Шешенстанның премьер министрі Рамзан Қадыров 30 жасқа толу арқылы өзінің мәскеушіл Шешенстан президенті болу мүмкіндігіне жетіп отыр. Өз тарапынан, қазіргі премьер министр Қадыров қарапайымдылық танытып өзінің президент болуға әлі дайын емес екенін айтқан.
Дегенмен ол, аса қажеттілік болса, халық қалауымен өзінің бұл ұсынысты қарап көретінін де жоққа шығармаған.
1990 жылдардың ортасында Мәскеу құрған бұрынғы Шешенстан үкіметінің өкілі Руслан Мартагов қазір Мәскеудегі террорға қарсы қордың басшысы. Оның пікірінше, Рамзан Қадыров 2004 жылдың мамыр айында террорлық шабуылда өлтірілген әкесі Ахмад Қадыровтан кейінгі президенттік орынға ұзақ уақыт көз тігіп келген:
“Рамзан Кадыровтың саяси амбициясының кеңдігін өлшеу өте қиын. Оның шегі жоқ десе болады. Бірақ оның негізгі мақсаты Шешенстанның президенті болу, және ол бұл мақсатына жетуге тырысады. Егер Ресей президенті өзінің оған қатысты ықыласын көрсетуді жалғастыра берсе, ол мақсатына жақында жетеді. Әзірге дейін Путиннің ол тілектестігі өзгерген жоқ. Менің ойымша, алғашқы қоңыраулар шалынып та үлгерді”.
Негізінде, Қадыров Мәскеу үшін оңай саяси әріптес емес. Оның “Кадыровцы” деп аталатын жеке 10 мың армиясы бар, өзі сол қарулы күштердің басшысы. Олар республикада бақылауды ұстап отыру үшін адам ұрлау, азаптап-қинау және тағы басқа қатыгездік әрекеттермен айналысады.
Алайда, дәл қазіргі уақытта Қадыров осыған дейінгі сепаратистік көтерушілерге қарсы федералды күштердің соңғы екі соғысынан талқандалған елдегі өмір сүру деңгейін жақсарту арқылы үлкен сенімге ие болған. Үлкен жолдар мен электр желілері жөнделіп, жаңадан дүкендер мен кафелер ел астанасы Грозныйда ғана емес Аргун және Гудермес қалаларында да ашылған.
Шешенстандағы жағдайды қалпына келтіру арқылы Қадыров, Солтүстік Кавказ республикаларындағы дағдарысты реттеймін деген уәдемен билікке келген Путин үшін саяси жарнама жасады. Ресей президенті Путин оның есесіне Қадыровқа сыйақы ретінде ол 30 жасқа толғаннан кейін президенттікке тезірек қол жеткізуге көмектеседі деп айтылған. Шешенстан парламенті ресми мерзімі 2008 жылы аяқталатын қазіргі президенті Алу Алхановтың орнына тезірек басқа адам келетіндей, Конституцияға өзгерістер енгізу жолдарын қарастырып жатыр. Дегенмен, ондай қадамның Кремлдің мақұлдауынсыз жүзеге асуы екіталай.
Бұл тұрғыда сарапшылар, соңғы кезде Қадыровтың белсенді саяси бағыты Ресейлік саяси элитаны оның ішінде президент Путиннің өзін де алаңдата бастаған.
Шешенстандық сарапшы Алексей Малашенко, Путиннің бірінші рет Қадыровты әкесі өлтірілген соң бірер сағаттан соң Мәскеуге шақырған кезден бері біраз нәрсе өзгергенін айтады.
“Путин оған баласы сияқты қарамаған шығар, бірақ жас, сәтсіздікке ұшыраған адам ретінде қарады. Путин оның әкесіне сыйласымдықпен қараған, және оған деген көңіл жақындығы баласына ауып кетті. Бірақ, Рамзан Қадыровтың амбициясы өскен сайын Путин, оның өз билігі өзінде, тәуелсіз тіпті бір мағынада қауіпті тұлғаға айналғанын түсінді.”
Қадыров жақында Ресейдің солтүстік қаласы Кондопогадағы этникалық қақтығысты реттей алмады деп ресейлік ресмилерді сынап, қажет болған жағдайда өзінің қоғамдық тәртіпті орнатуына сөз беріп, Кремльдің ашуына тиген.
Рамзан Қадыров сондай-ақ, Ресей президенті Путиннің өзін айналып өтіп, басқа министрлер мен шенеуніктерін Шешенстанның 450 млн доллар жылдық мұнай табысынан ұрламақ болған әрекетін айыптаған.
Ол сонымен қатар, Мәскеуді Грузияның жікшіл аймағы Оңтүстік Осетиядағы сепаратистерге қаржылай көмек беру арқылы ашуландырған. Сөйтіп, оның соңғы кездегі әрекеті
Ресей Думасында бір депутаттың Қадыровты премьер министрліктен алып тастау мәселесін көтеруіне әкелді.
Десе де, қадыровтың өзі Ресей президенті Владимир Путинді “Ресейді сақтай алатын жалғыз тұлға” деп мадақтауын жалғастырып келеді.