Ресей сыртқы істер министрлігі Грузия басшылығы елімізге қарсы саясат жүргізеді, оқиға осыны тағы айқындап отыр дейді. Министр Сергей Лавров кеше Қиыр Шығыс сапарында жүргенде журналистерге сұхбат беріп, офицерлер жөнсіз ұсталды деді:
- Мұны Ресейге қарсы жасалып жатқан саясаттың тағы бір көрінісі деп қана қабылдауға болады. Азаматтарымыз тезарада Ресейге қайтарылсын деп талап қылдық. Олардың босатылуына қолымызда бар барлық мүмкіншілікті саламыз.
Министр Сергей Лавров Грузия НАТО одағымен жақындасып жатыр деп сын айтты, оқиғаға Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі араласса жөн деді. Ресей қорғаныс министрі Сергей Иванов та Грузия басшылығы белден басып отыр, Ресей әскери базаларын шығару келісімдері Грузия тарапынан өрескел бұзылып жатыр деп сын айтты. Ресей Грузияда совет заманынан бері екі әскери база ұстап отыр. Ресей қорғаныс министрі Сергей Иванов Грузиядағы әскеріміз бітім қызметін атқарады, Грузия осы қызметке кедергі жасап отыр дейді. Сергей Иванов істеген істеріне сай Грузияға жауап береміз, ол қандай жауап екенін жұрт жақында білетін болады деп ескертті.
Грузия үкіметі болса бұл төрт орыс офицері тыңшылық жасап жүрді дейді. Грузия ішкі істер министрі Вано Мерабишвили Ресей барлау қызметінің төрт офицерін ұстадық, бұлардың сыртында Тбилиси және Батуми қалаларында оннан астам азаматты ұстадық деп жариялады сәрсенбі күні:
- Оларды негізінен Грузияның қорғаныс жүйесі қызықтырған, НАТО-ға қосылу және болашақтағы басқа жоспарлар, Грузияның энергетика қауіпсіздігі, оппозициялық партиялар мен бейүкіметтік ұйымдар, қорғаныс министрлігінің нақты жасақтары, қызметкерлері қызықтырған. Олар, сол сияқты, қару-жарақ, әскери жабдықтарды қамтамасыз ету, теңіз порттарын, теміржол қатынастарын, көлік мүмкіншіліктерін, дау аймақтарында орналасқан әскери жасақтар туралы білмек болған.
Ресей сыртқы істер министрлігі Грузия елшісі Ираклий Чубинишвилиді шақырып алып, төрт офицерін дереу босатуды талап етті. Мұны Грузия елшісінің өзі мәлім қылды. Грузиядағы Ресей елшілігі орыс визаларын беруді тоқтатты деген мәлімет түсті. Ресей үкіметі Грузиядағы жағдай Сталин зұлматындағы жағдайды еске түсіреді деп сипаттайды.