Хизб ут Тахрир өздерінің басты мақсаты - Исламдық үкімет – Халифат орнатуға жетудің жолы қақтығыс пен соғыс деп есептемейді, ондай қимылдардан бас тартады. Осы ретте кейбір бақылаушылар Хизб ут Тахрир мүшелеріне репрессия жасала берсе, олар қолдарына қару алуы да мүмкін деп те ескертеді.
Жалпы Орта Азияда Хизб ут-Тахрирдің мүшесі қанша, олар қаншалықты дәрежеде тараған деп есептеп, бағалау мүмкіндігі жоқтың қасы. Бұл қозғалыстың таралуына көп жерде тиым салынған.
Дегенмен де бақылаушылардың кейбірі аталған топ өз қатарына әсіресе жастарды көптеп тартып жатыр деп атап көрсетеді. Мәскеудегі коммерциялық емес «Мемориал» тобының Орталық Азияға бағытталған адам хұқтарын бақылау бағдарламасының жүргізушісі Виталий Пономарев Өзбекстанда жастардың Хизб ут-Тахрирға көптеп бет бұруының астарында Ислам Кәрімовтың жүйесіне сенбеушілік жатыр дегенді айтады.
- Егер сот процесінің материалдарына қарап және менімен болған кездесулерден байқайтын болсақ, Орта Азиядағы Хизб ут-Тахрирдің мүшелері негізінен Ислам Кәрімов құрған жүйенің болашағына сенбейтін жастар.
Қазір Өзбекстанда Хизб ут-Тахрирдің мүшесі деп күдіктелген 29 адам сотқа тартылып жатыр. Олардың ең жасы 19-да болса, ең үлкенінің жасы 30-да. Орта Азия аймағында негізінен Өзбекстан Хизб ут-Тахрир мүшелеріне қарсы репрессия науқанын бастаушы елдің алдында және бұл топтың ең көп мүшелері де осы елде делінеді.
Дегенмен де көршілес жатқан Қырғызстан, Тәжікстан, Қазақстан да Хизб ут-Тахрир ұйымына тиым салған. Ал Қырғызстанда бұрынғы президент Асқар Ақаев тиым салынғанына қарамастан, Хизб ут-Тахрир тобына ақпараттық және қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, өткізуге мұрсат еткен. Бірақ Хизб ут-Тахрирдің кең тарап, оған еліктеушілердің көбеюінен сақтанған қазіргі президент Құрманбек Бәкиев мұндай қимылдардың ешқайсысына жол бермей, ол топты бүлікші топ деп атады.
Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің жауапты қызметкері Талант Раззақов жақында «Азаттық» радиосының Қырғыз редакциясына берген сұхбатында, Өзбекстанның Ислам қозғалысы мен Хизб ут-Тахрир арасында идеологиялық байланыс бар деген ойын айтты. Хизб ут-Тахрирдің Жалал-Абадтағы мүшесі Сұлтонбек Бадалов оған жауап ретінде былай дейді:
- Қақтығыс деген бізге мүлде жат нәрсе. Көп адамдар Хизб ут-Тахрир Тахир Юлдош басқаратын Өзбекстан Ислам қозғалысымен бірге дейді. Жақында Тахир Юлдош бізге қарсы сөз айтқан таспа шығарды. Олар біздің идеологиямыз бен талаптарымызға қарсы болғандықтан, екіжақты ынтымақтас болуымыз мүмкін емес.
Бақылаушылар болса аймақта Хизб ут-Тахрирға жаңа мүшелерді тартатын факторлар қалып отыр деп ескертеді. Қырғыз ұлттық университетінің саясат профессоры Аалыбек Ақунов өзбек-қырғыз шекарасында кедейлік пен жұмыссыздықтың белең алып тұруы жастардың Хизб ут-Тахрир сияқты ұйымдарға көптеп қосылуына себеп болады деп атап көрсете келіп, экономикалық проблемелар шешілмейінше, Хизб ут-Тахрир идеялары бұл аймақта орын ала береді дейді.
Мәскеудегі «Мемориалдың» өкілі Пономарев болса, мұнда экономикалық мәселелерден ілгері тұрған басқа да себептер аз емес - саясат және бостандық, еркіндік маңызды роль атқарады деп атап көрсетеді.
Ал Хизб ут-Тахрирдің мүшесі Сұлтонбек Бадалов болса, билік тарапының ұйым мүшелерін қудалауға ұшыратып, қысым көрсетуі қайта олардың кең танымал болуына ықпал етуде дейді өз сөзінде.