7 қазан күні өз үйінің ғимаратында кісі қолынан қаза тапқан журналист Анна Политковскаяны жерлеу рәсіміне онымен қоштасып, соңғы сапарға шығарып салу үшін Мәскеудегі Троекуров зиратының басына мыңнан астам адам жиналды. Политковскаяның көптеген мақалаларында талай рет қатал сынға ұшыраған Ресей президенті В.Путин бұл арадан көрінген жоқ.
Ресей президенті журналистің қастандықпен өлтірілуін айыптады, ол Дрезденде Германия канцлері Ангела Меркелмен бірге өткізген баспасөз-мәслихатында мұны жантүршіктірерлік қатал қылмыс деп атады. Бірақ, оның елдің саяси өміріне ықпалы соншалықты зор болған жоқ деп атап көрсеткен:
- Иә, бұл журналист Ресейдің қазіргі билігін қатты сынап жүргендердің бірі болатын. Бірақ журналистер білуге тиіс, қалай дегенде де сарапшылар біледі: Политковскаяның елдің саяси өміріне аса ықпалы болған жоқ. Ол журналистік ортада, хұқық қорғаушылардың ортасында, Батыста өте танымал болған еді.
Журналисті соңғы сапарға шығарып салу рәсімінде адам хұқтарын қорғаушы Людмила Алексеева Политковская Шешенстанда қатты құрметке ие болатын, ол Ресей солдаттарының қарапайым шешен азаматтарына жасаған азаптау, қорлау істеріне қарсы шыққан еді деген сөздер айтты:
- Барлық жерде ол ең алдымен Шешенстан дейтін, Шешенстанда Политковскаяны білмейтін, оны қадірлемейтін адам жоқ еді, олар оны кез-келген жерде суретке түсіріп, үйлеріне іліп қоятын.
Ал енді шешендер оның қастандық құрбаны болғанына қалай қарауда екен?
«Азаттық» радиосының Солтүстік Кавказ редакциясы бірқатар шешен азаматынан Политковская туралы, оның соғыс қиратқан республикадағы журналистік ізденіс жұмыстары жайында сұраған еді.
Серженюрт ауылының тұрғыны Амина адамдар қатты қайғыруда дейді:
- Ауылдағы мен сөйлескен адамдардың бәрі, тіпті журнализм мен қазіргі жағдай онша қызықтырмайтын жандардың да көңілдері түсіп кеткен. Ол Шешенстанда болған күйзелісті жайттар турасында шындықты айтқан жалғыз адам еді. Жұрт өте қатты қайғыруда. Әдетте, бұл елдің билігі шындықты айтқан адамдарды жаратпайды. Мен өзімінің қандай қайғыда екенімді сіздерге айта алмаймын. Менде оның "Новая газетада" шыққан барлық мақалалары бар еді, мен егер бір жағдайға түсіп қалсам, көмек сұраймын деп, оның телефондарын, адресін жазып алған едім. Ол менің ең соңғы үмітім еді, біз қайғыдамыз.
Шешенстаннан тыс жерлерде тұрып жатқан шешен азаматтары да Политковскаяның өліміне аз қайғырып отырған жоқ. Олар Анна Политковская өте батыл журналист еді және шешендер әділеттілік жолында оған көп үміт артқан болатын дейді.
Францияда мекендейтін Апти деген шешен азаматы Политковскаяның өлімі өзін қатты тебіренткенін айтқан.
Сондай-ақ Голландиядағы шешен қауымдастығы да Политковскаяның өліміне қайғырып, өз тағдырлары үшін алаңдайтын бір адамды жоғалтқандарын айтады. Түркияда тұратын шешен әйелі Лайлі де Анна Политковскаямен таныс болмаса да, оның өліміне, жақын адамының қазасындай қайғырып отырғанын айтқан.