Мемлекеттің тағдырына әсері бар алдыңғы сайлаулар кезінде республиканың біраз азаматтары өзінің конституциялық құқын дұрыс пайдалана алмай қалды. Мұның өзі алдымен азаматтық қоғамды дамыту қажеттігін көрсетті, дейді «Азаматтық қоғам» қоғамдық қорының қамқоршылар кеңесінің мүшесі Мұрат Әуезов:
- Демек, мемлекеттің даму жолдары дұрыс болуы үшін жалпы ортаның сана сезімін көтеру үшін ағартушылық жұмыстармен айналысу керек. Сол пікір «Азаматтық қоғам» қорын құрған бәрімізге ортақ болды. Қордың өзі құрылды. Оның төрағасы болып Ғалымжан Жақиянов бір ауыздан сайланды. Бұл қордың тарих алдындағы жауапкершілігі зор. Мақсаты – демократиялық жүйе мен азаматтық қоғам қалыптастыру.
Мұрат Әуезовтің айтуынша, қыркүйектің 13-і күні алғашқы отырысын өткізген «Азаматтық қоғам» қоғамдық қоры бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейді:
- Мысалы, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарына көмектесу. Себебі, олардың саны бізде көп емес. Сонымен бірге жекелеген азаматтық жобаларды жүзеге асыруды ойлап отырмыз.
«Азаматтық қоғам» қорының қызметкері Виктор Ковтуновскийдің айтуынша, бұл үкіметтік емес ұйым биылғы жылдың маусым айында тіркеуден өткен. Осы уақыт аралағында нақты бірнеше жобаға қолдау көрсетіп үлгеріпті.
- Қор азаматтық қоғамды қалыптастыруға бағытталған жобаларға қолдау көрсетуді көздеп отыр. Қазір, мысалы, Алматы монополияға қарсы комитеттің қызметіне, жастардың «Реформа» пікірталас клубына қолдау көрсетіп отырмыз. Біз кеңес беруден бастап, қаржыландыру мәселесіне де көмектесеміз, - дейді «Азаматтық қоғам» қорының қызметкері Виктор Ковтуновский.
Ал саясаттанушы Досым Сәтпаев Қазақстанда пайда болған кезекті қоғамдық қордың қызметін оның басшысы оппозциялық қайраткер Ғалымжан Жақияновтың саяси қызметімен тікелей байланыстырады.
- Бұл қор ең алдымен Ғалымжан Жақияновтың қандай да бір ел алдындағы жариялы қызметі үшін құрылуда. Себебі, оның бостандыққа шыққанына біршама уақыт өтті. Сондықтан, көпшілікті оның әрі қарайғы саяси қызметінің бет алысы қызықтырары сөзсіз. Ал бұл қордың құрылуы соған жауап. Ғалымжан Жақиянов елдің саяси қызметіне оралуға шешім қабылдаған. Дегенмен, бұл қор оған уақытша алаң. Оның әрі қарайғы дамуы елдегі саяси жағдайға байланысты болмақ, - дейді саясаттанушы Досым Сәтпаев.
Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысының бұрынғы жетекшілерінің бірі Ғалымжан Жақиянов 2002-ші жылы лауазымын асыра пайдаланды деген айыппен 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Бірақ оны бірқатар халықаралық ұйымдар саяси тұтқын деп жариялаған. Жақиянов белгіленген мерзімінің жартысын өтегендіктен, сот шешімімен биылғы жылдың қаңтар айында шартты түрде бостандыққа шығарылды. Содан бері ешқандай оппозияциялық ұйымның қызметіне белсенді түрде араласқан емес, ешқандай саяси партияға мүше емес.