Accessibility links

ТМД: Украинадағы саяси өзгеріс түрлі-түсті төңкерістер нәтижесіне қандай ықпал етуі мүмкін?


Украина парламентіндегі өткен аптада орын алған саяси драманың шаңы басылғаннан кейін, ТМД-ғы басқа елдердің ол нәтижеге көзқарасы мен қатысы қандай? Украинадағы қызғылт-сары төңкерістің ең үлкен қолдаушысы болған Грузия, немесе осы төңкерістен қуат алып, өздерінде қызғалдақ төңкерісін жүзеге асырған Қырғызстан енді Украинадағы соңғы өзгерістерге қалай қарайды? Сондай-ақ Украина билігіндегі өзгеріс ТМД-ың басқа елдеріндегі демократиялық дамуларға қандай әсер етеді? Азаттық радиосының тілшісі осындай сауалдарға жауап іздеп көрген еді.

Осы аптада түрлі-түсті төңкерістер туралы Грузияда аз-кем әңгімелер болады. 2005 жылдың қаңтар айында Украинада қызғылт-сары төңкеріс өзінің шарықтау шегіне жеткен кезде Грузияның жас министрлер командасының бойларын билеген көтеріңкі көңіл-күй, демек эйфория енді біртіндеп сейіле бастағандай.

Қиын да күрделі болған бірнеше айлардың ішінде Грузия президенті Михаил Саакашвили өзі және Грузияның Раушан төңкерісі ТМД елдеріндегі барлық өзгерістердің анықтауышы болғандығын көрді. Украинаның ізін ала Қырғызстан осы жолға түсті, былайша айтқанда, Саакашвили бұл аймақтардағы президенттер өзін үлгі тұтады деген ойға қалған. Міне енді барлығын да іс жүзінде тексеретін уақыт келді.

Юлия Тимошенконың орнына Украинада үкіметбасына Виктор Янукович келді. Демек бұл демократиялық өзгерістерді жақтап қолдайтындар үшін қаншалықты қатты соққы деуге болады?

Украинада қызғылт-сары төңкеріс орын алған тұста Грузияның сыртқы істер министрі болған Саломе Зурабишвили жаңа демократиялық Украинамен стратегиялық одақтас болуға шақырғандардың бірі еді.

- Бұл төңкерістен қашып құтылуға болмағанның өзінде, аздаған көмекпен-ақ процесті бағыттауға болады деп Ресей қорытынды жасайды деген тұрғыдан алғанда Грузия үшін онша жақсы емес. Сонымен ендігі уақытта Грузияның барлық күш-жігері грузин халқын, Ресейді және халықаралық қауымдастықты Грузиядағы бұл процестің тұрақты екендігіне көздерін жеткізуге бағыттау керек, - дейді ол.

Ресей жағынан қысымға ұшырай отырып, Украина Грузияның ұзақ мерзімге сенімді одақтасы бола алмауы да мүмкін, бірақ кейбіреулер бұл арадан Украина демократиясының жеңісі деп Қызғылт-сары және Раушан төңкерісінің негізіндегі қауымдастықты көреді. Вашингтондағы Халықаралық және Стратегиялық істер орталығындағы Ресей және Евразия бағдарламасы директорының орынбасары Кори Уелт былай дейді:

- Саакашвили мұны қалай бұрамын десе де ол заңды болар еді. Менің ойымша, біз Украинада ойлағанымыздай ең демократиялық нәтижеге қол жеткіздік . Бұл тұрғыда оны ешнәрсе өзгертпейді. Өзгеретін бір ғана нәрсе - олар күн тәртібін батысшылдықпен байлап тастады. Ешкім де олар бір бағыттан екі жаққа бөлініп кетеді деп ойлаған жоқ.

Қырғыз парламенті спикерінің орынбасары Еркін Алымбеков те осыған ұқсас көзқараста. Қырғызстан қаншалықты бұған мүдделі дей келе, Карнеги қорындағы Ресей және Евразия бағдарламасы бойынша аға қызметкерлердің бірі Марта Брилл Олкотт шын мәнінде аздаған өзгеріс болады деп атап көрсетеді.

- Мен бұның Қырғызстанға бір әсері болады деп ойламаймын, егер тек қана сыртқы саясат болмаса, өйткені олардың сыртқы саясаты Ресейге қарай бағытталған, - деген Олкоттың пікірлеріне ден қойсақ, бұл ретте аймақтағы авторитарлық жүйедегі елдің бірі - Қазақстанда алаңдаушылыққа себеп көбірек тәрізді.

- Бір таңқаларлығы, Қазақстанда көп проблема болады. Өйткені, менің білуімше, Қазақстан Украинаның жаңа режимі және үкіметімен тығыз қарым-қатынастар орната бастаған болатын. Қазақ-украин экономикалық қатынастары бұрын да жақсы болған, олар Украинадағы еркін нарықты Қазақстан мүддесіне сай нығайтуды көздеді деп ойлаймын.

Қорыта айтқанда, трагедия жасауға болмайды, бірақ дәл қазіргі таңда ең кемінде түрлі-түсті төңкеріс өзінің соңына жетті деуге болады деп ой түйеді сарапшылар.
XS
SM
MD
LG