1941 жылы Кеңестер одағының Еділ өңірі мен Поволжья аудандарын мекен еткен немістерді күштеп жер аудару туралы бұйрыққа сол уақытта Кеңестер одағының жоғарғы кеңесі президумының төрағасы болған Михаил Калинин қол қойған. Аталмыш құжатта: “Поволжья ауданында тұрып жатқан неміс халқының арасында Кеңес одағының жауы болған Германия үшін жұмыс істейтін мыңдаған диверсанттар мен тыңшылар бар. Олар Поволжья ауданында төңкеріс жасауы мүмкін. Бұл құжат сол себепті қабылданып отыр”, деп айтылады.
Қазақстандағы неміс ұлтының өкілі жазушы әрі аудармашы Герольд Бельгер бұл саясат Қазақстандағы неміс ұлты санының айтарлықтай өсуіне әсер етті, дейді.
“Сол жарлықтан соң іле-шала Ресейдің Мурманск, Ленинград, Мәскеу, Краснодар өлкелеріндегі Әзербайжан, Армения, Грузияда тұрған немістерді Қазақстанға эшолон-эшолонмен әкелді. Жалпы санақ бойынша сол жылдары Кеңестер одағында 1 млн 120 мың адам жер аударылған. Оның 462 мыңға жуығы Қазақстанға келіп қоныстанған. Мінеки, содан бері Қазақстанның кез-келген жерінен немістерді кездестуріге болады”, - дейді Герольд Бельгер.
КСРО мен Германия арасындағы саяси қарым-қатынастың шиелене түсуі Кеңестер одағында тұрып жатқан немістер үшін қауіпке айналды. 1930 жылдардың аяғында немістер мекен еткен аймақтардағы, ауылдық, аудандық кеңестер жабылып, неміс мектептері орыс тіліне көшіріліп, неміс тіліндегі басылымдар жойылды.
“1941-53 жж. аралығында неміс ұлтының жағдайы нашарлап кетті. Өйткені, оқуға мүмкіндік бермеді. Мектептердің бәрі жабылып, газеттер шықпады. Мен өзімде қазақ мектебін бітірдім. Сонан бір-екі жыл жоғары оқу орнына түсе алмай жүріп қалдым”, - дейді жазушы Герольд Бельгер.
Күшпен қоныс аударылған немістер тоқтаусыз жүрген тіркеме вагонндармен Қазақстан мен Сібірдің ең алыс аймақтарына жеткізілген. 1942 жылдың басында жер аударылған 15 пен 55 жас аралығындағы ер адамдар мен 16 мен 45 жас аралығындағы 3 жастан үлкен баласы бар әйелдер ауыр еңбекке жұмылдырылды. Қартайып еңбекке жарамсыз болып қалған неміс қоныс аударылған аймаққа қайтарылған.
Ал 1964 жылы тамыздың 29-ы күні Кеңес одағының немістерін ақтау туралы үкіметтің жарлығы шықты. Онда Поволжья ауданында тұрған немістердің арасында Германия үшін жұмыс істейтін мыңдаған диверсанттар мен тыңшылар болды деген айыптаудың негізсіз болғандығы айтылды. Ресми мәліметке жүгінсек, Қазақстан аумағында миллионға жуық немістер тұрған. Бүгінгі таңда олардың тең жартысынан астамы өздерінің тарихи отандарына көшіп кеткен.
“Немістердің тарихи отанына қоныс аударуы тек Қазақстанда ғана орын алған жоқ. Бұрынғы СССР деген елден көшкен немістер саны қазір 2 млн.-ға жуық. Олардың барлығының жағдайы Германияда жақсы деп айту қиын. Зейнеткерлердің, жас балалардың жағдайы жаман емес. Балалар қалаған білімін алады”, - дейді Герольд Бельгер.
Қазақстанда тұрып жатқан немістердің жағдайы жаман емес екендігін алға тартқан Герольд Бельгер саны жағынан аз халыққа Қазақстан үкіметі жағдай жасаса, дейді.