Журналист Политковскаяның жерлеу рәсіміне қатысу үшін жүздеген адам Мәскеудегі Троекуровка зиратына жиналды. Адам хұқтары жөніндегі Ресей омбудсмені Владимир Лукин мемлекет өз журналистерін қауіп-қатерден сақтап қалуы үшін шара қолдануға тиіс деп мәлімдеді.
“Мен бұдан бұрын да билік орындарын журналистердің қорқынышты жағдайда екендігене назар аудартқан болатынмын. Журналистерді қорғау керек. Өкінішке орай, бұл жағдай жақсармай жатыр”, - деді Лукин.
Политковскаяның жерлеу рәсіміне жиналғандардың арасында шетел дипломаттары мен журналистер де болды. Алайда Ресейдің жоғары лауазымды ресми өкілдерінен Лукиннен басқа ешкім көрінбеді.
Ал халықаралық қауымдастық 48-жастағы Политковскаяның аяусыз өлтірілуін айыптауда. Бұл оқиғаға байланысты Британия премьер-министрі Тони Блэр мен Франция президенті Жак Ширактан бастап Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы Карел Де Гюхтқа дейін арнайы мәлімдемелер жасады. Әділеттік орнатылсын деген шақыруларға адам хұқтарын қорғаушы топтар мен халықаралық журналистер де қосылып отыр. Бірақ кей сарапшылар белгілі журналистің өлтірілуіне байланысты Ресей президенті Владамир Путиннің нақты жауап бермегендігіне орай олардың ашу-ызасы шығып отырғандықтарын айтады.
Төтенше жағдайлардағы журналистік орталығының директоры Олег Панфилов:
"Президент Путиннің ұстанымы мені өте қынжылтады. Ол Анна Политковскаяны жақтырмайтын оның жұмысы мен мақалаларын жек көретін халқтың тек бір бөлігінің ғана президенті екендігін көрсетуде. Осы жерде мен Франция президенті Жак Ширакты мысал ретінде айта кеткім келіп отыр. Ирақта француз журналисі кепілдікке алынысымен ақ, Жак Ширак өзінің демалысын тоқтатып, еліне оралды да осы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасаған болатын”, - деді.
Дүйсенбі күні адам хұқтары жөніндегі екі топ, яғни Халықаралық Хельсинки Федерациясы мен Хельсинки Мәскеу тобы Ресей президентін Политковскаяның өлтірілуін ашық түрде айыптауға шақырды. Осы шақырулардан кейін президент Владимир Путин АҚШ президенті Джордж Бушпен телефон арқылы әңгімелесіп, билік орындары журналист Политковскаяны өлтірген адамдарды табу үшін қолынан келгенше әрекет жасайды деді.
Ал Мәскеудегі Хельсинки тобы директоры Людмила Алексееваның пікірінше, Путиннің реакциясы тым кеш болған.
“Ел президенті осындай төтенше жағдай бола қалса, яғни белгілі журналистің өлтірілуіне байланысты өз пікірін тезарада білдіруі тиіс. Ресей азаматтары елде Анна Политковская сияқты адал журналистердің қауіпсіздігіне кепілдік беріле ме деген мәселеге байланысты президенттің пікірін білгісі келеді”, - деді Алексеева.
Ал саяси сарапшы Борис Кагарлицкий мынандай пікірін білдірді:
“Бұл Путиннің кез келген жағымсыз жаңалыққа деген әдеттегі реакциясы. Ол ылғи мәселе біраз шешілгенде ғана пайда болады. Бұл адамның психикасы ерекше десе болады: егер кез келген дағдарыс орын ала қалса, бұл кісі саяси параличке душар болып, жоғалып қалатын сияқты. Кейде тіпті ол қандай да бір мәселеге байланысты өз пікірін білдіріп, біраз жауапкершілікті өз мойнына алуы керек болса да, физикалық тұрғыдан ол олай жасай алмайды. Бұл жердегі проблема саясатқа байланысты емес, оның жеке басы проблемасына қатысты десе болады”.
Алайда басқа елдерде дағдарыс болып жатса, оларға байланысты Путин өз пікірін тезірек білдіретін тұғын. Мысалы 2001-ші жылы қыркүйектің 11-і күні лаңкесттік шабуылдар орын алысымен-ақ әлем елдері президенттері арасында бірінші болып Бушпен Путин хабарласқан болатын. Алайда өз елінде қандай да бір төтенше жағдайлар болып жатса Путин тез әрекет жасамайды, дейді сыншылар.
Соңғы хабарларға қарағанда, президент Путин Анна Политковскаяның өлімі өте өкінішті, жол беруге болмайтын қылмыс және оны жасағандар жазасыз қалмауы тиіс деп атап көрсетті. Бұл туралы ол Германия канцлері Ангела Меркельмен Дрездендегі кездесуінен кейін мәлімдеді.