Accessibility links

Солтүстік Кореяға қатаң шара қолдану қаулысы қабылданайын деп жатыр


Солтүстік Корея мен Америка Құрама Штаттары арасында ядролық мәселеге қатысты дау ұлғайып келеді, Солтүстік Корея АҚШ тарапынан шегініс болса ядролық сынақтардан бас тартамыз дейді. АҚШ болса БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі арқылы Солтүстік Кореяға қатаң шектеу қоймақ, бірақ АҚШ-тың ұсынысы қаншалықты іске асатыны анық емес.

Солтүстік Кореяның ұстанымы осы мемлекеттің екінші ресми басшысы Ким Йоң Намның сөзінде білініп отыр. Ол жапон делегациясын қабылдап, ядролық сынақтардың мәселесі Америка Құрама Штаттарының бізге қатысты саясатына тәуелді деді. АҚШ әкімшілігі болса Қауіпсіздік Кеңесі арқылы қатаң шараларды қарастырып жатыр. Вашингтон осы елдің ядролық бағдарламасына не болмаса зымыран жасау бағдарламасына үлес қоса алатын кез-келген нәрсеге тосқауыл қойдырғысы келеді. Яғни зымыран технологияларына, ноу-хау технологияларына, тиісті заттарға Солтүстік Кореяның қолын жеткізбеу көзделіп отыр.

АҚШ Қауіпіздік Кеңесіне кіргізген резолюция қарары 13 баптан тұрады. АҚШ сыртқы істер министрлігінің өкілі Шоун МакКормак егжей-тегжейлі мәліметті айтпаса да Солтүстік Кореяның қолы кейбір қаражат көздеріне жетпеуін де ойластырып жатырмыз дейді:

- Заңсыз әрекеттің кез-келгеніне тосқауыл қоюды ойластырып жатырмыз, жалған тауар өндіруге, ақша заңдастыруға, есірткі заттарының саудасына не осындай саудаға жәрдем берулеріне де тосқауыл қою шараларын қарастырып жатырмыз.

Қауіпсіздік Кеңесіне кіргізілген жоба БҰҰ жарғысының жетінші бабымен кіргізіліп жатыр. Яки қарар қабалданып, тиісті шаралар қарастырылса күшпен еңгізілуі мүмкін, әскер күшімен еңгізілуі мүмкін. Қытай мен Ресей АҚШ-тың ұсынысын қаншалықты қолдайтыны әзірше анық емес. Қытай – Солтүстік Корея ең көп сауда жасайтын ел. Ресей де Солтүстік Кореямен сауда жүргізеді, және Пхеньянды баяғыдан саяси тұрғыда қолдайды.

Дегенмен, Қытайдың Біріккен Ұлттар Ұйымындағы елшісі Уаң Гуанджуа Солтүстік Кореяға тиісті шара қолдануды ойластырып отырмыз деді. Ресей сыртқы істер министрлігінің сөздерін дәл келтірейін, Ресей "қызуғышылық танытқан тараптардың осы жағдайда бейбіт, дипломатиялық шешім табу әрекеттеріне қосылуға дайынбыз" деді. Қытай мен Ресей, қысқаша айтқанда, Солтүстік Кореяның қарусызданғанын қалаймыз, бірақ мәселе дипломатиялық жолмен шешілсін, әйтпесе аймақ тұрақтылығы бұзылады деп қорқамыз дейді.

Солтүстік Кореяға қатысты резолюция жайында шешім қашан қабылдануы мүмкін екенін айту қиын. Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты мүшесі жобаның түпкілікті нұсқасын бүгін мақұлдайтын шығар деп күтіліп отыр, - дейді Британияның осы ұйымдағы елшісі Эмир Джоунс-Перри:

- Сарапшылар табысты мәжіліс өткізді, олар Қауіпсіздік Кеңесінің 15 мүшесімен мәтіннің көптеген жерін анықтап алды. Көп қиындық туғызып тұрған бір қатар мәселе бар. Мәселенің қиын тұстарын Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты мүшесімен және Жапониямен талқылап жатырмыз.

Міне, Қауіпсіздік Кеңесі Солтүстік Кореяға қатаң шара қолдануды бұйыратын қарардың жобасын бүгін тағы кеңінен талқыламақ.
XS
SM
MD
LG