Accessibility links

Түркменстан әкімшілігі энергия саудасына жақсы негіз қаламай отыр


Көгілдір отын мен мұнай бағасы шарықтаған сайын осы қуат көздеріне тәуелді елдер оны қажетсініп, тұтынатын жаңа орындарды іздестіре бастады. Бұл ретте ең бір үміттендіретін аймақ - Орталық Азия болуы ықтимал. Бірақ та мұндай табиғи байлыққа тапшы елдер газ бен мұнай алатын жаңа көздер қарастырып жатқанда, кейбіреулер Орта Азиядағы Түркменстан сияқты қуат көздеріне бай елдер үкіметтерінің бедел-бедеріне алаңдаулы.

Түркіменстан әлемдегі газ қоры жағынан ең бай елдің бірі болса, мұнда мұнай молшылығы да өзгеше. Көптеген қабілетті әріптестер осы табиғи отындарды Түркменстаннан сатып алуға қызығушылық танытады. Демек, кейбіреулердің бұл мақсатқа кедергі болатындай не бар деуі де заңды.

Ең алдымен қуат көздерін сыртқа тасымалдау бағыты проблема болып қалып отыр. Дегенмен де, Түркменстаннан қандай да бір нәрсе сатып алған көптеген сыншылардың пікірінше, белгіленген нақты бағаның сыртында одан да жоғары басқаша бір баға болады дейді.

Көптеген адам хұқтары топтары авторитарлық Түркмен президенті әкімшілігінің адам хұқтарын аяққа таптаған талай оқиғасының егжей-тегжейін анықтау үшін көптеген уақыттарын өткізуде. Венада орын тепкен Адам хұқтары жөніндегі халықаралық Хельсинки тобының атқарушы директоры Аарон Родес бұл тұрғыда былай дейді:

- Мұнда баспасөз бостандығы деген атымен жоқ. Мұнда азаматтық қоғам, да жоқ. Мұнда бірқатар тәуелсіз топтар бар, бірақ олар тек зиянсыз деген саяси тақырыптармен айналысады. Сіз сондай-ақ тәуелсіз халықаралық адам хұқтары ұйымына ұқсайтын бірде-бір топты Түркменстаннан таба алмайсыз. Мұнда соттар тәуелді, олар атқарушы билікке бағынышты. Мұнда еркін басылымдар жоқ, еркін ой айтып, тәуелсіз ақпарат ала алмайсыз. Мұнда қылмысты деп ұсталғандардың айыбын мойындату үшін азаптау мен қинау әдістері қолданылады.

Президент Сапармұрат Ниязов Түркменстанды Советтік республика болған кезден бастап, 20 жылдай уақыттан бері бір өзі билеп келеді. Түркменстан 1991 жылы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері бұл елде жеке басқа табынушылық - культ кең етек алды.

Түрікменстан жобасы ашық қоғам институтының директоры Ерик Дэйлидің сөзіне қарағанда, Түркмен үкіметі өзгеше ойлайтындарға еш төзбейді.

- Адамдар соққыға жығылады, үй тұтқынына алынады, жауапқа тартылады, қуғындалады, түрлі азаптауға душар болады міне бұл тізім жалғаса береді. Елде жарық көретін барлық мерзімді басылым бақылауға алынған. Соның нәтижесінде жаңалық хабарлардың бәрі де тек президент туралы және елдегі керемет табыстар жайында болып келеді. Ел ішіне тек бірді-екілі ғана сырттағы БАҚ-тардан ақпараттар жете алады.

Талдаушы Дэйли Түркмен үкіметінің қалауы да нақ осы дейді:

- Әлем болса, Түркменстанда күнделікті болып жатқан жағдайлар турасында әбден қидаланып, електен өткізілген ақпараттар алады. Түркмен мұнайы мен газынан миллиардтаған доллар табыс түсіп жатқанына қарамастан, түрікмен елінің шекесі шылқып, байлыққа батып отырғаны шамалы.

Талдаушы Родес Түркменстанда балалар хұқының да сақталмай отырғанына назар аударады.

- Түркменстандағы тағы бір өте күрделі жағдай ол балалар хұқы мәселесі мен балалар еңбегінің мақта алқаптарында қаналуы, - деген Робес, Түркмен үкіметі саясатының құрбаны болып отырған тек жастар ғана емес, ересектер де аз кездеспейді дейді.

Түркменстанда тұрғындардың денсаулық жағдайына қызмет көрсету мәселесі де көңіл көншітпейді, бұл елге сырттан, тіпті, Тәуелсіз мемлекеттер достастығына кіретін елдерден де дәрі-дәрмек сатып алуға кеңес берілмейді.

Түркменстанның репрессивтік билігін әлсірету үшін бұл үкіметпен іскерлік байланыстардан бас тарту қажет дейді кейбір сыншылар, бірақ бұндай қадам қаншалықты ықпал ете алады - ол жағы белгісіз.

Десек те, халықаралық пікірлерге құлақ аспайтын мемлекетке қандай да бір ықпал, әсер ету соншалықты қиын да болуы мүмкін. АҚШ Конгресіндегі республикандық сенатор Сэм Бронубак Түркменстан үкіметіндегі түрлі жүгенсіздіктерді ауыздықтауға тырысқан халықаралық қауымдастықтың өте сақ болғаны жөн дегенді айтады.
XS
SM
MD
LG