Accessibility links

Неліктен Сіз Түркімен кілемін Түркіменстаннан сатып ала алмайсыз?


Ғасырлар бойы Орта Азиядағы қолдан тоқылған қызыл кілем Түркімен отбасылары үшін әсіресе ауылдық жерлерде тұратындар үшін өте маңызды кіріс көзі болып саналып келді. Бірақ, қазіргі таңда бұл қол өнер бойынша мамандар, Түркіменстаннан қол өнершілердің жоғары сапалы туындысын табу қиынға соққанын айтып отыр. Оның орнына шебер тоқылған Түркімен кілемін Ауғаныстан мен Пәкістандағы Түркімен қауымдастықтарынан таба аласыз. Сонымен кезінде Түркіменстанның атын шығарған қызыл қоңыр кілем қайда кетті?

Түркімен кілемін тоқушы қолөнер шеберлері арнайы жасалған ағаш станогта қолмен өрілген жіпті қатайтып балғамен ұрып отырып тоқиды. Осы ырғақпен ұзаққа түзілген әдемі қызыл қоңыр жіптер арқылы дәстүрлі ою-өрнектер салынады. Түркімен дәстүрі бойынша кілемді әйелдер тоқиды, ерлері тоқыма станогын құрады. Бұл дәстүр сондай көне болғаны соншалық, оның шығу тегі қайдан екенін ешкім білмейді.

Бірақ, қазіргі заманда Түркіменнің тоқыма өнері айтарлықтай өзгеріске ұшыраған. Ондай өзгерістердің бірі 1980 жылдан бері Түркіменстанның тоқыма өнеркәсібінде болды. Дәстүрлі ою өрнектің орнына қарқынды түрде жаңа механикалар әкелініп, фабрикалар аздаған отбасы мүшелерінің жұмыс орнына айналды. Сөйтіп, мемлекеттік фабрикаларда күн сайын қолдан тоқылмаған, жаңа механиканың күшімен жасалған коммерциялық кілемдер жаппай шығарыла бастады, оларды шетелге көтерме саудамен арзан бағаға шығара бастаған. Стамбулдағы кілем маманы, кәсіпкер Абдул Рахимның Азаттыққа айтуынша, мұндай бағыт Түркімен кілемінің халықаралық атағына нұқсан келтіріп, оның құндылығын азайтады.

“Бұрындары кілемдерде әдемі қол жұмысы көрінетін, барлық кілем қолмен тоқылатын. Бірақ, қазір адамдар кілемді машинамен жасайды. Тіпті олар кілемшелерді бір көргенде жүн түгінен ажырата алмай қалатындай пластик талшықтарынан жасайды. Және адамдар кілемді тез сатуға шығару үшін аз уақыттың ішінде жасап шығарады. Бұл тұрғыда кілемдер өз құндылығын жоғалтып жатыр”, - дейді түркімен кілемінің маманы.

Сонымен қатар, кілем шығаратын фабрикалардың көбеюі осыған дейін табыс көзі кілем сату болған тоқымашы түркімен отбасылары үшін қиын болды. Бұл елдегі жұмыссыздар санын көбейтті. Десе де бұл индустрияландыру түркімен тоқымашыларына бұл күнде келіп отырған жалғыз қысым емес.

Кілем мамандары сонымен бірге түркіменстанды әлемнің басқа бөлігінен оқшауландырып отырған ел үкіметінің саясатын кінәлайды. Олардың пікірінше, биліктің ол саясаты елдегі қолөнершілердің шетелге шығу мүмкіндіктерін шектеп, жаңа бағыт алуына жол бермейді.

Этникалық түркімен Хаджы Абул Рахман бірнеше жыл Пәкістанда босқын ретінде өмір сүрген. Оның сөзіне қарағанда, Түркіменстан 1991 жылы тәуелсіздік алған соң, өзінің атамекенінен кілем экспортын дамыту мүмкіндігі болады деп үміттенгенін айтады.

“Ең үлкен проблеме виза алу қиындығы болды. Біз визаны алты айға ғана алып, әрбір алты ай сайын визаны созуымызға тура келді. Соңғы күндері олар әшейін ғана біздің визамызды созудан бас тартты. Біз бұл жерде бизнесіміз бар екенін айтқанымызда, олар бұл президент Сапармұрад Ниязовтың шетелдіктер елден шығарылсын деген жарлығына сәйкес деп деп айтты”, - деген этникалық түркімен.

Тіпті жеке кәсіпкерлігі бар түркімен азаматтарының өзі тауарларын шетелге шығара алмай бірнеше кедергілерге тап болған. Өйткені, экспортқа кілем шығару үшін үкіметтік Кілем мұражайының арнайы рұхсатын алуы керек болған.

Мұндай бюрократиялық кедергілер Пәкістан мен Ауғаныстан сияқты басқа елдегі этникалық түркімен тоқымашылары үшін де өте күрделі мәселеге айналып, олардың Түркіменстанға баруы қиындаған.

Бірақ, осындай қиын жүйелерден кейін, бүгінде Түркімен кілемінің шығар жері оның атамекенінде емес, Ауғаныстан мен Пәкістан сияқты этникалық түркімендер тұрып жатқан басқа елдерде болып отыр. Ауғаныстан, Пәкістандағы Түркімен қауымдастығы жаңа дизайндар енгізіп, түркімен кілемін әлемдік базарға шығара бастаған.

Тіпті Түркіменстан президенті Сапармұрад Ниязовтың өзі де, еліндегі кілем жасау өнеркәсібінің Ауғаныстан мен Пәкістанмен салыстырғанда, төмендегеніне алаңдаушылық танытып, таяуда өткен үкіметтің отырысында жергілікті кілем жасаушы орындарға тоқымашыларын Ауғаныстан мен Пәкістанға кілем тоқуды қалай жақсарту керектігін үйреніп қайту үшін жіберуге шақырған.

Бірақ, Ниязов экспортқа шығарудағы шектеулерді алу немесе шетелдіктермен жұмыскерлік байланыс құруды жеңілдету қажеттігі сияқты мәселелерді көтермеген.
XS
SM
MD
LG