Ресми деректерге қарағанда, Қытайда есірткі қолданушылардың саны 700 мың адам болады екен, ал егер бұл сан ұлғая берсе, жағдай ушыға түсуі мүмкін дейді олар. Қытайдың көршілері - "Алтын жарты ай" деген атқа ие есірткіні ең көп өндіретін Ауғанстан мен Пәкістан және "Алтын үштік" деп аталатын Миянмар мен Тайланд, Лаос елдері.
Қытайдың сондай-ақ жер бетіндегі халқының саны ең көп ел екендігі де белгілі, оның тұрғындарының саны 1 миллиард 300 миллион болады. Халықтың басым көпшілігі қарқынды дамып бара жатқан экономикасына сәйкес байлыққа ұмтылатындығы да айқын. Міне осы екі факторды қосып алғанда, есіркті қожайындарының Қытайдың ішіне қарай ентелеп енгісі келетіндігін түсінуге болады.
Қытайдың Синьхуа ресми жаңалықтар агенттігі елдің қауіпсіздік вице-министрі парламент алдында есірткінің қазір қытай жұртшылығына қатты қауіп болып төніп тұрғындығын атап көрсетті деген хабар таратты.
Швецияның Упсала универистетіндегі Жібек жолы зерттеулері бағдарламасының директоры Никлас Суанстром есірткі контрабандасымен айналысатындар - болып тұратын жанжалдар мен кейбір бас көтерулерге байланысты орталық биліктің көп ретте қолдары жете бермейтін аймақтарды таңдап алады дейді.
Сарапшының айтуынша, Қытайдың батысындағы Синьцзян Ұйғыр автономиясы дәл осындай аймақ.
- Мұнда этникалық азшылықтар тұрады. Олардың қаржылық жағдайлары да керемет жақсы деуге келмейді, сондықтан да олар үшін өз байланыстары арқылы Орта Азиядан есірткі тасымалдау жеңілірек болады.
Есірткінің ең басты жолы - Ауғанстаннан Тәжікстан арқылы Қытайдың ішкі жағына қарай дендеп енеді. Қытайдың шығысына, Ресейдің солтүстік аймағына, сондай-ақ Иранның батысы мен оңтүстігіне де есірткі Орталық Азия арқылы тасымалданады. Ауғанстан әлемдегі ең көп мөлшерде апиын өндіретін ел деп есептеледі.
БҰҰ-ның есірткі және қылмыс кеңсесінің бағалауынша, 2005 жылы Ауғанстанда өндірілген апиын өнімінің көлемі 4 мың тонна болған. Ал 2006 жылы бұл көрсеткіш 40 процентке дейін ұлғая түскен.
Ауғанстан президенті Хамид Қарзай тамыздың 22-сі күні Кабулда сөйлеген сөзінде лаңкестік елге ұзақ уақыт қауіп төндіріп тұра алмайды, ал керісінше қауіп-қатер тудыратын, көкнәр өсірудің кең етек алып бара жатқаны деп атап көрсеткен еді.
Міне енді Қытай мемлекеті де "Алтын жарты ай" және "Алтын үштік" елдерінен ағылып жатқан есірткі ағынына қарсы пәрменді күрес ашпақшы. Қытай мен Миянмар шекарасы этникалық азшылықтар белсенді әрекет ететін шекара үлгісіне жатады дейді сарапшы Никлас Суанстром.
- Қытайдың шекарадағы Юннан аймағымен қарым-қатынасы бар этникалық азшылықтар әдетте есірткі контрабандасына көп тартылады, олардың өз жүйелері де бар және ондай байланыстар нақты жұмыс істейтіндей болып құрылған.
Миянмар шекарасы аймағындағы жағдайды бақылауда ұстау үшін Қытай Миянмардың ресмилерімен ынтымақтастықты ұлғайтып, полиция қызметкерлерімен жаттығулар өткізуде.
Синьхуа агенттігі бұл күндері Бейжинде талқыланып жатқан заң жобасы полиция қызметкерлеріне шекарадан өтетін жолаушылардың сөмкелерін, қол жүктерін тексеріп қана қоймай, теміржолдарда да, автобус аялдамаларында да кетіп бара жатқан жолаушылардың сөмкелерін қарап, тексеру хұқын береді деп хабарлады.
Өз кезегінде Қытай 2005 жылы есірткімен байланысты, оның заңсыз тасымалына қатысты деген күдікпен 60 мың адамды ұстағандықтарын айтады.