзбекстанда жасырынып жүр деген айыптаулар талай рет айтылған болатын, бірақ оған Өзбекстан тарапынан ешқандай түсініктеме болған емес дейді.
Лондондағы Соғыс және бейбітшілік институтының аға редакторы Джон Маклеод тәжік жағы Өзбекстанға қатысты жаңа мәселелерді көтеріп отырған жоқ дей келе, Душанбенің аяқ астынан сынды өршітуі осы жылдың соңына қарай орын алатын ішкі саяси жағдайларға қатысты болса керек деген ойын ортаға салады.
Осы жылдың қарашасында Тәжікстанда президенттік сайлау өтетіндігі белгілі.
Өзбекстан жағының да тәжіктерге тағатын өз айыбы бар, олар шекараға жақын орналасқан тәжіктің алюминий заводы қоршаған ортаға зиян келтіріп отыр деп айыптаса, тәжік тауларында Өзбекстан ислам қозғалысының мүшелері жасырынып жүр деп шағымданады.