Жеке меншік компанияда экономист болып жұмыс істейтін Ажар Алматы қаласындағы 1 бөлмелі пәтерін ипотекалық несиеге сатып алған. Бірақ, несиенің жылдық ставкасы жыл сайын түрлі себептермен өседі. Оның бір себебі ретінде несие беруші 2-ші дәрежелі банк Қазақстанның Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру ставкасының жылдық пайызын өсіру туралы шешімін негізге алады дейді Ажар:
- Мен 2003-ші жылы ипотекалық несие алғанмын. Ол кездегі қайта қаржыландыру пайызы есімде жоқ. Бірақ, жылдық ставка 12,5% болған. Ал көкектің 1-інен бастап қайта қаржыландыру ставкасы жоғары болып кетті деп, несиенің жылдық ставкасы 12,8 % болып кетті. Енді қазір қайта қаржыландыру ставкасы 9 % болса, онда несиенің жылдық пайызы одан да артатын шығар. Бірақ, менің білуімше, банк төлемақы пайызын өзгертуді қазан айында қарайды.
Дүйсенбі күні Ұлттық банк қайта қаржыландыру ставкасының жылдық пайызын 9 пайызға дейін өсіру туралы шешім қабылдағаны жайлы ақпарат таратты. Мұндай шешімді банк басқарма отырысында республикадағы инфляция деңгейінің артуын алға тарта отырып шығарған. Сол себептен, орталық банк көкектің 1-інде қайта қаржыландыру мөлшерін 8-ден 8,5 пайызға арттырса, енді шілденің 1-інен бастап оны 9 пайызға өсірді. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметінен хабарлады:
- Ия, шілде айынан бастап өсті.
Алайда, Қазақстандағы бас банктің елдегі инфляция деңгейімен осылайша күресуін қатардағы экономист Ажар өзінің ғана емес, ипотекалық несие алған мыңдаған қазақстандықтың жағдайын ескермегендік деп есептейді:
- Зардап шегетін - ипотекалық несие алғандар деп ойлаймын. Мысалы, мен бір банктен алдым. Сол банк неше түрлі зәулім ғимараттар салып жатыр. Соның барлығы біздің ақшамыз, инфляциядан, қайта қаржыландырудан алдап алған ақшалар деп ойлаймын. Ал несиенің жылдық пайызы болса, өте жоғары. Бас кезінде төлеген ақшадан кейінгі төлемдерді салыстырсаңыз, 1-2% болса да артық. Ай сайын 3-4 мың теңге артық төлеу біз үшін ауыр.
Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Ғалым Байназаров болса, инфляциямен күрес миллиондаған қазақтандықтың мүддесін қамтитындығын еске салады. Сондықтан, ол Ұлттық банк дұрыс саясат жүргізіп отыр деп есептейді:
- Себебі, баға өсіп бара жатыр. Ең бізге қиыны осы ғой. Оны енді жөнге келтіру үшін қолда бар бір мүмкіншілік – осы қайта қаржыландыру пайызын өсіру. Баға өсіп бара жатқанда Ұлттық банк қарап отыра алмайды. Несиені бірен-сарандар алады, ал күнделікті тағамдар бағасының өсуі миллиондаған адамдардың қалтасын қағып жатыр ғой.
Әйтсе де, Алматыдағы монополияға қарсы қоғамдық комитет төрағасы Петр Свойк қайта қаржыландыру арқылы инфляция деңгейімен күрестен нәтиже шығатындығына сенбейді.
- Ұлттық банктің осындай монетарлы жолмен Қазақстанда инфляция деңгейін азайтуға тырысып отырғанын түсінуге болады. Бірақ, Қазақстанда инфляция тек монетарлы факторлармен анықталмайтындығын ескерсек, бұл керісінше, инфляцияға жол ашады. Яғни, несие көлемі артып, тауарлар қымбаттайды. Шын мәнісінде инфляциямен күресті Ұлттық банк емес, Үкімет жүргізуі тиіс. Қазақстанда өндіріс дамымай отыр. Ел тек сырттан келетін тауарларды тұтынады. Инфляцияның шынайы көзі осында жатыр. Бұл мәселені Үкімет кешенді түрде реттеймей, Ұлттық банк қайта қаржыландыру ставкасын тағы 2 сеге көбейтсе де, инфляцияға тосқауыл қоя алмайды, - дейді Алматы монополияға қарсы қоғамдық комитет төрағасы Петр Свойк.
Биылғы жылдың ақпан айында Қазақстанда инфляция деңгейі 8,7 пайыз болып, 2001-ші жылдың маусым айынан бергі ең жоғарғы деңгейіне жеткен. Ал соңғы 5 ай ішінде Қазақстандағы инфляцияның жылдық мөлшері 9 пайызға артқан.