Жұма күні Британия полициясы террорлық астыртын әрекеттер болуы мүмкін деген болжаммен Англиядағы барлық бизнес орталықтары мен үйлерге тексеру жүргізіп жатыр. Британияның қазыналық мекемесінің экономикалық хатшысы Эд Болс, жарылыс жасамақ болды деген 19 күдіктінің есеп шотын жабу туралы шешім өздеріне қауіпсіздік қызметі мен полициядан келіп түскенін айтты. Ұсталғандардың көбісі 20 жастағы лондондық тұрғындар болған.
Қауіпсіздік қызметінің басшылығы өздерінің бірнеше айдан бері күдікті бір топтың шабуылдар жасау жөніндегі жоспарын бақылап жүргенін айтады. Ол жоспар бойынша, ұшақты жаруға бағытталған сұйықтық күйіндегі жарылғыш заттарды ұшаққа қол жүгімен алып кіру керек болған. Осы жолы ол топ Құрама Штаттарға қатынайтын 10 бірдей ұшақты нысанаға алған. АҚШ-тың Қауіпсіздік департаментінің басшысы Майкл Чертоф, террористер жарылғыш заттарды жасырын түрде ұшаққа алып кірмекші болған деп хабарлады.
"Террористер бомбаның құрамындағы жарылғыш сұйықтықтар мен жарғыш заттарды ұшаққа шырын-сулар сияқты, электроникалық қондырғылар және тағы басқа әдеттегі заттар ретінде алып кіруді жоспарлаған”, - деді Майкл Чертоф.
АҚШ президенті Джордж Буш бейсенбі күнгі Уисконсин штатында бұл жарылысты жоспараған күдіктілердің ұсталуы, Құрама Штаттардың терроризмге қарсы соғысын күшейтуіне дәлел болды деп көретінін айтты:
"Соңғы қамаулар біздің отандастармыздың бұл туралы біліп, еркіндікті жақсы көретін бізді қандай жолмен болса да құртқысы келетін ислам фашистерімен біздің еліміз соғыс алдында тұрғанын есіне жақсылап салу болды”.
Астыртын әрекеттермен жарылыс жасамақшы болды деген хабар тарағаннан-ақ, қауіпсіздік шаралары күшейтілгені Британия әуежайларында аласапыран тудырды. Ұшақ рейстері тоқтатылып, қол жүктеріне сұйықтық заттар алып өтпеуі үшін жолаушылар ыждахатты түрде тексеруден өтті.
Осындай қатаң қауіпсіздік шараларына қарамастан, жұма күні Британияның көп әуежайлары қайтадан әдеттегідей жұмыс жасауға кіріскен. Британияның ең ірі әуежайы Хитроу ұзақ жолға шығатын ұшақ рейстері қайта жолға қойылып, АҚШ-қа шығатын ұшақтардың кейбірі ғана ұзақ тексеруден кешігіп ұшуы мүмкін деп отыр.
АҚШ-тың “ABC” арнасының хабарларына қарағанда, жарылыс жасамақ болды деп күдіктелгендердің тағы бесеуін Британияда полиция іздеп жатқанын айтқан.
Хабарларға қарағанда, күдіктілердің көбісі британиялықтар болғанымен кейбіреуінің Пәкістанмен байланысы болуы мүмкін делініп отыр.
Бейсенбі күні кешкісін Пәкістан ресмилері өздерінің Британия үкіметіне ақпарат беріп, өздерінде екі апта бұрын қамауға алынған Пәкістаннан шыққан екі британиялықтың осы астыртын әрекетпен байланысы бары туралы жеткізгенін мәлімдеген. Британия сыртқы істер министрлігінің өкілі халықаралық террористердің жолын кесіп, жарылыстардың алдын алуда Пәкістан үкіметі айтарлықтай маңызды роль атқарды деген.