Accessibility links

Келісім уақытына санаулы сағат қалғанда Ливандағы соғыс күшейе түсті


Израиль мен Ливан Біріккен Ұлттар Ұйымының үндеуіне құлақ асып, өз ара жанжалдасуымызды тоқтатамыз деп келісті. Алайда Ливандағы соғыс қимылдары одан сайын күшейіп жатыр. "Хизболла" партизандары Израиль әскеріне қатты қарсыласып жатыр. Израиль әскері Ливан елді мекендеріне ондаған әуе шабуылын жасады.

Израиль үкіметі жексенбі күні Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын талқылауға мәслихатқа шақырылды. Израиль министрлері қарарға келісу ойымыз бар деген. Ливан Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын сенбі күні мақұлдады, бұл жайында сенбі күні Ливан бас министрі Фуад Синиора мәлім қылды. Сонымен, Израиль де, Ливан да 14 тамыз күні соғысты тоқтатуға келісті. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Кофи Аннан жариялады:

- Екі ел басшылары жанжалды тоқтатуға келісті. Соғыс қимылдары 14 тамыз күні Гринвич уақыты бойынша сағат бесте тоқтатылады деп келісілді. Осы жаңалықты айту мен үшін үлкен бақыт.

Кофи Аннан басты мақсат – бейбіт адамдардың өмірлерін сақтау, екі тарап та зардап шегіп жатыр деп көрсетті. Оқату тоқтатылған соң қақтығыс аймағына БҰҰ әскері кірмек, бейбіт келісімді іске асыруға септігін тигізбек.

"Хизболла" тобының басшысы Саяд Хасан Насрулла Израиль оқтуды тоқтатса бізде халықаралық үндеуге көнеміз деп жариялады.Израильдің "Хаарец" газеті жазып отырғандай, Израиль "Хизболлла" тұтқындарын екі Израиль сарбазына айырбастау туралы да сөйлескісі келеді. Осы жанжалға түрткі болған жағдай - осы екі Израиль сарбазының тұтқындалуы ғой. Бұл оқиға 12 шілде күні болды. Ол екі сарбаз тұтқында аман-есен отыр, олардың денсаулықтары жақсы деп "Хизболла" тарапынан бірнеше рет айтылған.

Оқату сонымен 14 тамыз күні тәңертен тоқтатылуға тиіс. Алайда, келісім уақытына санаулы сағат қалған тұста Израиль мен "Хизболла" қақтығысы жексенбі күні күшейіе түсті. Израиль осы соғыс барысындағы ең үлкен адам шығынына тап болды. Шайқастар барысында Израильдің кемінде 19 сарбазы қаза тапты. Израиль тікұшағы атып құлатылды, тікұшақтағы бес адам іс-түссіз жоғалды, олар қаза тапса керек деп айтылды. "Хизболла" Израиль солтүстігін зымырандармен атқылай түсті. Израильдің Сафед қаласында бір адам қаза тапты, бірнеше адам жарақат алды.

Израиль де әуе шабуылдарын жалғастырды. Ливанның Әли Әл-Нахри қаласында үш бейбіт тұрғын қаза тапты, 13 адам жарақат алды. Тыри қаласының маңында үй қиратылып, бес адам қаза тапты. Олардың төртуі жас бала және олардың анасы. Міне, соғыс қимылдары тоқтайды деген мерзімге санаулы сағат қалғанда қақтығыс аймағынан осындай мәліметтер келіп түсті.
XS
SM
MD
LG