АҚШ президенті Джордж Буш пен оның мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс өздерінің БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі жаңа қарар бойынша тезірек әрекет етеді деп үміттенетінін айтты. Бірақ, Техас штатында президент Бушпен бірігіп баспасөз мәслихатын өткізген Кондолиза Райс, бұл жобаға байланысты қарсылығы немесе ұсынысы болған үкіметтердің айтарын Уашингтон тыңдағысы келеді деп айтқан. Бұған қатысты көптеген қарсы пікірлер айтылып жатты, оның ішінде Ливанның премьер министрі Фуад Синиора да кеше дүйсенбі күні Бейрутта болған кездесуде өз пікірін жеткізген. Ливан премьер министрінің төрағалық етуімен өткен Араб лигасы сыртқы істер министрлерінің кездесуінен соң, өздерінің алаңдаушылықтарын жеткізу үшін Нью-Йорктегі БҰҰ-на өз өкілдерін жіберген. Ол отырыста көзіне жас алып толқып сөйлеген Ливан үкімет басшысы Араб жетекшілеріне қайрылып, олардың қолдауы маңызды екенін айтқан.
БҰҰ-ындағы АҚШ елшісі Джон Болтон Нью-Йорктен мәлімдегенінде, Уашингтон Араб делегациясының айтқандарын қабыл алады деген.
"Әлбетте, біз әрбір адамның пікір-көзқарасын тыңдағымызы келеді. Егер олар Нью-Йоркке келу айтарлықтай маңызды деп санаса, онда біз үшін де оларды тыңдау аса маңызды. Сондықтан, әрине ол жағдайлар назарға алынып, біз ол ұсыныстарды өте ыждахатты түрде қараймыз”, - деген ол.
Франция мен АҚШ-тың ұсынған жаңа қарары - Израйл мен Хизболла арасында қақтығысты тоқтатуға шақырады және Израйл Ливан шекарасын бақылау үшін бұл аймаққа БҰҰ-ның күштерін орналастыруға шақырады.
Екінші қарар Израйл күштерін Ливаннан шығуға шақырып, Хизболла тобын қарусыздандыру үшін ол аймаққа БҰҰ-ның бітімгершілік күштерін орналастыру туралы болып отыр.
Қазірде 10 мың Израйл әскері Ливанның оңтүстігінде қалып отыр. Оған қарсылық танытқан Ливан, Израйлмен шектесетін “Көк белдеу” деп аталған шекарадан Израйл күштерінің тезарада шыққанын қалап отыр. Ливан ол жерге өзінің 15 мың әскери күшін жіберіп, кейін оған БҰҰ-ның 2000 бітімгершілік күші орналастырылады делінген.
Бұл ұсынысты кеше Араб Лигасының БҰҰ-ындағы елшісі Яхия Махмассани жеткізген. БҰҰ-ындағы Қауіпсіздік Кеңесінде сөйлеген сөзінде ол:
- Бұл Израйл армиясының басып кіруі, сондықтан біз бұған дейінгі жағдайға ораламыз, ол мәселені шешу үшін Израйл күштері “Көк белдеуден” әрі қарай шығу керек, - деген.
Бұл тұрғыда АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Ливан мен басқа да Араб елдерінің алаңдаушылығын түсінетінін және тыңдауға дайын екенін айтқан. Дегенмен, ол қақтығысты тоқтату үшін жылдам әрекет қажет деді.
"Біз Ливан үшін де Израйл үшін де осы жағдайдың бәрі эмоциялы, шындығында талқандалған әрі қайғылы жағдай екенін түсінеміз. Әлбетте тараптардың оны қалай тоқтату жөніндегі ұсынысы бар. Олардың оны қалай тоқтату туралы көзқарасы бірдей болмай жатыр. Халықаралық қауымдастықтың өз пікірі бар. Алайда, әрине біз олардың алаңдаушылықтары мен оған қалай қарау керектіг туралы тыңдауға аздаған уақыт табуды қарастырып жатырмыз”, - деген Райс ханым.
Ал, кеше оның одақтасы Буш тағы да Сирия мен Ливанды қақтығысқа жол ашып отырған Хизболлаға қару жеткізіп отыр деп айыптады. Бұл тұрғыда не себепті Дамаскі мен Техраннан Хизболлаға қолдауын тоқтату турасында сұралмады дегенге, АҚШ президенті оның ешқандай қажеттілігі жоқ деген.
“Сирия біздің не ойлайтынымызды біледі. Мәселе біздің пайымдайтынымыздай, терроризмге қолдау танытуды тоқтатып, Ирақтың демократиясына кедергі жасамау туралы біздің Сирияға айтуымызда емес, Олар біздің ұстанымымыз қандай екенін жақсы біледі. Мәселе олардың жауабы аса оң болмады”, - деген Буш.
Ал, Құрама Штаттар Иранмен Техран уран байытуды тоқтатуға келіскенде ғана сөйлеседі деген Буш. Уашингтон мен оның Еуропалық одақтастары Иран ядролық қару жасауға тырысып жатыр деп біледі, ал Техран болса, өзінің ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатқа арналғанын айтады.