Шанхай ынтымақтастық ұйымының аймақтық лаңкестікке қарсы кеңесінің биылғы жылдың мамыр айының 29-ындағы шешімі бойынша, тамыздың 24-і күні Қазақстан мен Қытай арасында алғаш рет лаңкестікке қарсы біріккен жаттығулардың басталғанын растады Қытайдың Қазақстандағы елшілігінің баспасөз хатшысы ЧИН ханым сол күні «Азаттық» тілшісіне.
- Ия, бүгін болатынын білемін. Біздің әскери атташе қазір сол шаралардың басы-қасында жүр. Бұл жаттығулардың бірінші кезеңі Қазақстанда, сонан кейінгісі Қытай ауқымында өтеді, - деді Қытайдың Қазақстандағы елшілік қызметкері.
Ал Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметкері Мұхтар АНАРБЕК лаңкестікпен күрес Қазақстан мен Қытай үшін ғана емес, жалпы дүниежүзі елдері үшін қазір нөмірі бірінші қауіп-қатерге айналғанын, сондықтан да, осындай біріккен жаттығулардың өткізілетіндігін айтты:
- Ол жаттығуға Қазақстан Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің лаңкестікке қарсы орталығының бастауымен ҰҚҚ-нің Шекара қызметі, Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің күштері мен құралдары тартылатын болады. Бұл жаттығулар барысында лаңкестерді іздестіру, заңсыздандыру және залалсыздандыру бойынша іс-шараларды пысықтау және кепілдегілерді босату бойынша әскери жаттығу операциялары өткізіледі. Қазақстанда жаттығу Жаркент қаласы маңында, ал тамыздың 26-сында ҚХР-ның Инин қаласында өткізіледі.
Жалпы бұл - Қытайдың Шынхай ынтымақтастық ұйымы мүшелерімен өткізіп отырған алғашқы әскери жаттығуы емес. 2002-ші жылы қазан айында Қытай мен Қырғызстаннның шекаралас аудандарында екі елдің әскерилері лаңкестікке қарсы ортақ жаттығулар өткізген. 2003-ші жылы қытай әскерилері ШЫҰ аясында лаңкестікке қарсы көпұлттық әскери жаттығуларға қатысты. Оған Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери күштері жұмылдырылған. 2005-ші жылдың тамыз айында Қытай Ресеймен бірге алғашқы ауқымды әскери оқу-жаттығуларын ұйымдастырды.
Ал 2006-шы жылы кезекті постсоветтік елмен - Қазақстанмен Қытайдың лаңкестікке қарсы жаттығу шараларын бастауын Қазақстан президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Мұрат ЛАУМУЛИН Қытайдың аймақта жүргізіп отырған кең көлемді саясатымен байланыстырады.
- Әрине, бұл Қытай позицияның күшеюі. Бізге бұл зиян әкелмейді, біз олармен ынтымақтастықтамыз. Дегенмен, Қытай, міне, өзін таныта бастауының нышандық белгісі байқалуда. Қытай Шынхай ынтымақтастық ұйымы, лаңкестікке қарсы шаралар аясында әскери контингентін біздің территориямызға әкелгісі келетін тәрізді. Себебі, Қытай көз алдымызда күшейіп, оның экономикалық-саяси жағынан өсуі байқалады. Ескі сыртқы саяси концепциясын қайта қарауда. Сонымен бірге Қытайдың Орталық Азия елдерінен өзге көршілерімен қарым-қатынасы күрделі екендігі белгілі. Монғолиядан бастап, Вьетнам, Бирмаға дейін Қытайға сақтықпен қарайды. Сондықтан, бұл – Қытай үшін халықаралық топ жарып шығудың жалғыз жолы, - дейді Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Мұрат Лаумулин.
Алайда, Қытай және Ресей институтының бұрынғы директоры Камал БҰРХАНОВ Қытай мен Ресейдің ортақ оқу-жаттығулар өткізуінің халықаралық лаңкестіктің алдын алуынан өзге мақсаттары болуы мүмкін емес деп есептейді:
- Лаңкестікке қарсы кішкентай бір бөлімшесінің Қазақстанда жаттығу өткізуі Қытайдың әскери ықпалын күшейтеді деп ойламаймын. Бұған дейін АҚШ сияқты басқа елдер де Орталық Азияда әскери жаттығулар өткізген. Лаңкестік деген - 21-шы ғасырдың ең үлкен қаупі ғой. Сондықтан, лаңкестікке қарсы АҚШ-пен де, Ресеймен де, Қытаймен де бірге жаттығулар жасап, лаңкестікке қарсы күресу керек. Бұдан өзге мәселе болуы мүмкін емес.
2002-ші жылы Пекинде Қазақстан мен Қытай арасында лаңкестік, сепаратизм және экстермизмге қарсы ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол қойылған болатын. Сонымен бірге қазіргі кезде Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында лаңкестікке қарсы аймақтық құрылым жұмыс істейді.