Бұған дейін хабарлағанымыздай азаматтық соғыс жүріп жатқан Африкадағы Сомали мемлекетіне қару-жарақ әкелді деп күдіктеліп отырған ұшақ қазақстандық әуе компаниясының меншігінде болуы мүмкін деген ақпарат шыққан. Бақылаушылардың айтуынша, бұл мәселе тіпті қазақстандық Ұлттық қауіпсіздік комитетінің назарына іліккен. Комитеттің баспасөз қызметінің өкілі Ислам Бекішев мұны растап отыр:
- Бұл ақпарат біздің назарымызда.
Осы мәселемен айналысып жатқан Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметкері Ілияс Омаровтың айтуынша, ол Азаматтық авиация комитетіне және Қорғаныс министрлігіне хабарласқан.
- Бұл мекемелер барлығын қадағалап отырмыз, бұл біздің ұшақ емес деп жауап берді, - дейді Ілияс Омаров.
Бірақ, Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметкері Ілияс Омаров кейбір батыс журналистері жазған нәрселерге өз пікірін білдіре алмайтынын айтты.
- Бұл - олардың болжамы. Егер, мысалы, АҚШ үкіметінен немесе Оңтүстік Африка республикасынан немесе Біріккен ұлттар ұйымынан сұрау түссе, мен бұл мәселемен айналысамын деп айта аламын. Ал әзірге бұл журналистердің болжамы, сондықтан мен оған пікірімді білдіре алмаймын, - дейді Ілияс Омаров.
Ал, интернет сайттардың бірінде Сомали мемлекетінде жүріп жатқан ұрыс аумағына қару жарақ әкелді деп күдіктеліп отырған ұшақтың сыртында Қазақстан туының суреті салынған деген ақпарат жарияланды. Қазақстандық азаматтық авиация комитетінің ұшу қауіпсіздігін қадағалау басқармасы бастығының орынбасары Көпболсын Тоқпақбаев бұны журналистердің еш дәлелсіз таратқан ақпараты дейді:
- Қазіргі заманда бәрін істеуге болады. Интернетте ілінген ұшақ құйрығында Қазақстанның туы тұр. Оны кез-келген суретті іле салып жасауға болады. Ал, нақты бізге ешқандай құжат түскен жоқ ол жағынан. Сондықтан біз қазір тексеріп жатырмыз. «Саяхат» пен «Беркут» әуе компанияларын тексердік, олардың ұшақтары ол жаққа ұшқан жоқ.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Сомалиге эмбарго жариялаған. Әйткенмен, бұл елге өзге елдер қару-жарақ сатады деген күдік бар. 1991 жылдан бері Сомалиде қызмет етіп тұрған орталық үкімет жоқ. Және соңғы 15 жылдың ішінде бұл елде исламшыл көтерілісшілер мен өтпелі үкімет әскері арасында қақтығыстар жалғасып жатыр. Әзірге өтпелі үкіметтің қадағалауында тек бір ірі қала қалған деп хабарланады.