Accessibility links

Осы аптадағы негізгі ғылыми жаңалықтар


Австралиядағы зерттеушілердің айтуынша, микробтың белгілі бір түрі алтын шығара алады екен. Ал Америкадағы ғалымдар сал болған адамға арналған бір жабдықты ойлап тауыпты. Ғалымдардың айтуынша, денесі жұмыс істемей қалған науқас ол жабдық арқылы өзінің миымен бір заттарды басқара алады екен. Ал Қытайда жойылып бара жатқан панда, яғни “мысық аю” бұдан кейін енді үкімет тарапынан қорғалатын болады.

Сіздің алтын әдемі зергерлік бұйымдарыңыз микробтан жасалуы мүмкін бе? Зерттеушілердің айтуынша, микробтың белгілі бір түрі алтын шығара алады. Австралиядағы бір топ ғалымдар кен орындарынан алтынның өте ұсақ бөлшектерін жинап, оларды зерттепті. Сөйтіп осы ұсақ бөлшектердің 80 пайызынан бактерия табылыпты. Бұл бактерияның айналасындағы улағыш металлдарды тазалау қабілеті бар, дейді мамандар. Егер жақын жерде кез келген алтын болса, бұл бактерия оны тазалап, алтын құймаға айналдыра алады екен. Жаңа зерттеулерге қарағанда, кейде микробтық әрекеттер алтынның ұсақ бөлшектерін шығаруда маңызды роль ойнайды.

АҚШ-та тұратын 25-жастағы Мэтью Найгулдың денесі 2001-ші жылдан бері істемей қалған. Бірақ жақында бір топ американдық ғалымдар оның миына арнайы бір жабдықты орнатыпты. Найгул осы “неуромоторлы протез” арқылы өзінің миымен компьютердегі бірнеше тапсырмаларды орындай алған. Дәлірек айтқанда, Найгул өзінің электронды почтасын ашып, компьютердегі қарапайым ойындарды ойнай алған екен. Осы жабдықты ойлап тапқан компанияның ғылыми қызметкері Джон Донухьен:

“Сіз қолыңызды қозғатқыңыз келсе миыңыздағы миллиондаған нейрондар өте жылдам әрекет жасап, Морзе әліппесі сиықты бір код шығарады. Біз осы кодты оқи алатын және миға салынатын жабдықты ойлап таптық”, - деді.

Оның айтуынша, бұл жабдық енді денесі жұмыс істемей қалған науқастардың өмірін жеңілдетеді.

Әлемде әсіресе Қытайда үлкен панда, яғни “мысық аюлардың” жойылып бара жатқандығы белгілі. Таяуда Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мамандардың көңілі қуанышқа толды десе болады. Өйткені ЮНЕСКО тарапынан ұйымдастырылған жиында аталмыш аң Әлемдік Мұра тізіміне енгізілді. Сөйтіп Қытай үкіметі бұдан былай енді пандаларды қорғауы тиіс болады.
XS
SM
MD
LG