Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының қазанның 9-күні өткен отырысында саяси партиялардың қызметін көтеру туралы мәселе талқыланғандығы «Егемен Қазақстан» газетінде былай баяндалыпты: «Бұл жөнінде Азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Дариға Назарбаева баяндама жасап, жұмысшы тобының ұсыныстарымен таныстырды. Жұмысшы тобы Парламент Мәжілісінің депутаттарының санын екі есеге көбейтіп, оның жартысын саяси партиялардан сайланатын депутаттар құрауы керек деген ұсыныс айтып отыр. Дариға Назарбаеваның айтуынша, Үкіметті Парламенттегі көпшілік дауыспен жасақтаған тиімді» деп жазды «Егемен Қазақстан» газеті.
Мемлекеттік комиссия саяси партиялардың қызметін қалай көтерудің шемімін бұл отырыста таппағандығы «Жас Алаш» газетінде айтылыпты. «Дариға Назарбаева басқаратын жұмысшы топтың ұсынысы бойынша, саяси партияларды тіркеуге қажетті 50 мыңның орнына 25 мың қол жинау, сайлауда 7 пайыз емес, 5 пайыздан артық дауыс алған партияға парламенттен орын беру керек және саяси партияларды мемлекет қаржыландыруы тиіс. Бір таң қалаларлығы төрт сағат бойы саяси партиялардың парасаты жайында пікір таластырған мемлекеттік комиссия мүшелері: «саяси партиялардың рөлінің артуы үшін ең алдымен сайлау таза өтуі тиіс», - дегендей ұсыныс айтпады» деп жазды «Жас Алаш».
Ал «Айқын» газеті болса депутаттардың санын өсіру Парламенттің рөлін арттыра ма деген сұраққа жауап іздепті. «Жұмысшы тобы төменгі палата депутаттарының санын 134-ке жеткізіп, олардың тең жартысын партиялардың еншісіне бергенді жөн көріпті. Партияларды тіркеуге қойылатын талапты жеңілдету арқылы санын қазіргіден де көбейтіп алдық делік. Мұның, ең алдымен, ұсақ-түйек партиялардың қаптап кетуіне жол ашатыны даусыз» делінген мақалада. «Төменгі палатадағы партияларға берілетін орын да көбейгендіктен, олардың мүмкіндігі бұрынғыдай шектеулі болмайды. Сөйтіп, Парламент Украинаның мемлекет басшысымен айтысып жататын Радасына ұқсайды да шығады. Бұл бізге қаншалықты керек?» деген сауалды «Айқын» газеті талқыға тастапты.
Ал «Комсомольская правда: Казахстан» газеті болса мемлекеттік комиссияның отырысында саяси партияларды қаржыландыру мәселесі сөз болғандығына мән беріпті. «Дариға Назарбаева басқаратын жұмысшы тобы «партиялардың барлығын мемлекет қаржыландыру керек» деген ұсыныс жасаған. Комиссия мүшесі Олжас Сүлейменовтың пікірінше, бұл жерде Еуропа елдерінің тәжірибесін қолдануға болады». – Мәселен, Италияда барлық партияларды мемлекет қаржыландырады, депті Олжас Сүлейменов «Комсомольская правда: Казахстан» газетіне берген сұхбатында.
Сонымен бірге сейсенбілік басылымдарда Оңтүстік Қазақстан облысында жаппай ВИЧ инфекциясының таралу оқиғасына қатысты бірқатар мақалалар басылыпты. Мысалы, «Жас Алаш» газеті аталған облыстағы дәрігерлер қан сатуды кәсіпке айналдырғандығы туралы жазыпты. «Бұл қатерлі індеттің жаппай тарау себептерін тексеріп жатқан Бас прокуратураның алғашқы қорытындыларының бірі. Тексеру қорытындысына сенсек, дәрігерлер қанды 2000 теңгеден алып, 4125 теңдеген сатқан» деп жазды «Жас Алаш» газеті.
Оңтүстік Қазақстан облысында Вич инфекциясының таралуына кінәлі деп танылған 17 азаматқа қарсы 12 қылмыстық іс қозғалғаны «Айқын» газетінде баяндалыпты. «Арнайы тергеу тобының жетекшісі Төрехан Адайдың айтуынша, қызметтерінде үлкен қателіктер жіберіп, ВИЧ инфекциясының тарауына жол бергені үшін облыстық қан құю орталығының бастығына, облыстық денсаулық сақтау департаментінің бастығы мен оның орынбасарларына және тағы да басқа медицина саласының қызметкерлеріне қарсы қылмыстық іс қозғалған. Олардың ішінде қан өткізушілер мен қан алушылардың арасында делдал болып жүрген әйел де бар көрінеді». – Бұл тергеу жұмыстарының бірінші кезеңі ғана, жұмыс әлі созылады, – депті облыстық прокуратураның тергеу жөніндегі басқарма бастығы Қанат Артықбаев «Айқын» газетіне берген сұхбатында.
Бұл уақытта Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев аймақтағы жағдайды Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа баяндағандығы «Егемен Қазақстан» газетінде хабарланды. «Президент облыс әкіміне қасіретті оқиғаның құрбаны болған балаларды емдеуге жәрдемдесуді және барлық кінәлі адамдарды жазалауды, зардап шеккен балалар мен ата-наларға көмектесу үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануды тапсырған» деп жазды «Егемен Қазақстан» газеті.