“Біз батыс елдері Белорусия президенті Александр Лукашенкоға қарсы салынған сияқты санкцияның оныншы бөлігін де Өзбекстанға қарсы қарастырмады деп санаймыз. Лукашенко режимінің толығымен демократиядан тым алыс екені сөзсіз. Және біз Лукашенконы Чехияның бұрынғы президенті Васлав Хавелмен салыстырсақ, оның нағыз аутократ екені белгілі. Бірақ, егер біз оны өзбек президентімен салыстырсақ, ол кәдімгі демократ”.
Бұл сөздерін өзбек оппозиционері Мохаммад Салих шілденің 24-і күні Уашингтондағы халықаралық бейбітшілік үшін Карнеги қорында айтқан. Салих Ислам Каримов үкіметіне қарсы қатаң салынған санкция Өзбекстандағы жағдайды толығымен өзгертеді деп сенеді. Келесі күні Мохаммад Салих адам құқықтарын бақылайтын топ Хельсинкий Комиссиясының мүшелері алдында сөйледі. Онда Салих Құрама Штаттар Өзбекстанға басқаша қарауы керек деген.
“Мен достарымды жұбатып, Батыстың Өзбекстанда айтарлықтай ештеңе жоғалтпағанын, өйткені саяси, экономикалық және әскери салада ештеңені де жеңбегенін айтқым келеді”, - дейді ол.
Ал, Карнеги қорының өкілі Марта Брил Олкотт Құрама Штаттардың Ташкенге қатысты сыртқы саясатында мұндай жағдайды қарастырмаған жөн деген. Оның сөзіне қарағанда, Каримов АҚШ пен Еуропалық елдердің оқшаулап тастау әрекеттерінен жеке өзіне, отбасы мен режиміне келетін зиянды азайту жолын тауып қойған. Оның жасы 67-ге келді, ол ең ақырында өзінің жасының ұлғайғаны мен денсаулығына байланысты биліктен кетуі керек болады деген Марта Брил Олкотт. Бұл арада ол Құрама Штаттар үшін басты мәселе Өзбек билігінсіз-ақ, Өзбекстан халқын тарту болып табылады деген. Олкоттың айьуынша, оны БАҚ өкілдері мен білім беру арқылы жасауға болады.
Түрмеде отырған әкесі Санжар Умаровтың атынан сөйлеген оның баласы Гуламбек Умаров Каримовтың биліктен кеткенін күткісі келмейді.Оның орнына ол, Өзбекстанның болашақ ұрпағы үшін тек жақсы келешек орнатудың тәжірбиелі жолы қазіргі режимді Өзбекстанда реформа жасау үшін диалогқа тарту дегенді ұсынады.
“Күншуақты Өзбекстан коалициясының мүшелері қазіргі режимді диалогқа тартудың қалай қиын болатыны туралы қиялданбайды да”, - деген ол.
Бәлкім бұл қиындықтар жайында Умаровтар отбасынан басқа аздаған адам ғана білетін болар. Оның әкесі Коалицияға жетекшілікті ала бастағаннан-ақ, үкімет оған және оның одақтастарына қарсы шараларын бастаған. Осы жылдың наурыз айында, Санжар Умаровты Өзбек билігі қаржы қылмыстарын жасады деген айыппен 10 жылға абақтыға жапты. Кейін оны жеті жылға азайтып, 8 млн доллар айыппұл салды. Умаровтар отбасы Жоғары Сот оған қарсы айыптарды алар деп үміттеніп отыр.
Сонымен қатар, Гуламбек Умаров бұл мәселеде Өзбекстандық оппозициялық топ арасындағы пікір қайшылықтарға да тоқталды. Ол Күншуақты Өзбекстан коалициясы Ерік және Бірлік партияларымен пікір бөлісетінімен, олардың әрекеттері алға баспай артта қалады деген ойын танытты.
Сонымен бірге бұл отырыста сөз алған “Бірлік” партиясының жетекшісі Абдурахим Полат, өзбекстандық оппозициялық партиялар арасындағы жарықшаққа назар аударғанда, ол Өзбекстанның демократиялық күштері арасында ешқандай да бөліну жоқ дей келе, өзінің ол “Ерік” партиясын демократиялық қозғалыс деп қарамайтынын алға тартты. Айта кетейік, бұл 1990 жылдары құрылған Бірлік пен Ерік бәсекелес партиялар болған.
“Осы тұрғыда менің айтарым, Өзбекстанның Демократиялық Оппозициясы арасындағы бірігейлік жоқ деген адамдар бізді біріктіргісі келеді. Мен Сізге Өзбекстанның Демократиялық оппозициясы біріккен деп айтып отырмын. Және олар бұл “Ерік” фракциясының ақымақтары мен фанаттарымен біріге алмайды”, - деген Бірлік партиясының жетекшісі.
Абдурахим Полат мұндай қатты сөздерді Мохаммад Салихқа ғана айтып қоймай, АҚШ-тың саясаткерлерін де сынға алды. Ол өзінің бұрыннан Құрама Штаттардың көмегіне күдікпен қарағанын айтты. Сөйтіп, ол бұл Комиссияның отырысына соңғы рет қатысқанын мәлімдеді.