Accessibility links

Баспасөзге шолу. 10.11.2006 жыл


Сәрсенбілік баспасөз ВИЧ инфекциясы Оңтүстік Қазақстан облысында қан ауыстырған ересек адамдарға да тарауы мүмкін екендігі туралы жазыпты. Сонымен бірге басылымдар қазақ-өзбек шекарасындағы тұрғындардың көшуден бас тартып жатқандығына мән беріпті.

Қазақстанның оңтүстік аймағында эпидемияға айналған СПИД кеселі қан құйдырған ересектерге де жұққан болуы мүмкін екендігі «Айқын» газетінің мақаласында айтылыпты. «Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеевтің айтуынша, ВИЧ инфекциясының таралу жолын анықтау жұмыстары екі нұсқаға тіреліп тұр: біріншісі – қан құюдан, екіншісі – санитарлық талаптардың сақталмауынан. Екі себеп те үлкен мен кішіні, бала мен ересек адамды таңдап-талғамайды. Демек, әкімнің үлкендердің арасынан да дәрігерлердің қолынан «ғасыр індетін» жұқтырғандар шығып қалуы мүмкін деген қаупі орынсыз емес» делінген мақалада. «Денсаулық сақтау министрі Анатолий Дернавойдың айтуынша, Оңтүстік Қазақстандағы 10 мыңға жуық бала, 18 мыңдай аяғы ауыр аналар, 4 мың шамасындағы медицина қызметкерлері – бәрі де тексеруден өткізілген» деп жазды «Айқын» газеті.

Қазіргі таңда Оңтүстік қазақстан облысында қатерлі кеселді жұқтырғандар саны 86 екендігі «Литер» газетінде жазылыпты. «Бұл мәлімет қазанның 10-күні Астанада Үкіметтің кезекті жиынында келтірілген. Бұл кеңесте Үкімет басшысы Даниял Ахметов ВИЧ инфекциясын жұқтырған балалар мен олардың ата-аналар қоғамнан жырақта қалып қоймауы тиіс екендігін жеткізді. Ал Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, кеселге шалдыққан балаларға ай сайын 8 жарым мың теңге көлемінде 16 жасқа толғанға дейін жәрдемақы төленіп тұрады. Облыс орталығында балалар ауруханасы, қан құю орталығы салынатын болады» делінген «Литер» газетіндегі мақалада.

«Егемен Қазақстан» газеті болса жалпы республика бойынша 6943 адам ВИЧ инфекциясына шалдыққандығын келтіріпті. «Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақ¬станда облыстан сыртқары жақ¬тарға көшіп кеткендер де іздес¬тірілуде. Сондай баланың бірі Семей қаласынан табылған. Қазіргі таңда басқа жерлерге қоныс ау¬дар¬ған 23 бала тексеруден өткізіл¬ген. Сонымен қатар ересектерге де тексеру жүргізілетін болады. Сондай-ақ, жергілікті дәрігерлердің бұл ауруды емдеуге біліктіліктерінің жетпеуі салда¬ры¬нан сырттан, шетелдерден дәрі¬гер¬лер шақыру қажеттілігі де өткір туындап тұр. Ал осындай жағдайға жол бер¬ген адамдарға қатысты 11 қыл¬мыс¬тық іс қозғалған. Ол санның бола¬шақта көбейе түсуі де мүмкін. Өйт¬кені, кейбір медицина қызметкер¬лерінің қан сатуды кәсіп қылғаны да анықталып отыр» деп жазды «Егемен Қазақстан» газеті.

Үкіметтің дүйсенбі күнгі жиынында Шахтинскдегі қайғылы оқиға тақырыбы да талқыға түскендігі «Литер» газетінде баяндалыпты. «41 адамның өмірін қиып кеткен шахтадағы өрт жұмысшылардың салақтығынан шыққан деген қорытындыны Үкімет кеңесінде Төтенше жағдайлар жөніндегі министр Шалбай Құлмақанов айтқан. Өз кезегінде Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулин қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің отбасыларына тиісті көмек көрсетілгендігін айтып өтті» деп жазды «Литер» газеті.

Бұл уақытта Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданына қарасты шекара аймағында қырық бес шақты отбасы жергілікті әкімшілік бөлген қаржының сомасына келіспей, басқа ауылға көшуден бас тартып отырғандығы «Айқын» газетінде айтылыпты. «Шекараға жақын аумаққа орналасқан тұрғындарды басқа жерге көшіру мақсатында 121 миллион теңге бөлінген. Алайда көшуден бас тартқандар өздеріне бөлінген өтемақыны азсынып, наразылық білдіруде. Жергілікті тұрғындардың мұндай наразылығын түсінуге де болар. Себебі мұндағы бір отбасына үйінің, қора-жайының өтемақысы үшін небәрі 470-480 мың теңге беріліпті. Ал егер қазіргі күні жер учаскесі құнының, сондай-ақ тұрғын үй бағасының күннен-күнге шарықтап бара жатқанын ескерсек, ол ақшаға ойлағандай үй сатып алу неғайбыл» делінген «Айқын» газетінің мақаласында.
XS
SM
MD
LG