Ислам қайта дәуірлеу партиясы сайлауға қатысу керек пе, жоқ па деген мәселені біршама уақыт шеше алмады. Тамыз айында партия төрағасы Саид Абдұлло Нури ұзақ ауыр науқастан қайтыс болды, бұдан соң партия ішінде сайлау жөнінде өткір пікірталас жүрді. Ислам қайта дәуірлеу партиясында шамамен 23 мың адам бар. Орталық Азияда бұл жалғыз ислам партиясы. Тәжікстан ислам партиясы 1999 жылы президенттік сайлауға қатысқан, партия кандидаты Давлан Осмон президент Эмомали Рахмоновқа бәсеке құрған жалғыз кандидат болды.
Алайда осы жолы ислам партиясы сайлаудан бойын аулақ ұстауды жөн көрді. Партияның жаңа басшысы Мұхиддин Кабири бұған себеп көп, оның бірі – ислам саяси ұйымдарына халықаралық қауымдастық сенімсіздік танытады, Тәжікстанда ислам қозғалыстары тым белсенді екен деген сөз оятқымыз келмейді дейді. Ислам қайта дәуірлеу партиясы сайлауға қатыспайтындарын дүйсенбі күні жариялады.
Ал олардан бір күн бұрын, жексенбі күні сайлауға кандидат шығармайтындарын Тәжікстан Демократиялық партиясы және Социал-Демократиялық партия жариялады. Демократиялық партия төрағасының міндетін атқарушы Жұмабой Ниязов "Азаттық" радиосына берген сұхбатында былай дейді:
- Үкімет орындары сайлауға көп қол сұғады, бұл әсіресе ел аймақтарында кең өріс алған. Сондықтан еркін және ашық сайлау мүмкіншілігі өте аз. Сондықтан партиямыздың жиыны сайлауға бойкот жариялауды ұйғарды.
Тәжікстан Демократиялық партиясы сайлау науқанына жетпей тұрып қатты соққы алды. Партия басшысы Махмадрузи Исқандаров былтыр қазан айында 23 жыл түрмеге кесілді, оған терроризм айыбы, бандитизм айыбы және мемлекеттік мүлікке қол салу айыбы тағылды. Партия қудалаудың саяси астары бар дейді. Алдағы сайлау бұрмаланады деп Социал-Демократиялық партия да айтады. Партия төрағасы Рахматулло Зойыров президент Рахмоновқа сайлауға қайта түсуге жол ашқан 2003 жылғы референдум да заңсыз дейді:
- Науқан барысы конституция мен заңға тұтас қайшы келетіндіктен алдағы сайлаудың қортындыларын заңсыз және әділетке қайшы деп қабылдаймыз. Сайлау болашақта қайта өту керек деп талап қыламыз.
Сонымен, Тәжікстанның сегіз партиясының үшеуі президенттік сайлауға қатыспаймыз дейді. Президент Рахмонов сайлауға Халық Демократиялық партиясының атынан қайта түсіп отыр. Ол 23 қыркүйекте ұсынылды. Эмомали Рахмоновқа бес кандидат бәсеке құрмақ. Президентшіл Коммунистік партиядан Исмойыл Талбақов ұсынылды, Социалистік партияның екі фракциясынан Абдухалим Гаффоров және Мирхусейн Назриевтер ұсынылды. Экономикалық реформалар партиясынан Олим Бобоев ұсынылды, Аграрлық партиядан Әмірқұл Қарақұлов ұсынылды. Бұлардың үшеуі көпшілікке мәлім емес, қажет 160 мың қолды жинай алмай, додан шығып кетулері мүмкін делінеді. Сол сияқты бұлардың кейбіреулері жай ғана кандидаттардың санын көбейту үшін шығарылған, сайлау жеңісі тағы да Эмомали Рахмоновқа бұйрылады делінеді. Эмомали Рахмонов Тәжікстан басында 1992 жылдан бері отыр.