АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Израиль және Ливан басшыларымен келіссөз жүргізу үшін осы аймаққа келген болатын. Райс ханым Бейрутке барып, Ливанның оңтүстігіне халықаралық бітімгершілік күштерін орналастыру мәселесі жөнінде сөз қозғамақшы болған, бірақ оның сапары енді кейінге қалдырылып отыр. Себебі Ливан премьер-министрі Фоуад Синиора жексенбі күні Қана қаласында орын алған Израиль шабуылдарынан кейін Бейрутте баспасөз маслихатын өткізіп, егер Израиль атыстарын тоқтатпаса Ливан үкіметі ешбір келіссөз жүргізбейтінін айтты.
“Бұл қайғылы күні ешбір келіссөз жүргізе алмаймыз, атысты ешқандай шарт қоймастан тезарада тоқтату керек. Сонымен қатар, Израильдің Ливандағы адамдарды жаппай қыруын халықаралық түрде тергеу керек”, - деді Ливан премьер-министрі.
Синиораның бұл мәлімдемесінен кейін, Таяу Шығыстағы дағдарыс одан сайын тереңдей түсті. Израиль ұшақтары Ливанның Қана қаласына әуеден соққы беріп, кемінде 50 адамды өлтірді, олардың көбі балалар деп хабарланып отыр. Бұл шабуылдан аман қалған мына бір кісі былай деді:
“Біз ұйықтап жатқан едік. Олар бізді әскери ұшақтарымен атқылады”.
Израиль әскерлері Қана тұрғындарын қаладан шығып кетіңдер деп ескерткен едік деп отыр. Израильдің айтуынша, “Хезболлаһ” соғысушылары осы қаладан Израильге қарсы зымырандарын атады. “Хезболлаһ” лидері Хассан Насралла егер Израильдің шабуылдары жалғаса берсе, онда Израильдің орталығына зымырандарымызды атамыз деп ескерткен болатын. Ливан премьер-министрі Фоуад Синиора Израильдің шабуылдарын Ливан тұрғындарына қарсы жасалған “жеркенішті қылмыс” деп атап, бұл әрекеттер халықаралық түрде тергелуі тиіс деп мәлімдеді. Франция президенті Жак Ширак пен Иордания патшасы Абдулла бұл шабуылдарды сынады.