Ауғаныстанның Есірткіге қарсы күрес мәселелері бойынша министрі Хабибулла Қадири көкнәр өсіру елде өткен жылы арта түскенін мойындай отырып, жалпы алғанда былтырғы жылмен салыстырғанда биыл Ауғаныстанда үш есе көп көкнәр өскен алқап жойылғанын атап өтті.
Сейсенбі күні басталған есірткіге қарсы арнайы конференция қарсаңында журналисттермен кездескен министр Қадири қауіпсіздік мәселелері қамтамасыз етілмегендіктен Хелманд уәлаяттарда көкнәр өсіру үш есеге артқанын айтты.
БҰҰ-ның Есірткі мен Қылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша кеңсесі алдағы қыркүйектің 12-сінде жариялағалы отырған есепте Ауғаныстанда көкнәр өсіруге пайдаланылып отырған ауыл-шаруашылығы алқаптарының жаплы көлемі бұрын болмаған дәрежеде артқанын атап көрсетпек. Бұл туралы Азаттық радиосына берген сұхбатында Батыс елдерінің ресми қызметкерлері мен дипломаттары айтқан.
Ал Азаттық радиосы Ауған бөліміне берген сұхбатында Ауғаныстанның Есірткіге қарсы күрес мәселелері бойынша министрінің кеңесшісі Мұхаммед Мұса Хамид Батыс ресмилерінің мұндай мәлімдемесіне орай таң қалғандығын білдірді.
"Көкнәр өсіру артқаны жөнінде алып-қашпа сөздерді естіп жүрміз, алайда бұған нақты дәлел болмайынша күту қажет. Содан кейін барып қана көкнәр өсіру бұрын болмаған дәрежеге жеткен-жетпегенін айта аламыз. Өз басым олай емес деп үміттенемін. Көкнәр өсіру арта қоймаған болар, өйткені басқа ауыл-шаруашылығы өнімдерін өсіруге қажет тұқымдарды үлестіру бағдарламасын қолға алғанбыз,"- деді ол.
Ауған үкіметі елдегі көкнәр өсіру деңгейіне байланысты өз тексеру-тергеулерін әлі аяқтаған жоқ.
Ауғаныстандағы есірткіге қарсы күрес науқанын барынша қолдап келе жатқан Британ үкіметі де БҰҰ-ның есебі жарияланбайынша, мұндай хабарға байланысты өз ойын айтпайтындығын мәлімдеді. Алайда жеке жағдайда Британ және Американ ресми қызметкерлері Ауғанстанда көкнәр өсіру былтырғымен салыстырғанда едәуір өскенін, тіпті 40 пайызға дейін артқан болуы мүмкін екенін айтты.
Олардың сөзінше, көкнәр өсіру Ауғанстанның барлық жерінде артпаған. Елдің кей аймақтарында көкнәр алқаптарын жою әрекеттері оң нәтиже берген. Алайда, елдің оңтүстігінде Талибанға қатысты қақтығыс, зорлық әрекеттері қайта басталғандықтан, Хелманд қатарлы аймақтарда үкіметтің көкнәр алқаптарын жою шарасы айтарлықтай нәтиже бере қоймаған.
Ауғаныстандағы БҰҰ-ның жоғары дәрежелі ресми уәкілі Том Конигз Хелмандтағы кедей шаруалардың көкнәр өсірген алқаптарын жою аймақта үкіметке деген қарсылықты күшейтуі мүмкін болғандықтан бұл шаралар біраз бәсеңдеп қалған. Оның сөзінше, есірткіге қарсы шараларға халықаралық бейбітшілік сақтау жасақтарының араластырылмауының себебі де осында.
Ресми Кабулдың есірткіге қарсы күрес шараларын халықаралық қауымдастық қолдап отыр. Бұл үстіміздегі жылдың көктемінде Лондонда өткен Ауғаныстанға жәрдемдесу бойынша халықаралық конференцияда да көрініс тапты.
АҚШ пен Британия Ауғаныстандағы есірткіге қарсы күрес шараларына миллиондаған доллар қаражат бөлді. Оның нәтижесі де жоқ емес. Мәселен елдің шығысындағы Нангархар уәлаятында өткен жылы көкнәр өсіру 96 пайызға азайған. Биылғы наурыз айынан бері есірткіге қарсы полиция елдің әр түпкірінде 10 есірткі лабораториясын жойған.