Биылғы жылдың шілде айында ақтөбелік полицейлерге адам сату фактісі бойынша ақпарат келіп түседі. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер өзбекстандық 6 ер адам, 6 әйел және 15 жастағы бір қыз баланың Қазақстанда күшпен жұмысқа салынғандығын анықтайды.
Белгісіз азаматтар оларды жұмысқа орналастырамыз деп, әртүрлі мезгілде Өзбекстаннан алып шығып, жол бойы түрлі адамдарға әлденеше рет сатқаны, ал ең соңында Ақтөбе қаласындағы монша кешенінің қожайынына сатылған оларды полиция шілденің 14-інде босатып алды деп хабарлады Ақтөбедегі көліктегі Батыс ішкі істер басқармасының ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімінің бастығы Серік АЛДАШЕВ «Азаттық» радиосына:
- Бұлар «біз өз еркімізбен елден шықтық, бірақ алдап әкелді» деп арызданып отыр. Олардың айтуынша, жұмыс беруге уәде еткендер 8 сағат жұмыс істейсіңдер деген. Бірақ, әлгілер өздерін тәулігіне 20 сағат бойы - таңғы сағат 8-ден түнгі 3-ке дейін жұмысқа салғанын, сондай-ақ өздерін ұрып-соққанын, 2 әйелді зорлағанын айтып отыр. Әйелдің біреуі түсік салған.
Өзбекстандық еңбек мигранттарының ол жерден қашып кетуге мүмкіндіктері болмаған дейді полиция өкілі:
- Төлқұжаттарын иелері алып қойған. Түнде ит жіберіп, есікті жауып тастап отырған...
Бүгінде бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазақстандық және өзбекстандық, барлығы 10 адамнан тұратын қылмыстық топ мүшелерін анықтап, ұстау шаралары атқарылып жатыр дейді полиция қызметкері Серік Алдашев:
- Қазақстандық күдікті азаматтардың бірнешеуін қазір алып келдік. Өзбекстандық азаматтардың да есімдері белгілі болып отыр. Бірақ біз оларды өз беттерімізше алып кете алмаймыз. Сондықтан, қазір Өзбекстан Ішкі істер министрілігіне шығып, олардан көмек сұрап отырмыз. Өйткені, жәбір көргендердің туыстары қазір халықаралық көші-қон ұйымына арыз жазып, оларды шығарып берулерін сұрап өтініш жасауда.
Ал жәбірленушілерге Халықарлық көші-қон ұйымының аймақтық өкілдері – «Үміт» әйелдер дағдарыс орталығында көмек көрсетілуде екендігін растады осы орталықтың төрайымы Айгүл ДҮЙСЕНОВА. Бірақ ол күдіктілер толық қолға түспегендіктен, қауіпсіздік мақсатында, әзірге қосымша ақпарат бере алмайтындығын жеткізді:
- Ия, олар біздің қарамағымызда, көмек көрсетіп жатырмыз. Басқа ақпарат бере алмаймын.
Бүгінде жапа шеккен өзбекстандықтардың денсаулық жағдайының әлі түзеле қоймағандығын айтты Халықаралық көші-қон ұйымының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы қызметін атқарушы Екатерина БАДИКОВА шілденің 20-күні «Азаттық» радиосына.
- Олар айтарлықтай дене жарақатын алған. Біз олардың әрқайсысына арнайы медициналық форма толтырамыз. Соған қарағанда, барлығының дерлік жағдайы жақсы деуге келмейді, денсаулықтары сыр берген. Әрқайсысының алған жарақат деңгейі әртүрлі. Бірақ, өмірлеріне келер үлкен қауіп жоқ. Оған қоса олардың үлкен психологиялық та соққы алғанын ескеру керек. Сонымен бірге олар үнемі үрей-қорқынышта. Себебі, олардың еңбегін қанаушылар жұмысшыларды ұрып қана қойма, үнемі «біз сенің Өзбекстанда қалған балаларыңды, әке-шешеңді, бауырларыңыды ұрлап әкетеміз», деп қорқытып отырған, - дейді Екатерина Бадикова.
Сондықтан, ол жәбір көрген өзбекстандық азаматтардың еліне оралған соң, барлығының бірдей қайта тергеу мен сотқа келетіндігіне де күмән келтіреді.
Халықаралық көші-қон ұйымының мәліметтеріне қарағанда, биылғы жылдың басынан бері Қазақстанда 100-ден астам адам сату оқиғасы тіркелген.