Шілденің 19-күні «Азаттық» радиосына Теміртау қаласы сотының хатшысы:
- Бүгін, міне, төртінші күн сот жүріп жатыр. Жақын күндері аяқтала қоюы да екіталай. Себебі, бұл сот процесіне өте көп куәгерлер шақырылған. Сот қызметкерлері сонда. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары да сол жерден хабар таратуда, - деп хабарлады.
Оппозция қайраткерінің үстінен өтіп жатқан сотқа қатысуға тек жергілікті тұрғындар ғана емес, республиканың басқа жерлерінен де азаматтар да жиналғанын айтты, сәрсенбі күні сот мәжілісіне қатысқан «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының мүшесі Маржан Аспандиярова:
- Сот ашық жүріп жатыр. Оған Қарағандыдан, Павлодардан, Астанадан Әбіловты қолдаушылар қатысуда. Біздің өзіміз бұл сотқа екінші күн қатысып отырмыз. Бұл жасанды іс екені бірден көрініп қалды. Әбіловтің «қылмысын» тірі жан дәлелдей алмай жатыр!
Болат Әбіловке былтыр президент сайлауы қарсаңында жергілікті тұрғындармен кездесу кезінде заң қорғаушыларға қарсыласып, тәртіпсіздік көрсетті деген айып тағылып отыр.
- Яғни, 2005-ші жылы шілденің 30-ы күні Жармахан Тұяқбай, Серікболсын Әбділдин, Болат Әбілов сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмысымен осында кездесу өткізген. Содан кейін Әбіловке қарсы жергілікті полицейге қол жұмсап, оның ар-ожданына, қадір-қасиетіне қол сұқты деген негізде, Қылмыстық кодекстің 226-шы бабының 1-ші бөлігі, 321-ші баптың 1-ші бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ол баптардың әрқайсысы қылмыс жасаған адамды 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, - деді Әбіловтың қорғаушысы Мұстахим Төлеев.
Оқиға президенттікке үміткер болған «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының төрағасы Жармахан Тұяқбайдың теміртаулықтармен кездесуі кезінде орын алған. Сондықтан, бұрынғы бас прокурор Жармахан Тұяқбай шілденің 18-і күні сотқа куәгер ретінде қатысқанын айтады.
- Біз бір азаматтың қорасында кездесу өткізіп жатқанымызда бір полицей Болат Әбіловке келіп тиісіп, артынан 4-5 ай өткен соң «ойбай, менің ар-намысыма тиді, маған күш көрсетті» деп арыз берген. Содан, қолдан жасалған іс пайда болды. Кеше сотта күәгерлерді тыңдап, сот барысында да байқағаным: ешқандай қылмыстық істің болмаған! Егер сот әділ болып, заң орындалса, онда сот Әбловті ақтап шығады, - деді Тұяқбай мырза шілденің 19-күні «Азаттық» радиосына.
Жалпы, Теміртаудағы сот процесі оппозиция лидерлерінің бірі Болат Әбіловке қатысты 4 қылмыстық істің бірі ғана. Бұл істердің қозғалуын шілденің 19-ы күні «Болат Әбіловті қудалау тоқтатылсын!» деген үндеу жариялаған оппозция өкілдері «соңғы кездері биліктің саяси оппоненттеріне қарсы қолданып отырған репрессиялық әрекеттерінің өршіп кетуінің көрінісі» деп бағалады.
- Біріншіден, президент сайлауы кезінде оппозиция сапында көріне білген еркін ойлы, қаржылы азаматтың саяси белсенділігін тиып, қоқан-лоққы көрсеткілері келеді. Екіншіден, сол сияқты саясатқа араласқысы келетін, әділеттілікті қолдайтын біздің талай миллионерлеріміз бар. Соларға да бұл - сес көрсету деп білемін, - дейді «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының бас хатшысы Әміржан Қосанов.
Бұған дейін Қазақстандағы бизнес-элита өкілдері, одан кейін бір топ саяси партия басшылары мен қоғам қайраткерлері Болат Әбіловті қудалауды тоқтауды сұрап, президентке үндеу жариялаған. Ал Әбіловтің өзі парламент сайлауы қарсаңында парламент депутаты Мұхтар Тінекеевтің ар-намысына тиді деген айыппен 1 жарым жылға шартты түрде жауапқа тартылған, одан кейін биылғы ақпан айында заңсыз митингі ұйымдастырды деген айып бойынша сот шешімімен 15 тәулікке кесіліп, Алматы абақтысында әкімшілік жазасын өтеп шықты.