Accessibility links

БҰҰ Израиль мен "Хизболла" қақтығысын тоқтатуға шақырып, қарар қабылдамақ


Израиль мен "Хизболла" тобының қақтығысы жексенбі күні жалғаса түсті. Халықаралық қауымдастық қақтығысты тоқтатуға күш салып жатса да, Израиль мен "Хизболла" бір біріне шабуылдарын үдейте түсті. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі қарарының жобасы бойынша келісім табылса да Ливан жобаны қабылдамады.

Бұл құжат бойынша АҚШ мен Британия компромисс тауып отыр. Қарар жобасының негізгі үндеуі – "Хизболла" мен Израиль арасында барлық қақтығыстар толық тоқтатылсын делінеді. Екі тарап қақтығысының жалғасып жатқанына міне 26 күннен асты. Қақтығыста жүздеген бейбіт адам құрбан болды. Британия бас министрі Тонни Блейер сенбі күні сөйлеген сөзінде келісімнің маңызы өте зор деді:

- Бұл өте маңызды ұмтылыс боп тұр. Қауіпсіздік кеңесі қарарды толық мақұлдаса екі тарап барлық жанжалдасуларын тоқтатса жөн деген ұсыныс жасалып отыр.

Қарар жобасында Ливан оңтүстігінде буфер зонасы құрылсын, оны халықаралық жасақ бақыласын делінеді, ұзақ мерзімді саяси келісім жасалсын делінеді. Халықаралық миссия орнату мандаты БҰҰ-ның жеке қаулысымен бекітілмек.

Ливан бас министрі Фуад Синиора ССН телекомпаниясына берген сұхбатында жалпылама ғана пікір айтты, жоба мәтіні нақты жағдайға сай емес деп ғана айтты. Ал енді Ливанның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы елшісі Наухад Махмұд қарар жобасында Ливан мүддесі қорғалмай отыр дейді:

- Жоба бойынша іске асырылып жатқан барлық жұмысты жылы қабылдаймыз. Бірақ, мәселен, мұнда Израиль әскері Ливанда қазір жүрген жерінен әкетілсін деген үндеу айтылмаған. Бұл дегеніңіз кеңірек қақтығысқа жол ашады.

Ливан ресми өкілдері жоба мәтіні толықтырылсын дейді. Оқату тезарада және барлық деңгейде тоқтатылсын, тұтқындар айырбасы жасалсын, Ливан әскері "Хизболла" тобы бақылап отырған Ливан оңтүстігінде орналастырылсын деген үндеулер айтылсын дейді Ливан.

"Хизболла" тобының ресми өкілі Израиль шабуылдарын тоқтатсын, Ливан жерінен барлық Израиль сарбаздары шықсын, оқатуды сосын ғана тоқтатамыз дейді. Израиль үкіметінің өкілі қарар жобасын зерттеп жатырмыз, дегенмен "Хизболлаға" қарсы Израиль шабуылы жалғаса түседі деді.

Қарар жобасы жексенбі күні одан ары талқыланады, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне дүйсенбі не жексенбі күндері шығарылады деп жарияланды. Ал енді жексенбі күні Израиль мен "Хизболла" бір бірін тағы шапты, тағы да адам шығыны болды.
XS
SM
MD
LG