БҰҰ Есірткі және қылмыс мәселелері бойынша кеңсесі есірткі өндірісіне қарсы күрес бағдарламасының осы жағында соңғы 20 айда табыс болмады дейді. Жалпы, БҰҰ-ның кеңсесі Ауғанстан үкіметін 2005 жылы төрт мақсатқа қол жеткізуге шақырған. Бұлар – көкнар алқаптарын жою; есірткі тасымалының ірі істерін тергеу; есірткі бизнесімен сыбайлас ресми өкілдерді жауапқа тарту; есірткі бизнесіне қарсы күрес салалардың қызметін қайта ұйымдастыру. БҰҰ-ның кеңсесі осы төрт мақсаттың төртіншісінде ғана табыс болды, есірткі бизнесіне қарсы қызмет министрлігі құрылды және ішкі істер министрлігінің қарауында есірткі бизнесіне қарсы жасақ құрылды дейді. Ал басқа бағыттарда алғабасу жоқ, қанша конференция өткізілсе де, есірткі бизнесіне тосқауыл қоямыз деп қанша мәлімденсе де нәтиже шамалы.
БҰҰ Есірткі және қылмыс мәселелері бойынша кеңсесі көкнар өндірісі 59 пайызға өсті дейді. Яғни бұрын 104 мың гектарда көкнар өсірілсе, енді көкнар алқаптары 165 мың гектарға жетті. Ауғанстан оңтүстігінде тұрақсыздықтың өсе түскені осымен байланысты сияқты. Нео-талибаншылар деп аталатын орталық үкіметтің қарсыластары, олардың араларында есірткі өндірісінің алпауыттары да бар, тұрақтылыққа қарсы әрекеттерін күшейте түсті.
БҰҰ өкілі Антонио Мариа Коста дүниежүзі бойынша апиын сұранысының 92 пайызы биыл Ауғанстаннан қамтылмақ дейді. Яғни Ауғанстанда биыл 6100 тонна апиын өндірілмек. Бұл 2002 жылы өндірілген 3400 тонна апиынға қарағанда екі еседей көп.
Ауғанстан президенті Хамид Қарзай 4 қыркүйек күні сөйлеген сөзінде қауіпсіздік мәселесі мен есірткі өндірісінің арасында тікелей байланыс бар деді. Ауғанстандағы жағдайды үш нәрсе бұзып тұр, бұлар – терроризм, терроризмге шетелден көмек көрсету және апиын өндірісі, деді Қарзай.
"Не біз көкнарды жоямыз, не көкнар бізді құртады", – деді Қарзай.
Көкнар алқаптарын қысқарту полициядан қатаң тәртіп талап етеді. Бұл жағы Ауғанстанда ақсаңдап тұр. Көкнар өндірісінен бас тарту үшін диқандарға балама өндірістің жолын көрсетіп, басқа табыс көзін тауып беру керек. "Азаттық" радиосының аймақтық сарапшысы Амин Тарзи есірткі тасымалын басқаратын азаматтарды жауапқа тарту жұмысымен айналысуға Ауғанстан үкіметінің мүмкіншілігі бар, үкімет есірткі коррупциясын ауыздықтауды да қолға алатындай жағдайда дейді. Бұл мақсатта есірткі бизнесіне кез-келген қатысы бар ресми қызметкерлерді жауапқа тарту керек, бұл үлкен істің құрамдас бөлігі делінеді.
БҰҰ өкілі Антонио Мариа Коста халықаралық қауымдастық Ауғанстан үкіметіне бұл салада бастапқы көмегін көрсетуге күш салған дейді. Президент Хамид Қарзаймен сөйлескен Антонио Мариа Коста полиция және прокуратура қызметкерлері дәрістемелерден өткендерін атады, сот үйлері мен қамау орындарын салуға көмек көрсетілгенін атады. Енді міне Ауғанстан үкіметі заң жүйесін дұрыс пайдалану керек, заң мәртебесін орнату керек делінеді.