Accessibility links

Кофи Аннан Ливанда оқатуды тоқтату келісімін мұқият сақтауға шақырды


Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Кофи Аннан соғыстан зардап шеккен Ливан оңтүстігінде жүр, бұдан кейін ол Изральге бармақ. Кофи Аннан Ливанда БҰҰ бітімгершілік әскерін орналастыру жағдайын қамтуды сөйлесіп жүр. Кофи Аннан жақын күндері Сирияға бармақ, сенбі күні Иранға бармақ.

Кофи Аннан бүгін Ливан оңтүстігінде Нақұра қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымы Ливандағы уақытша әскерінің бас кеңсесінде болды. Бұдан соң Кофи Аннан барлық тараптарға қайырылып, оқатуды тоқтату келісімін мұқият сақтауға шақырды:

- Оқ атуды тоқтату келісімін тұрақты келісімге айналдыруға мүмкіншілік болып тұр. Саяси келісім шеңберінде Ливанда бейбітшілік орнатуға, Ливан мен Израиль арасында бейбіт қатынас орнатуға мүмкіншілік болып тұр.

Кофи Аннан Израиль мен "Хизболла" соғысына түрткі болған екі израильдік сарбаздың мәселесі тезірек шешілсе жөн деді. Осы екі сарбазды "Хизболла" тұтқындап, оқиға 34-күндік соғысқа айналды. Кофи Аннан ол екі сарбаз босатылып, не Халықаралық Қызыл Крест ұйымына, не Ливан үкіметіне, не үшінші тарапқа берілсін дейді. "Хизболла" Израиль түрмелеріндегі ливан және палестина тұтқындары босатылсын, екі израиль сарбазын осы шартпен жібереміз дейді.

Кофи Аннан Израильге тағы қайырылып, Ливанға жасалған блокаданы алып тастауға шақырды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливандағы уақытша әскері осы аймақта ондаған жылдар бойы орналасқан, мұнда екі мың сарбаз бар. Енді міне ЮНИФИЛ-2 деп аталатын Біріккен Ұлттар Ұйымының тағы бір бітімгершілік жасағы орналастырылмақ, мұнда 13 мың сарбаз болады, Біріккен Ұлттар Ұйымы әскерінің қатары Ливанда ұзын саны 15 мыңға жетеді деп күтіліп отыр. Кофи Аннан бұл жақын күндері не жақын апталарда іске асады деді.

Бітімгершілік әскер Ливан оңтүстігі мен Израильдің шекаралас аймағын бақылайтын болады, қарулы қақтығыстардың болмауын қадағаламақ. Әскерге қажет жағдайда шабуылды бірінші бастауға құқық берілді. Әскерге алдымен Франция қолбасшылық жасайды, басқару кезегі сосын Италияға өтпек. Бірақ, мәселе қайда, халақаралық бітімгершілік әскерді орналастырудың сәттілігі барлық тараптардың толық үйлесімдігін талап етеді. Сондықтан Коффи Аннан бір қатар елдің астаналарын аралап жүр қазір.

Кофи Аннан дүйсенбі күні журналистермен сөйлескенде блокаданы алып тастау мәселесін Израиль ресми өкілдерімен тікелей талқылаймын деген. Израиль осының алдында айтқан сөздерінде "Хизболлаға" қару-жарақ эмбаргосы салынсын, блокаданы осы шартпен алып тастаймыз деген.

Осы жерде Израиль мен Сирия талаптарының қарамақайшылығы шығып отыр. Кофи Аннан Сирияға қайырылып, Ливанмен шекаралас аймағында қару контрабандасын тоқтатуға шақырды. "Хизболлаға" қару Ливанға Сирия арқылы өтеді делінеді. Израиль БҰҰ әскері Ливан-Сирия шекарасында орналастырылсын дейді, Сирия бұған қарсы. Сирия мен Ливан шекарасын бақылау мәселесі Ливанда қол жеткізілген оқатуды тоқтату келісімі тұрақтылығының ең жанды мәселесінің бірі. Еуропа Одағының Таяу Шығыстағы арнайы елшісі Марк Отте бүгін Брюссельде сөйлеген сөзінде осы мәселе өте маңызды екенін атады.
XS
SM
MD
LG