Accessibility links

Таулы-Қарабах мәселесін реттеу мүмкіндігі осы жылы бола ма?


Армения сыртқы істер министрі Вартан Осканян Азаттық радиосына берген сұхбатында, Таулы-Қарабах мәселесін реттеу бойынша келіссөздерге қатысушы халықаралық арағайын елдер бейбіт келісімге қол жеткізу мүмкіндігі осы жылы болады деп сенеді деген. Бұл жөнінде Вартан Осканян Таулы Қарабах келіссөздеріне арағайындық жасаушы ЕҚЫҰ Минск тобына төрағалық етуші Ресей, Франция және Құрама Штаттар өкілдерінің қатысуымен Парижде өткен келіссөздерден кейін Азаттық тілшісіне телефон арқылы хабарлаған.

Армения сыртқы істер министрі Вартан Осканян қыркүйектің 12-сінде Парижде ЕҚЫҰ Минск тобы елдерінің қатысуымен өткен келіссөздерді өте жақсы әрі нәтижелі деп айтқан.

Алайда, ол Азаттық радиосына берген сұхбатында кездесу жайлы аздаған ғана мәліметтер беріп, олардың осы жаздағы бастапқы прогрестерден кейін шайқалып қалған, Таулы-Қарабах бейбіт процесіне қайта дем беру жолдарын қарастырғандарын айтқан.

“Олар осы жыл аяқталғанға дейін немесе ең кеш дегенде алдағы жылдың басында болатын біздің парламенттік сайлауларға дейін әлі де қосымша прогрес жасау мүмкіндігі бар деп ойлап отыр”-дейді Армения сыртқы істер министрі.

Оның сөзіне қарағанда, арағайындық елдер осы айдың аяғында Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Армения мен Әзірбайжан сыртқы істер министрлері арасында кездесу жасауға тырысып жатыр.

ЕҚЫҰ Минск тобына төрағалық етуші елдермен қатар АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Мэтью Брайза сәрсенбі күні Лондонда дәл осындай келіссөздерді Әзірбайжан сыртқы істер министрі Эльмар Мамадияровпен өткізді. Армения сыртқы істер министрі Вартан Оксанянның айтуынша, олардың бұл мәселедегі күш-жігерінің нәтижесі екі елдің сыртқы істер министрлері кездесіп келіссөздер болып жатса, демек оның Әзірбайжан сыртқы істер министрімен кездесуінен кейін көрінетін болады.

Минск тобының соңғы дипломатиялық жиыны Қарабах бойынша Әзірбайжан мен Армения саммиті қарсаңында басталып отыр. Ол басқосу қарашаның 16-сында Белорус еліндегі ТМД елдерінің саммиті шеңберінде өтуі керек.

Армения президентінің өкілі Виктор Сагомонян жақында Азаттық радиосына берген сұхбатында, егер Армения мен Әзірбайжан елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуі болса да, екі елдің президенттерінің кездесу мүмкіндігін жоққа шығара алмайтынын айтқан.

Бұл тұрғыда сыртқы істер министрі Осканян:

“Тек министрлер кездесіп, келіссөздерді жалғастыру мүмкіндігі анықталып, келешек прогрес айқындалған соң ғана президенттердің кездесуі туралы айтуға болады”, - деген Осканян.

Армения президенті Роберт Кочарян өзінің Әзірбайжандық әріптесі Ильхам Алиевпен осы жылдың өзінде арағайындық елдердің алға шығаруымен екі мәрте кездесіп, бейбіт келісім құру жөніндегі әрекеттері нәтижесіз болған. Бұл ұсынылған келісімдер Қарабах қақтығысын ақырындап бейбіт реттеп, бұл даулы аймақтың мәртебесін референдумда шешуге шақырады.
XS
SM
MD
LG