Құрылысы әлі толығымен аяқталмаған Бейбітшілік және келісім сарайында әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының екінші съезі өтуде. Осыдан үш жыл бұрын әлемнің дін басылары Астанаға жиналғанда Қазақстан басшысы Ақорда жанынан барлық дін өкілдері бір есіктен кіріп, құдайға құлшылық ететін үй салам деп уәде берген еді. Ол сол кезде үйдің пішіні жұмыр жер тәрізді дөңгелек болатынын да айтқан болатын. Алайда бір жылдың ішінде тұрғызылған бұл сарай дөңгелек емес, үш бұрышты – яғни пирамида пішінінде тұрғызылды. Дегенмен де Қазақстан басшысы екінші құрылтайға жиналғандардың алдында осыдан үш жыл бұрынғы уәдесін орындағанын айтты.
Бұл жолғы жиынның басты тақырыбы – «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» деп аталды. Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев съездің ашылуында «діндер басшыларын өзара өркениетті диалог жолында үш «түсіністік қағидаларын» ұстануға шақырды. Оның бірі, ғасырлар бойы қалыптасқан өзара қабылдау стереотиптерінен бас тарту.
«Менің саясаткерлік тәжірибем өз стереотиптеріңнен аттап өте алуың керек дегенді айтады», - деді Н.Назарбаев.
Қазақстан президентінің айтқан екінші қағидасы – біреудің қастерлі саласына қол сұғудан саналы түрде бас тарт десе, үшіншісі – жаңа, бейқалып қатерлерге қарсы әлемдік және дәстүрлі діндердің бірлескен жауабы. Сонымен бірге Қазақстан президенті «егер әр діннің өкілдері өздері ұстанатын діннің басқа діндерден ерекшелігін айтып, салмақты түрде талқылай бастаса, онда келіспеушіліктің негізі басында екенін түсінуге болады», деді сөзінде.
Дегенмен Қазақстан басшысы айтқанындай-ақ діни форумға жиналған дін өкілдерінің жетекшілері диалог барысында діннің түбінде – бір Аллаға сиыну жатқанын айтқанымен, әрқайсысы өз діндерінің ерекшелігін айтып өтпей қалмады. Дөңгелек үстел басында отырып, бір-бірлеріне реніштерін білдірген де дін өкілдері болды. Мәселен, Израилден келген раввин Йона Мецгер Таяу Шығыстағы шиелініске байланысты «халықаралық лаңкестіктің нақты адресі бар» деді:
– Оның жасыратыны жоқ. Ол – Ислам елдері мемлекеттері. Мысалға алсақ, Әл-Қайда, Бен Ладен, Хамас тобы, Хизболлах. Осылардың барлығы террорлық ұйым және лидерлері болып саналады. Олардың өздері лаңкестіктің артында діни сенім жатыр деп мәлімдейді. Осыған байланысты Ислам діни жетекшілеріне сұрақ? Олар неге осыны тоқтатпайды?
Ал Египеттен, Ираннан келген Ислам дінінің жетекшілері, керісінше, Таяу шығыстағы шиеліністе Израил басшыларын кінәлады. Мысалы, Халықаралық Ислам университетінің президенті Махмуд Ахмад Ғази Ливандағы, Пәкістандағы жағдайларды мысалға келтіріп, Израил басшылары қаншама мұсылман халқының жазықсыз балалары мен аналардың өмірлерін алып кетті деп айыптады.
Алайда Қазақстан президентінен кейін съезге модераторлық жасаған Парламент Сенатының төрағасы Н.Әбіқаев сөз арасында «бұл жерге біз дінаралық диалог орнатуға жиналып отырмыз», деп сабырға келуге шақырды. Әлем діндері жетекшілерінің екінші съезіне бастан-аяқ қатысқан, Қазақстанда жарық көретін «Алтын орда» апталық газетінің сарапшысы Рәзиға Әшім осы жиын жайлы өз ойын «Азаттық» тілшісіне былайша жеткізді:
– Дін өкілдерінің, діни жетекшілердің Таяу шығыста болып жатқан қан төгіс, жанжалдарға байланысты қандай да бір дауысы шыққан жоқ ғой. Бұл съезд үш жыл бұрын өтті. Оның не бергенін көрген жоқпыз. Үш жылдан кейін тағы өтіп тұр. Енді бұл съезд қортындысының не беретінін тағы білмейміз. Негізінде диалог болу керек. Бірақ, әлем діндері жетекшілерінің съезі бізге не үшін керек? Бұл әлемге әлі толық танылмай жатқан Қазақстанды әлемге бір қырынан таныту үшін керек.
Ал тәуелсіз сарапшы Бақытжан Дүйсен былай дейді:
– Байқап отырсаңыз, көбі бұл жерде дінді саясатқа айналдырып жатыр. Саясатқа айналдырғаннан кейін жастарға да осында түсінік қалыптастырып жатыр.
Пәкістанның Халықаралық Ислам университетінің экс-президенті, доктор Махмуд Ахмад Гази әлем діндері жетекшілерінің екінші съезінде дін өкілдерінің басын қосып, бейбітшілік жолында игі бастама жасап отырғаны үшін Қазақстан басшысын Нобель сыйлығына ұсыну керек деген ойын білдірді.
Астанада екінші рет өткізілген съезд жұмысына қатысқан Түркия азаматы, «Қазақстан – Заман» газетінің бас директоры Ахмет Аляз «Азаттық» радиосына төмендегідей ойымен бөлісті:
– Осындай съезге келіп бір-бірлерін түртіп отырса, диалог болмайды. Егер сіз қайта-қайта жыланның құйрығынан басып отырсаңыз, жылан бірде болмаса бірде шағады. Диалог екі жақты болуы керек. Екіншіден, қазір діндер арасындағы қақтығыс дейміз ғой, соларды болдырмаудың амалы ретінда съезд өткізіліп жатыр. Ал меніңше, діндер арасындағы қақтығысты тудырып отырған дін адамдары емес, сол дінді саясатқа айналдырып отырған, араластырып отырған саясаткерлер және дін адамдары, ал олардың ешқайсысы мұнда емес.
Әлем және дәстүрлі дін басыларының үшінші съезі 2009 жылы Астана қаласында өтетін болды. Негізінен Үндістанның Шабаб-е-Ислам мұсылман ұйымының президенті Салман Ал-Хусайни келесі съезді Иерусалим қаласында өткізу жөнінде ұсыныс тастаған еді. Бірақ бұл ұсыныс ескерілмеді.