«БАҚ туралы» заңға үкіметтің өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты наразылық білдіріп, халықаралық ұйымдарға үндеу жариялаған журналистердің арасында республикалық «Апта кз» газетінің бас редакторы Серғазы МҰХТАРБЕКОВ те бар. Ол жаңа заң нормалары қабылданғаннан бері өз қарамағындағы тәуелсіз газеттің кез-келген уақытта жабылып қалуынан қауіптеніп отыратындығын айтады:
- Мәселен, біздің мемлекеттік басылымдар сияқты салып берген ғимаратымыз жоқ. Мына жерді біз жалға алып отырмыз. Егер ертең бұрынғыдай бізге орынды жалға берген адамдарды қысатын болса, онда біз редакцияның мекен-жайын ауыстыруымызға тура келеді. Онда жаңа талап бойынша қайта тіркеуден өтуге тура келеді. Онда, әрине, тіркеуден өткізбейді. Сол үшін жасалып жатқаны екінің біріне белгілі.
Еуропалық Одаққа, Еуропарламентке, АҚШ Мемлекеттік департаментіне, АҚШ Конгресіне, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына, халықаралық журналистердің құқығын қорғау ұйымдарына жолданған бұл хатқа 40-тан астам қазақстандық журналистер мен журналистік ұйым жетекшілері қол қойған.
Қазақстандық «Әділ сөз» ұйымының төрайымы Тамара Калеева кез-келген жоғарғы лауазымды шенеуніктің жақсы немесе жағымды істері әлем алдында әркез әшкере болуы тиіс деп есептейді.
- Біздің Ақпарат министрі қаңтар айынан бері осы қызметте істеген уақытында сөз бостандығына айтарлықтай нұқсан келтірді. Оның ең үлкені – «БАҚ туралы» заңға өзгерістер енгізуі. Біз халықаралық ұйымдар, еуропалық елдер біздің еліміздегі болып жатқан жағдайдан хабардар болуы тиіс деп ойлаймыз. Олар өз елдеріне Белоруссия президенті Лукашенконың келуіне қалай тиым салды, солай біздегі сөз бостандығының дұшпанына да азат ел болып есептелетін мемлекеттерге баруына шектеу қойсын. Биылғы жылы «Шекарасыз репортерлер» ұйымы сөз бостандығының дұшпандарын анықтаған кезде Ертісбаевты да сол тізімге қоса ма деп үміттеніміз, - дейді «Әділ сөз» ұйымының жетекшісі Тамара Калеева.
Ал тәуелсіз журналист Айгүл Омарова «БАҚ туралы» заңға енгізілген өзгерістердің Қазақстандағы сөз бостандығына ешқандай қатысы жоқ деп есептейді. Ол Қазақстандық журналистік ұйымдардың бұл ісіне шынайы өмірде журналистердің құқығын қорғаудың орнына сөз бостандығы деп құр дабыра көтеру деген баға беріп отыр.
- Жаңа қабылданған заң нормалары бостандыққа тиіспейді. Біздің әріптестердің «сөз бостандығы» деп несіне шулайтынын түсінбеймін?! Мұның бәрі өтірік! Жаңа өзгерістер бас редакторға, басылымды тіркеуге, меншік иелеріне ғана қатысты. Ал сөз бостандығына қысым жасамайды. Бізде өз ішімізде қысым, самоцензура! – дейді журналист Айгүл Омарова.
Дегенмен, «Апта кз» басылымының бас редакторы Серғазы Мұхтарбеков үкіметтік өзгерістер енгізілген «БАҚ туралы» заңның қазірдің өзінде Қазақстанның халықаралық беделіне, оның ішінде Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мүмкіндігіне кері әсерін тиігізіп жатқандығын тілге тиек етеді:
- ЕҚЫҰ-на төрағалық ету мәселесі қаралған кезде осы заңды қайта қарау туралы мәселе қайта көтеріле ме деп ойлаймын. Себебі, кешегі мемлекеттік комиссиядағы Рахат Әлиевтің баяндамасына қарасаң, АҚШ пен Ұлыбритания біздің төраға болғанымызға қарсы болып отыр екен. Өйткені, атап көрсеткен пункттерінің ішінде дәл осы заң жүр! Осы көтерілген мәселеден кейін біздің хатымыз қолдарына тиіп жатса, «үмітсіз - шайтан», бәлкім көмегі болып қалар.
«БАҚ» туралы заңға өзгерістерді маусымның 29-ы күні Парламент қабылдап, 6 күннен кейін оған Қазақстан президенті қол қойған болатын. Алайда, Еуропалық Одақ, үкіметтік емес «Фридом хауз» ұйымы, халықаралық журналистер федерациясы тәрізді көптеген халықаралық ұйымдар бұл өзгерістерге көңілдері толмайтындықтарын білдіріп, мәлімдемелер қабылдаған.